Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар № 6.22.3

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім Сауда, қолөнер және әлемді игеру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.1.2 - ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру;

6.2.4.3 - картада XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау

 Сабақ мақсаттары

Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтап, себептерін талдау.

 Бағалау критерийлері

 

  • Чжэн Хэ басшылығымен жасалған саяхат туралы деректі талдайды;
  • Қытай мемлекетінің саяхатқа шығу немесе тоқтату себептерін негіздеп түсіндіреді.
  • «Үш жақты» пікірталас арқылы Қытай және Батыс саяхатшыларының әлемдік білімнің дамуына қосқан үлесін дәйекпен негіздеп дәлелдейді;

 Тарихи концепт

 

 

 

 

 

Ұқсастық пен айырмашылық

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Әлемді ашу, зерттеу саяхаттары, варварлар, алым-салық

Тұрғылықты халық санының өсуі/кемуі, қоршаған ортаның өзгерісі, адамдардың жаппай орын ауыстыруы, аурулардың таралуы, өсімдіктер мен жануарларды өзара алмасу, еуропалық отаршылдар, құлдар, «оқ-дәрі империялары»

Христофор Колумбтың ашуынан кейінгі алмасулар

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Қысқаша мазмұнды жазу-мысалдар Қытайлар зерттеу саяхаттарына кедергі жасады өйткені ...

Батыс Еуропада зерттеу саяхаттарының бағыты сақталды, өйткені ...

Ең маңызды фактор ... болды

Анағұрлым пайда тапқан мына адамдар ...

Бәрінен айрылғандар мына адамдар ...

Сұрақтар-мысалы: Неліктен сіз қостыңыз ...?

Неліктен сіз алып тастадыңыз...?

Қорғау-мысалы:Мен мұны қостым, өйткені...

Мен мұны алып тастадым, өйткені..

Өңдеу мысалы:Талқылау негізінде мен мынаны өзгерткім келеді/алып тастағым келеді...

Пайымдау-мысалы

Өзгерістерге қорытынды жасау қиын, өйткені...

 Құндылықтарды дарыту

 

 

- патриотизм;

- өз еліне және өзге мемлекттердің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрмет таныту;

-тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

 Пәнаралық байланыстар

География (Ұлы географиялық ашулар)

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушылар сауда, экономикалық және мәдени байланыстар бойынша алдыңғы бөлімдердегі және Қазақстан тарихындағы қарастырған тақырыптарында алған білімдерін қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-5 мин

БЫМ/Б Қытай саяхатшысы Чжэн Хэнің суреті оқушыларға ұсынылады. Осы сурет бойынша төмендегідей сұрақтар арқылы ой талқыға шақырылады.

-Не көріп тұрсыз?

-Қандай қорытындыға келдім?

-Қандай сұрағын бар?

Сабақтың тақырыбы анықталып, сабақтың мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Презентация

Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс түрі

5-12 мин

 

Жұптық жұмыс түрі

12-19 мин

Жұптық жұмыс түрі

19-26 мин

Топтық жұмыс түрі

26-36 мин

Ж. №1 тапсырма: Оқушыларға жеке тарихи дереккөзді оқытып, Чжэн Хэ басшылығымен жасалған саяхат мемлекет қазынасына қаншалықты пайда әкелді?,-деген сұрақ бойынша ой-пікірлерін сұраңыз.

Ж. №2 тапсырма: Саяхатқа шығуды тоқтатудың себептер тізімін ұсынып, 3 маңызды себебін анықтатыңыз. Маңызды деп санау себебін түсіндіруді ұсыныңыз.

Ж. №3 тапсырма: Қытайлықтардың саяхатқа шығуына негіз болған 3 тікелей себепті анықтатыңыз. Өз ойларын негіздеп түсіндіруді ұсыныңыз.

Дескрипторлар:

  • Чжэн Хе басшылығымен жасалған саяхаттың мемлекет қазынасына қаншалықты пайда әкелгенін біледі;
  • Саяхатқа шығуды тоқтатудың 3 маңызды себебін анықтап, түсіндіреді;
  • Қытайлықтардың саяхатқа шығуына негіз болған 3 себепті анықтап, түсіндіреді;

Т. Берілген ақпараттар мен өз білімдері негізінде «Үш жақты» пікірталас ұйымдастырыңыз.

  • 1-топ Қытайдың Чжэн Хэ бастаған теңіз экспедициялары нәтижесі әлемдік білімнің дамуына үлкен үлес қосты қағидасын жақтаушылар
  • 2-топ Батыс саяхатшылары әлемдік білімнің дамуына үлкен үлес қосты қағидасын жақтаушылар
  • 3-топ Бейтарап топ немесе бағалаушылар

Дескрипторлар:

  • Қытайдың Чжэн Хэ бастаған теңіз экспедициялары нәтижесі әлемдік білімнің дамуына үлкен үлес қосты қағидасын дәйекпен дәлелдейді;
  • Батыс саяхатшылары әлемдік білімнің дамуына үлкен үлес қосты қағидасын дәйекпен дәлелдейді;
  • Бейтарап топ екі жақтын дәлелін тыңдап, бағалайды;

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы

36-40 мин

Рефлексия: «Вlob tree»

Аты- жөні: _____________________

Бүгінгі сабақта өзіңізді қай жерден көресіз? Себебі?

Презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады. Топтық жұмыста жоғары қабілетті оқушылар төменгі қабілетті оқушыларға қолдау көрсетеді. Жұптық жұмыста оқушылар белгілі бір уақыт аралығында кестені деңгейлеріне қарай орындап үлгереді.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу