Жұмысты қорғау және көрме ұйымдастыру. Көркем еңбек (қыздар), 7 сынып, қосымша материал.


Көрмені ұйымдастыру

Көрме – белгілі бір қоғамның не жеке адамның материалдық және рухани жетістіктерін көпшілікке көрсету.

Көрменің бірнеше түрі бар.

  • Алдына қойған мақсатына қарай – сауда, ғылыми-техникалық, өндіріс, құрылыс көрмелері, т.б.
  • Өткізілу мерзіміне қарай – кезекті (жыл сайын, жыларалық, екі жылда т.б.) немесе кезексіз (мереке, конгресс, съезд т.б. байланысты көрмелер), тұрақты (мысалы, халық шаруашылық жетістіктер көрмесі).

Көрмелерге қойылатын заттар түріне қарай экономика, ғылым, техника және мәдениеттің барлық салаларын қамтитын көрмелер де болады. Көрмелер қатысушылар құрамына қарай дүниежүзілік, халықаралық, аймақтық көрме ретінде ұйымдастырылады.

  Көрмесі - белгілі бір мақсатта арнайы іріктеліп, жүйеленіп көрерменнің танысуы үшін ұсынылатын әдебиеттер жиынтығы. Көрме көпшілік іс-шаралардың көрнекілік насихаттау түріне жатады. Көрмені ұйымдастыру барысында көрнекілік принциптері негізге алына отырып, кітапханалық, библиографиялық, фактографиялық жұмыстар бір мезетте бірдей атқарылады. Біріншіден, белгілі бір мәселеге назар аударылады. Екіншіден, қор ашылады. Үшіншіден, баспа өнімі көрсетіледі және ұсынылады.

 Көрме — қоғамдық, мәдени, ғылыми құбылыс. Көрме — жауапкершілігі мол шығармашылық жұмыс. Көрме арқылы ұйымдастырушының өмірге көзқарасы танылады, көрме ұйымдастырушы басқа адаммен байланыс-тырады және өзіңе, айналаңа сүйіспеншілікпен қарауға үйретеді.

 Көрме — оқырманға ақпаратты жеткізу құралы. Сондықтан көрмені тұтынушы ыңғайсыздық сезбейтіндей етіп жабдықтау кажет. Көрменің бүгінгі күн тақырыбына сай өзекті болуы және дер кезінде ұйымдастырылуы оның тиімділігін арттырады.

 Ақпараттың 80 пайызын адам көзбен қабылдайды. Көрнекілікке көрме ұйымдастырушы әрқашан да үлкен мән берген. Кітапханашылар көрмелер тек қана интерьердің бөлшегі болмасын, қорларға назар аударуға көмектессін деп, ең жақсысын ұсынып, оқырмандардың  көркем талғамын тәрбиелесін деп тырысады.

         Көрмелік жұмыс – бұл жоспарлау, безендіру, көрменің өткізілуі мен қорытындысын шығаруын қоса санағанда   көрмелерді ұйымдастыру бойынша қызмет. Көрме өте биік, ғылыми деңгейде жасалынуы керек. Ол үшін ұйымдастырушы тақырыпты терең меңгеруі тиіс.

 Жалпы көрмелерді белгілі бір жүйеге түсірудің негізгі белгілері:

- Статусына қарай: дербес немесе белгілі бір шараға байланысты ұйымдастырылатын көрмелер;

- Мазмұнына қарай: универсал — әмбебап, салалық;

- Конструкциялық құрылымына қарай: витриналық, полка ішілік, қозғалмалы, т.б.

- Өткізілу негізіне қарай: көрме ұйымдастырушы бойынша, окырмандар сұранысына орай ұйымдастырылатын көрмелер;

- Қызмет ету уақытына қарай: тұрақты, ұзақ, қысқа мерзімді, белгілі бір уақытқа дейін өз маңызын жоймайтын көрмелер;

Тақырып таңдау: Тақырып мұқият ойластырылған, оқырмандарға қызық және өзекті (маңызды) болуы қажет.

  • Көрменің мақсаты мен кімге арналғанын анықтау: Тақырыпты дұрыс айқындау қажет, демек көрме кімдерге арналғанын: студенттер үшін бе, мамандарға арналған ба, әйелдерге ме, ата-аналар үшін бе, көпшілік қауымға ма?
  • Көрмеге қойылатын жұмыстарды дайындау
  • Көрмені безендіру
  • Көрменің жарнамасы: Оқушылар арнайы плакат-хабарландырулар мен жеке шақырулар жарнаманың тиімді түріне жатады. Бұл жерде жарнамалық, қысқа, сыйымды мәтін құру маңызды.
  • Көрме нәтижелілігін саралау
[attachment=67052:tm-krme-jymdastyru.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу