Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
6 СЫНЫП, САБАҚ 6.22.3
VIII бөлім: Сауда, қолөнер және әлемді игеру
Сабақ тақырыбы: Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде?
Оқу мақсаты:
6.4.1.2 - ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру;
6.2.4.3 - картада XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау
Тарихи концепт: маңыздылық
Сабақ компонентерінің өзара байланысы:
1. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығын тексеріңіз. Оқушылардың сабаққа қатысты көңіл-күйлерін жоғарлату мақсатында «Шеңбердегі ырғақ» атты жаттығуды өткізіңіз. Мұғалім бірнеше ырғақтың сериясың жасайды. Оқушылар оны мұқият тыңдайды және қайталайды (жеке немесе барлығы бірге).
Ырғақты меңгергенде, оларға: «Біз осы ырғақты осылай жасаймыз: әрқайсыңыз өз кезегінде осы ырғақтын үзіндісін орындайды. Солдан оңға қарай. Ырғақ аяқталғаннан кейін, келесі оқушы қысқа уақып күтеді де, және басынан бастайды. Ойын мұғалімнің «Тоқта» деген бұйрығына дейін жалғасады. Өз кезеңінен кешіккен, тоқтапқаоып, өз кезеңін жасамаған, артық қимыл жасаған оқушыға айыппұл салвнады немесе ол ойыннан шығады.
Тапсырма оқушылардың наразларын жинақтауға және сыныпта позитивті психологиялық микроклиматты құруға өте тиімді.
2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға екі картаны ұсыныныз:
А) Император Юнлэ (1402-1424 жж.) кезінде қытай теңіз экспедицияларының картасыB) Ұлы географиялық ашулардың картасы.
Оқушылардан осы саяхаттар туралы не білетіндерін сұрап, олардың ұсыныстарын тыңдаңыз.
Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, бүгінгі сабақта олар қытай және еуропалық теңіз экспедициялары арасындағы айырмашылықтарды анықтайды.
Сабақ тақырыбын хабарлап, оқушыларды оқу мақсаттармен, тарихи концептпен және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. Оқушылар сабақ тақырыбын дәптерге жазады.
3. Картамен және мәтінмен жұмыс. Ұлы Географиялық ашылыр кезіндегі еуропалықтардың теңіз экспедициялары туралы оқушыларға карталар мен ақпараттық мәтіндерді ұсыныңыз. Олардан ұсынылған ресурстарды зерттегеннен кейін, бұл алыс теңіз саяхаттардың себептерін анықтауды сұраңыз.
Оқушылардын жауаптары:
Ұлы географиялық ашылымдардың себептері:
- Шығыс елдеріне теңіз сауда жолдарын іздеу
- Еуропада толық топырақтың сарқылуы
- Жаңа навигациялық құрылғылардың пайда болуы
- Еуропадағы алтын мен күміс кен орндарының таусылуы
- Жердің толық карталарының пайда болуы
- Сауда жолдарының еуропалықтардан осман-түріктерге ауысуы
- Қалалардың өсуі, қолөнер бұйымдары мен сауданың дамуы
- Жаңа байлық көздерін іздеу
- Компас өнертабысы пайда болды
- Кемелердің жаңа түрлерін салу - жоғары жылдамдықтағы, ұзаққа созылған теңіз саяхаттарына бейімделген каравеллалар.
- «Ұлы Жібек жолы» бойындағы сауданың төмендеуі
- Еуропалық ғылым академиясының ғылыми экспедицияларды ұйымдастыру.
Содан кейін оқушылардан жұптарда талқылап, осы себептерді маңыздылығына қарай орналастыруды және ең маңызды себептерді анықтауды сұраңыз.
Тапсырма дескрипторлары:
- Оқушы еуропалық теңіз саяхаттарының себептері маңыздылық критетрий бойынша орналастырады
- Оқушы Ұлы географиялық ашулардың ең маңызды себептерін анықтайды.
4. Топтық жұмыс. Оқушыларды император Юнлэ дәуірінде адмирал Чжэн Хэның басшылығымен болған қытайлықтардың теңіз саяхаттары туралы материалдармен қамтамасыз етіңіз немесе осы оқиғалар туралы бейнеролик көрсетіңіз. Оларды орта ғасырлардағы қытайлар мен еуропалықтардың теңіз саяхатындағы айырмашылықтарды анықтау үшін топтарда жұмыс істеуге ұсыныңыз.
Тапсырма дескрипторлары:
- оқушы кем дегенде 5 қытайлық және еуропалық теңіз саяхаттарының айырмашылын анықтайды,
- оқушы анықталған маңызды айырмашылықтар бойынша қорытынды жасайды.
- Рефлекцияны жүзеге асыру үшін "Бестік" атты әдісті қолданыңыз.
Оқушыларға қағазға алақанын салуды ұсыныныз. Әрбір саусағыңыз – бұл төменде берілген пікірдің бірі болып саналады. Өткен сабақ бойынша пікіріңізбен бөлісіңіз!
Үлкен саусақ - маған қызықты болды, алған мәлімет өте маңызды;
Сілтеуіш саусақ - маған қиын болды, ұнамады;
Ортанғы саусақ - маған жеткіліксіз болды;
Атаусыз саусақ - менің көңіл-күйім ...
Шынашақ саусақ - менің ұсыныстарым.
Оқушылардың пікірлерін қорытындылай келе, сабақтағы жұмысына алғыс айтаныз.
- Үйге тапсырма ретінде оқушыларға сабақтың тақырыбына байланысты көркем әдебиет туындыларын оқуға кеңес беріңіз. Мысалы:
- Магидович В.И. «Ұлы ашулардың дәуірі».- Стефан Цвейг «Магелланның ерлігі»
Сабақ тақырыбына қатысты қосымша теориялық материалдар
Кесте «Ұлы географиялық ашулар».
Күні | Теңізшы | Ашылым |
1492 ж. | Христофор Колумб (1451-1506 жж.) - генуя қаласында туылған итальяндық, Испания королінің қызметінде болды | Американы ашты |
1497-1499 жж. | Португалдық Васко да Гама (1469-1524 жж.) | Үндістанға алғашқы болып теніз жолын ашты |
1507 ж. | Итальяндық Америго Веспуччи | Ол Колумб тауып алған жерлер – жаңа құрлық екенін дәлелдеді, сол себепті олар осы зерттеушінің атымен Америка деп аталды. |
1519-1522 жж. | Португалдық Фернан Магеллан (1480-1521 жж.) | Әлемде алғашқы болып жер шарын айнала саяхат жасады |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру