Текстура мен материалдарды зерттеу. Көркем еңбек, 2 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4В-бөлім: Қоршаған әлем

Мектеп: Көкшетау қаласындағы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні, сынып: 2

«А» 28.11.17 «В» 29.11.17

Мұғалімнің аты-жөні: Шойынбекова Л.Н.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Текстура мен материалдарды зерттеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1

қоршаған ортаны зерттеу барысында кейбір ерекшеліктерін, таныс бейнелері мен формаларын анықтау

2.1.4.1

зерттеу, жазып алу, бақылау, елестету, сурет салуды үйрену кезінде өз идеялар мен сезімдерін әр түрлі тәсілдер арқылы шығармашылық түрде ұсыну және жеткізу

 Сабақ мақсаттары

Әр түрлі текстуралар мен материалдарды зерттеу;

Тіршілік иелерінің текстурасын қарындашпен салу.

Бағалау дескрипторлары

 

- әр түрлі текстураларды зерттейді;

- материалдың құрамын анықтайды;

- тіршілік иелерінің текстурасын анықтап зерттеу.

 Тілдік мақсаттар

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сенің суретің неге ұқсайды?
  • Сен сурет салғанда нені сезіндің?
  • Сурет өзің елестеткендей әлем тәрізді көрінеді ме?
  • Олар бірдей ме немесе әртүрлі ме?

Неліктен …… айта аласын ба?

  • …ол бірдей ме, әлде әртүрлі ме
  • …ол сенде осындай сезімдер тудыратынын
  • …ол маңызды, бірақ ол мұндай емес екенін

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет көрсету;

Жұптық және топтық жұмыс барысында бір-бірлеріне құрмет көрсету;

Еңбек және шығармашылық;

Ынтымақтастық.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе пәндерімен байланыс

 АКТ қолдану дағдылары

Презентацияны көрсету барысында АКТ-ны қолдану

Бастапқы білім

Қиялдағы әлемді зерттеу жұмыстары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут.

Сабақтың басы. 2 минут.

Сабақтың тақырыбын айту және мақсатын қою.

Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:

«Текстура мен материалдарды зерттеу»-деп аталады.

Бүгін біз сабақта:

  • Әр түрлі текстуралар мен материалдарды зерттейміз;
  • Тіршілік иелерінің текстурасын қарындашпен салып көреміз.

Оқушыларды сабақтың мақсатымен және тақырыбымен таныстырған кезде, презентацияның алғашқы бетін ашып қою.

Сабақтың ортасы

1 мин

10 минут

8-10мин

15 минут

Оқушыларға сұрақ қою:

  • «Текстура» сөзі нені білдіреді?
  • Сен өз текстуранды қалай сипаттар едің?

/оқушылар 1-сыныпта алған білімдерін қолданады./

Оқушыларды жұптарға немесе шағын топтарға бөлу. Жалпы 5 жұп немесе 5 шағын топ құралуы тиіс.

Әр жұпқа немесе топқа тарату материалында берілген карточкаларды таратылады.

Олар:

- түкті;

- кедір-бұдырлы;

- тегіс;

- қауырсынды;

- тікенекті.

1-тапсырма.

Жұптар немесе шағын топтар өз араларында шашты, кедір-бұдырлы, тегіс, қауырсынды, тікенекті жануарлардың қандай болатынын анықтаулары тиіс.Оқушылардың алдарына А4 немесе А3 парақтары таратылады. Осы парақтарға оқушылар тікенекті жануарларды тізіп жазады және олардың неліктер тікенекті екенін анықтап жазады. Қандай тегіс жануарлар бар екендігін, шашты жануарлардың қандай болатынын анықтап толықтырып жазу.

Бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларға 10 минут уақыт беріледі.

Уақыт аяқталған соң, әр топ немесе жұп сыныптастарына өздері зерттеп тапқан ақпараттарымен бөліседі. (таныстыру барысында әр топ немесе жұп мүшесінің қатысуын қадағалап отыру қажет).

Бағалау дескрипторлары:

  • жұптық немесе топтық жұмысқа белсене қатысады;
  • сыныптастарының ойын тыңдайды және құрметтейді;
  • түкті, тікенекті, қауырсыныды, тегіс немесе кедір-бұдырлы жануарларды атап сипаттайды.

Берілген тапсырманы орындап болған соң оқушыларға презентацияда берілген жануарлардың суреттерін көрсету.

2- тапсырма.

Шығармашылық жұмыс:

Ормандағы, теңіздегі, таулардағы, шөл мен шөлейттердегі жануарлар мен құстардың сыртқы бейнелерінің текстураларын ұлғайтылған масштабта зерттеудің көптеген мүмкіндіктерін беру үшін үлгілер мен фотосуретті ұсыну қажет.

Оқушылар сурет салуға арналған альбомдарында жеке шығармашылық жұмыс орындайды. Әр оқушы берілген шашты, тікенекті, қауырсынды, тегіс немесе кедір-бұдырлы жануарлардың текстурасын бейнелеп салады. Бұл тапсырманы орындау үшін 15 минут уақыт берілгендіктен, оқушылар осы уақытта қанша текстура салып үлгерсе, сонша жұмыс орындайды.

Оларға келесі сабақтарда саз материал текстурасымен жұмыс істеу үшін, формаларына назар аударуы қажет.

Оқушылардың назарын текстураға аудару үшін, ақ-қара материалдармен шектеген жөн. Мысалы, олар қарындашты, көмір қарындашын, бор немесе майлы түсті борларды пайдалана алады.

Бағалау дескрипторлары:

  • бірнеше жануардың текстурасын көрсетеді;
  • текстура берілген жануардың терісіне немесе сыртқы қабатына ұқсайды;
  • жұмысты ұқыпты орындайды.

Оқушыларды топтарға бөлу үшін, түрлі-түсті карточкаларды немесе жетондарды қолдану.

А3 немесе А4 парақтары, фолмастерлер немесе түрлі-түсті қаламдар.

Презентацияның екінші бетін ашу.

Презентацияның үшінші бетін ашу.

Презентацияның 4-5 беттерін ашу.

Презентацияның 6-8 беттерін ашу.

Презентацияның 9 бетін ашу.

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия:

Сөйлемдерді жалғастырыңыз.

*Мен ........................................................... білдім.

*Мен үшін ............................ қызықты болды.

*Мен .................................................... қиналдым.

Уақытқа байланысты сыныптың ішінен бірнеше оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Презентацияның соңғы беті.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Әр түрлі материалдармен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу