Адам досымен мықты. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім «Адамгершілік»

Мерзімі: 1-тоқсан

Сынып: 3

Мектеп:

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адам досымен мықты

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.4 Өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдеу.

3.1.2.3 Қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын ұсыну.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдейді;
  • қоғамда және отбасында өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын құрастырады.

Бағалау критерийлері

  • өз тәжірибесінен адамдар арасындағы достықтың дәлеліне мысалдар келтіреді;
  • қоғамда және отбасында өзін-өзі ұстау ережелерін құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- достық туралы әңгімелейді, дәлелдер келтіреді;

- өмірлік жағдаяттардың шешімін түсіндіру;

Терминология:

  • достық;
  • әдеп нормалары.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Достық деген не?
  • Неге достардың болғаны маңызды?
  • Неліктен әдеп нормаларын сақтау қажет?

Жазуға берілетін тапсырма:

  • Қоғамдық орындардағы әдеп ережелерін құрастыр (театрда, кинотеатрда, мұражайда).
  • Досқа хат

Құндылықтарды дарыту

Отбасы мүшелері мен достардың бір-бірін қолдауының, көмек көрсетуінің маңыздылығын түсіну.

Ынтымақтастық– бірлесе жұмыс жасай білуден көрінеді.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту

Алдыңғы меңгерілген білім

Мектептегі өзін-өзі ұстау ережелерін, мектеп қоғамдастығы, мектеп қоғамдастығының мүшелері арасындағы қарым-қатынас туралы білім негіздері бар. Достықтың не екенін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

5-9

10

  • «Адасқан әріптер» ойыны (ұжымда)

Оқушылар берілген әріптерді қатыстырып, сөз құрайды

О Т Д С Қ Ы – ДОСТЫҚ

  • «Алтын шеңбер» стратегиясы (ұжымда)

-Оқушылар шеңбер бойымен тұрады;

- Оқушылар тізбектей «достық» сөзін қатыстырып, сөйлем құрап айтады;

-Оқушылар шеңберде тұрып, жақсы достың қандай болатындығы туралы бір сөйлемнен айтады.

  • Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдейміз;

- қоғамда және отбасында өзін –өзі ұстау ережелерін құрастырамыз.

Қима әріптер

Слайд №3

Сабақ ортасы

11-15

16-19

20-30

31-36

  • «Серуен» стратегиясы (жұппен)

Мұғалім «достық» ұғымын ары қарай талқылауды ұсынады. Ол үшін оқушылар «серуендеуге» жұп таңдайды. Серуенге шыққан жұп қыдырып, әңгімелеседі. Қоңырау дыбысынан кейін жұптар ауысып, әңгіме жалғасады. Оқушылар өз тәжірибелерінен, бақылауларынан мысалдар келтіреді.

Әңгімелесуге арналған сұрақтар:

  • Сыныптасыңның достары бар ма екенін біл.
  • Ол достарымен бірге не істейді?
  • Олардың арасында қандай қарым-қатынас орнаған?
  • Мәтінмен жұмыс (топта)
  • Оқушылар 1 минут мәтінді жеке оқиды;
  • Оқушылар топтың ішінде мәтінді дауыстап тізбекпен оқып шығады;
  • Егер болса, бір-бірлерінің сұрақтарына жауап береді.
  • «Кубизм» мәтінге талдау жасау стратегиясы (жеке, топта)
  • Әр топқа бір-бірден кубик беріледі. Кубиктің әр қыры жазылған:
  • Оқушылар топта кубикті бір бірден лақтырады және кубиктің түскен қырына сәйкес мәтінге талдау жасайды.

Бағалау критерийлері:

  • өз тәжірибесінен адамдар арасындағы достықтың дәлеліне мысалдар келтіреді.
  • «Пазл» тапсырмасы (топта)

Әрбір жұпқа күнделікті өмірде кездесетін қоғамда адамның өзін-өзі ұстауы бейнеленген мағыналы қиынды суреттер таратылып беріледі. Суреттің екінші жағына отбасы, достық туралы мақал-мәтел, жаңылтпаш немесе қанатты сөздер жазылады. Оқушылар берілген сурет пен накыл сөздердің байланысын сараптап, түсіндіреді.

Бағалау критерийлері:

  • Қоғамда және отбасында өзін-өзі ұстау ережелерін құрастырады.

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Қоңырау

(дидактикалық материалға қараңыз)

4 Кубик (дидактикалық материалға қараңыз)

Мысал сұрақтарды әдістемелік нұсқаулықтан қараңыз

Әр топқа арналған күнделікті өмірде кездесетін сюжетті суреттер

(дидактикалық материалға қараңыз)

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия (жеке):

Оқушылар берілген кестені толтырып,ұстазға өткізеді:

Оқу мақсаты

Не үйрендім?

1

Достық

2

Өзін –өзі ұстау ережелері

Таратпа парақ Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысындағы әртүрлі сипаттағы тапсырмалар оқушылардың әртүрлі қабілеттерін көрсете алуына жағдай туғызады. Қабілетті оқушыларға досына хат жазуы арқылы «Барлық істе басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер, сендер де оларға солай істеңдер» деген алтын ереженің мағынасын ашуды ұсыныңыз.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Кубизм». тапсырмасы «Басбармақ» стратегиясы бойынша өзара бағаланады (жоғары – бәрі түсінікті, ортада – сұрағым бар, төмен – көмек қажет).

Оқушылардың білімдерін бағалау олардың жауаптарын тыңдау арқылы, сондай-ақ оқушылармен жұптық және топтық жұмыстар барысында бақылау және сапалы кері байланыс беру арқылы жүзеге асады.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу