Текстура мен материалдарды зерттеу. Көркем еңбек, 2 сынып, дидактикалық материал.


Бөлімше: 1.1 Қоршаған ортаны білу және түсіну

Оқу мақсаты:

2.1.1.1

қоршаған ортаны зерттеу барысында кейбір ерекшеліктерін, таныс бейнелері мен формаларын анықтау

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • қоршаған ортадағы жануарлар мен құстардың текстурасын зерттеу;

Тапсырма

Жұпта немесе шағын топтарда шашты, кедір-бұдырлы, тегіс, қауырсынды, тікенекті жануарлардың қандай болатынын анықтаңыздар және А4 немесе А3 пішініне жазыңыздар.

Дескриптор:

Білім алушы

  • жұптық немесе топтық жұмысқа белсене қатысады;
  • сыныптастарының ойын тыңдайды және құрметтейді;
  • түкті, тікенекті, қауырсыныды, тегіс немесе кедір-бұдырлы жануарларды атап сипаттайды.

Бөлімше: 1.4 Идеялар мен сезімдерді көрсету

Оқу мақсаты:

2.1.4.1

зерттеу, жазып алу, бақылау, елестету, сурет салуды үйрену кезінде өз идеялар мен сезімдерін әр түрлі тәсілдер арқылы шығармашылық түрде ұсыну және жеткізу

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • әр түрлі жануарлар мен құстардың текстурасын бейнелейді;

Тапсырма

Сурет салуға арналған альбомыңызға шашты, тікенекті, қауырсыныды, тегіс немесе кедір-бұдырлы жануарлардың текстурасын бейнелеп салыңыз. Ол үшін қарындашты, көмір қарындашын, бор немесе майлы түсті борларды пайдаланыңыз.

Дескриптор:

Білім алушы

  • бірнеше жануардың текстурасын көрсетеді;
  • текстура берілген жануардың терісіне немесе сыртқы қабатына ұқсайды;
  • жұмысты ұқыпты орындайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу