Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 6.22.2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім Сауда, қолөнер және әлемді игеру | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.4.1.2 - ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру; 6.2.4.3 - картада XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау | ||
Сабақ мақсаттары | Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының ерекшеліктерін талдау. | ||
Бағалау критерийлері
|
| ||
Тарихи концепт
| Ұқсастық пен айырмашылық | ||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге қатысты лексика мен терминология Әлемді ашу, зерттеу саяхаттары, варварлар, алым-салық Тұрғылықты халық санының өсуі/кемуі, қоршаған ортаның өзгерісі, адамдардың жаппай орын ауыстыруы, аурулардың таралуы, өсімдіктер мен жануарларды өзара алмасу, еуропалық отаршылдар, құлдар, «оқ-дәрі империялары» Христофор Колумбтың ашуынан кейінгі алмасулар Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Қысқаша мазмұнды жазу-мысалдар Қытайлар зерттеу саяхаттарына кедергі жасады өйткені ... Батыс Еуропада зерттеу саяхаттарының бағыты сақталды, өйткені ... Ең маңызды фактор ... болды Анағұрлым пайда тапқан мына адамдар ... Бәрінен айрылғандар мына адамдар ... Сұрақтар-мысалы: Неліктен сіз қостыңыз ...? Неліктен сіз алып тастадыңыз...? Қорғау-мысалы:Мен мұны қостым, өйткені... Мен мұны алып тастадым, өйткені.. Өңдеу – мысалы:Талқылау негізінде мен мынаны өзгерткім келеді/алып тастағым келеді... Пайымдау-мысалы Өзгерістерге қорытынды жасау қиын, өйткені... | ||
Құндылықтарды дарыту
| - патриотизм; - өз еліне және өзге мемлекттердің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрмет таныту; -тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану; - жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу; | ||
Пәнаралық байланыстар | География (Ұлы географиялық ашулар) | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | Оқушылар сауда, экономикалық және мәдени байланыстар бойынша алдыңғы бөлімдердегі және Қазақстан тарихындағы қарастырған тақырыптарында алған білімдерін қолдана алады. | ||
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 0-5 мин | БЫМ/С Оқушыларға әртүрлі кемелердің өлшемдерін бейнелейтін суреттерді ресурстар тізімінен көрсету. Осы кемелердің бірі Үнді мұхитымен сапар шеккен Юнлэ императордың билігі тұсындағы (1402-1424 жж.) Мин әулетінің қазынасы артылған кеме, екіншісі 1492 жылы Христофор Колумбтың Солтүстік Америкаға жүзіп барған кемесі екендігін түсіндіру.
| Презентация | ||
Сабақтың ортасы Жұптық жұмыс түрі 5-20 мин Топтық жұмыс түрі 20-30 мин Жеке жұмыс түрі 30-37 мин | Ж. Бейнематериалмен жұмыс. Бейнематериалды тыңдау арқылы Органайзерде талдау жасатыңыз. Қадамдар бойынша жұпта талдатыңыз. 1-қадам. Бақылау бөлімінде 2 минут көлемінде бейнематериалды тыңдату. Жалпы не түсінгенін баянда ту.Содан соң бейнематериалда көрген ақпараттарды үш бөліктерге бөлдірту. 2 қадам. Қорытынды. Өз бақылауына негіздеп, үш бөлікті негізге ала отырып, бейнематериалды қорытындылату. 3-қадам. Сұрақтар. Бейнематериал бойынша туындаған сұрақтарға жауап жаздырту. Дескриптор: - Бейнематериал бойынша ақпараттарды кестеде талдап, органайзерде орындайды; - Органайзер кестеде бөлінген үш бөлікті негізге ала отырып, бейнематериалдағы ақпаратты қорытындылайды; - Бейнематериал бойынша сұрақтар құрып, оған жауап жазады; Т. Мәтінмен жұмыс.Берілген суреттер негізінде саяхатшылардың теңіз экспедицияларындағы саяхатын кестеде талдатыңыз. Саяхатшылар суреттері кестеде ұсынылады, суреттерге қарап оқушылар саяхатшыны анықтайды. Кім?, Қашан? Қайда? Нәтижесі қандай? деген сұрақтар негізінде кестеге ақпараттарды орналастырады. Дескриптор:
Ж. Батыс Еуропа мен қытайлықтардың зерттеу саяхаттарын ПТМС талдау кестесін де түсіндірме жасатыңыз. Позиция (мен солай санаймын, Батыс Еуропада зерттеу саяхаттарына дұрыс түсінік сақталса, Қытайлықтар зерттеу саяхаттарына бөгет жасады өйткені …) Түсіндіру (....себебі,мынадай басты маңызды себеп болды …) Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....) Салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын....) | Бейнематериал: Чжан Хэнің теңіз айдаһарлары https://www.youtube.com/watch?v=e_Yd7BI_izk Презентация Қосымша 2 Қосымша 1 | ||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Рефлексия: Мен бүгін сабақта білдім.... Мен бүгін сабақта түсіндім.... Қызықты болды..... Бүгінгі сабақта дағдыларды дамыттым... | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||
Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады. | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру