Алғашқы адам. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Пән:Дүниетану Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: 3A бөлім: Саяхат Тақырып: | Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Тоқсан: 3 Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К. | |||||
Сынып: 1 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Алғашқы адам | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін ОБ сілтеме) | 3.1 Көне мәдениеттер мен өркениеттер | ||||
Сабақ мақсаттары | 1.3.1.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу. | ||||
Тілдік мақсат
|
| ||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақта оқулықтағы ақпараттар арқылы сұрақтарға жауап беріп, бірлесіп істеген жұмыстарына қорытынды жасап үйренеді. Оқушыларда адамзат баласының пайда болуына, бабаларына, тарихқа деген құрмет қалыптасады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Берілген тақырыпқа байланысты таныстырылым арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Бізді қоршаған әлем туралы білімдері. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 – 7 минут | Шаттық шеңбері. (Ұ, Ж) Оқушыларды шеңберге жинап сыныпта көтеріңкі көңіл-күй ахуалын орнату мақсатында «Шарды шеңбер бойымен бер» ойынын жүргізу. Шеңбер бойымен орналасқан оқушылар әуен қосылған кезде бір-біріне шарды беріп отырады, әуен тоқтағанда егер білсе өз аталарын атап таныстырады. Жаңа сабаққа дайындық мақсатында «Мен саяхатқа шыққан жерлер» тапсырмасын ұсыну. Жұмысты топта өткізу. Оқушылар өздері болған жерлерінің атын жазады. Топта бір- біріне өздерінің болған жерлері туралы әңгімелейді. Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз: көрнекі материалдарға сүйене отырып, ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу. | . | |||
Сабақ ортасы 25-30 минут | Алғашқы адам (Ұ) Оқушылардан ойша 2 сағат бұрын уақытқа оралып, сол уақытта олар немен айналысқанын сұрау. Ары қарай 2 жыл бұрын не болғанын кімнің білетінін сұрап көру. Оқушыларға бұрынғы өткен заманда не болғанын зерттейтін, оқытатын ілім бар, ол- тарих деп аталатынын айту. Ол бізге адамзаттың басынан кешкендерін үйретеді. Тарих алғашқы адамдар пайда болған кезден басталғанын айту. Оқушыларға қоржындағы ежелгі еңбек құралдарын: қашау, тас балта көрсету. – Бұл құралдарды кімдер және қашан қолданған? Карта арқылы көрсете отырып, түсіндіру. Африканың шығысында алғашқы адамдар пайда болған. Ғалымдар адамның арғы тегі аса ірі адам тәріздес маймылдан шыққан деген пікірді ұсынады. Қазақстан аумағын адамдар бұдан миллион жыл бұрын мекендеген. (МК, Ұ) Итерактивті тақтадан алғашқы адамдардың өмір сүруі туралы таныстыру. Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан айырмашылығы қандай екендігін табуларын сұрау. (Т) Оқушыларды екі топқа бөлу. І-топ терімшілер, ІІ-топ аңшылар. Оқушыларға терімшілер мен аңшылардың кім екендігін ойлануына біраз уақыт беру. Олардың болжамдарын тыңдау. Терімшілік тамақ тауып жеудің негізгі көзі болған. Балалар мен әйелдер жеміс, тамыр тіпті құртқа дейін теріп күнелткен. Ер адамдар аңшылықпен айналысқан. Суреттермен жұмыс 1-сурет: «Алғашқы адамдардың дене бітімі» 2-сурет: «Алғашқы адамдардың баспанасы» 3-сурет: «Құрал-саймандары» 4-сурет: «Алғашқы адамдардың кәсібі» 5-сурет: «Алғашқы адамдардың азығы» Салыстыру Өткен күн мен қазіргі уақыттың айырмашылығын салыстыру. | Суретшінің картинасы Аңшылық/қоғам терімшілігі, олардың өмірлері, қазақ халқының ертеде қоныстануы. | |||
Сабақтың соңы 2 – 3 минут | Рефлексия. «Сөйлемді аяқта» тапсырмасы.
| ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Көрнекі материалдардың негізінде алғашқы адамдардың өмірін сипаттауда қиналатын оқушыларға көмек көрсету. | Оқушылардың көрнекі материалдардың негізінде алғашқы адамдардың өмірін сипаттай білуі бағаланады. | Ссергіту сәтін орындау барысында қарастырылады. | |||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру