Көркем шығармалар. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Көркем шығармалар» тақырыбына арналған сабақта 3.2.2.1 Күрделі әдістер мен техникаларды пайдаланып, материалдарды және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу. мақсаты қаралады. Аталған оқу мақсаты оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамытуға, қоршаған ортада (табиғатта) мекен ететің тіршілік иелері туралы білімін толықтыруға бағытталған.

 Қажетті материалдар

 Шығармашылық жұмысты орындауға қажетті материалдар: Қаптайтын бұдырлы полиэтилен, таблетка ұяшықтары және басқа материалдар мен текстураны көрсете алатындай қолда бар құралдар (мысалы, ермексаздан мөртабан жасауға болады), поролон жұмсақ сорғыш, гуашь бояу (қажетті консистенцияға жеткенше суға еріту), әртүрлі қылқаламдар, ақ түсті және/немесе түрлі түсті қалың қағаз, қайшы, қарындаш.

 Сабаққа қажетті қосымша ақпарат

 Стилизация – бейнелеу өнерінде бейнеленетін объектілердің саналы түрде жеңілдету бойынша композиция тәсілі. Стилизацияда сурет пен пішін, көлем мен түстік қатынас барынша қарапайым түрге келтіріледі. Стилизация сәндік-қолданбалы өнерде функционалды не көркем-мәнерлі сапасын көрсету үшін жиі қолданады.

 Стилизацияның түрлері, тәсілдері мен заңдылықтары

 Өнер мен дизайнның заманауи даму кезеңінде стилизацияның қолдану аясы кеңеюде. Стилизацияға абстракция тән, туынды авторының пікірінше элементтердің негізгі мәнін ашатын, маңызды бөліктерін айқындау мақсатында артық бөліктерден, кездейсоқ белгілерден ойша арылу.

 Стилизация – ерекше көркем, жаңа мәнмәтінде берілетін нәрсенің (дәуірдің көркем стилі, суретшінің авторлық стилі) мақсатты түрде формалды образдың белгілеріне еліктеу тәсілі ретінде де қолданылуы мүмкін. Стилизация жобалау қызметінде (дизайн) және көркем туындыларында (сәндік кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер) қолданылады.

 Абдуахат Мұратбаев – график суретші

 1960 жылы туылған. Кескіндемеші, график, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, облыстық, республикалық, шетелдік көрмелердің қатысушысы. 1981 жылы Шымкент көркемсурет училищесін және 2004 жылы Бішкек қаласындағы Қырғыз педагогикалық университеті, «Бейнелеу өнері және сызу» факультетін бітірген. Бір қарағанда, Абдуахат Мұратбаевтың туындылары өте қарапайым болғанымен, оларда көптеген маңызды мән-мәтіндер жатыр. Картинаның әрбір бөлігі маңызды әрі өзіндік мағынасы бар. Мысалы, автордың көптеген туындыларында бұқа мен жылқыны көруге болады. Ол – ішкі күш. Құстың бейнесі бақыт, қарт адам – даналық, арба – саяхаттауды білдіреді. Бірнеше туындысы Европаның ұрлануы тақырыбындағы аңыздарға арналған. Суретші өз шығармашылығында евразиялық идеяларды насихаттайды. Оның туындыларындағы қазақ ұлттық образдар модернизм бағытымен үйлесімді бірігеді.

 Сілтеме: http://www.arvest.kz/article2.php?id=27

 

 Светлана Попова суретші-дизайнер

 Суретші-дизайнер Светлана Попова Қазақстанның табиғаты мен мәдениеті, тарихы, қазақ халық ертегілеріне арналған сандық иллюстрациялар жасайды. Өзінің сандық картиналарынан түрлі-түсті, әсем жұмыстарының сериясын дайындады. Олардың ішінде «Туған жер», «Жұлдыз гүл», «Тұмар», «Живописные сказания», «Наурыз-көже», «Алтын», «Восточные фрески». Бұл иллюстрацияларда қазақ жерінің тарихи тұлғалары, қазақ батырларының жаумен шайқас көрінісі, қазақ халық ертегілерінің батыр кейіпкерлері бейнеленген. Қазақстанның шексіз даласы мен биік таулары, ауылдағы Наурыз тойлауы, халық музыкалық аспаптары, ұлттық ою-өрнектер мен зергерлік әшекейлер. Жұмыстардың көпшілігі кітаптарға арналған иллюстрация, тіпті сыртқы мұқабасын сәндеуге тұрарлықтай. Және барлығына дерлік ұзақ қарапстырып, басқаларға көрсете бергің келетін әдемі ашық хат секілді.

 Бұл жұмыстар суретші орындаған «Живописные сказания» - алғашқы сандық иллюстрациялар сериясына кірді. Коллекция акварельді кескіндеме имитациясын беретін ашық, жарқын түстерде орындалған.

 Сабақ барысы

 Қарапайым табиғи нысандарды жұппен талда. Мысалы: ағаш.

 Табиғи ағаштың және стильденген бейнесін таңдап алу. Оқушылардың талдауын тыңдау.

 Келесі сұрақтарды талқыла:

 - Бейнелер қандай материалда орындалған?

 - Қандай ағаштар табиғидан бейнеленген, ал қайсысы өзгертіліп салынған?

 - Өз жауабыңды түсіндір. Неге олай ойлайсың?

 Мұратбаев Абдуахаттың және Попова Светлананың жұмыстарынқарастыр.

 Сұрақтарға жауап бер:

 - Картинаны қазақстандық суретші салғанын анықтауға бола ма? Неге?

 - Бұл картиналардың ерекшелігі неде?

 Мүмкін жауаптар:

 Иә, үйткені біз, қазақтың ұлттық оюларын көріп отырмыз.

 Қазақтың ұлттық стилінде салынған суреттер.

 Олар қандай ою-өрнектерді білетінің сұрап алу. Суреттің А4 форматына орналастыруын еске салу.

 Практикалықт жұмыс

 Оқушыларға гүлдің суретін салып оны өрнекпен стильдеуін ұсыныңыз. Оқушылар гүлді түрлі-түсті акварель бояуымен бояп, кей бір бөлшектеріне фломастер қосу.

 Балаларға бүкіл қағаз бетіне үш негізгі түстер мен үлкен және кішкентай гүлдерінің қоспаларын бейнелеу ұсынылады. Гүлдер көшіруге болмайды, бірақ табиғат негізінде ойлап табуға болады.

 Гүлдердін суретін салу, үлкен суреттермен бүкіл бетті толтырып. Гүлді ашық күйде бейнелеу.

 Кейбір жұмыс тәртібі:

  •  шашты уқаламай қылқаламды ұқыпты суға батыру мұқият ылғалдандырыңыз;
  •  басқа бояу аларда, қылқаламды жуу қажет;
  •  щетканы қағазға салып бетінде уқалауға және оны суда ұстауға болмайды;
  •  қарындаштарпен сурет салғанада, сызықтар жінішке болу қажет және қарындашқа қатты баспау керек.

 Гүлдерді салыңыз және оларды оюлармен стильдендіріңіз.

 Гүлдерді акварельмен бояйыңыз және фломастермен бөлшектерді қосыңыз.

 Гүлдер суреттерін тарату, оюлармен стильдендіру.

 Кіші көрме жасап жұмыстарды бағалау.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 Бағалау

 Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

 Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.

 

1 қосымша

Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  • жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  • оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  • құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  • бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  • жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  • жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  • басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  • жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  • жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  • қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  • қайшыны ашық тастама;
  • сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  • қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  • қайшыны керек уақытында пайдалан.

Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  • жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  • арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  • жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  • ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  • желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  • желімді керек мөлшерде ғана ал;
  • артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  • жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  • бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  • жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  • тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу