Қазақ жеріндегі алғашқы оқу орындары. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.
«Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4 сынып
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 бөлім: «Мәдени мұра» Күні: Сынып: 4 | Мектеп Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Қазақ жеріндегі алғашқы оқу орындары | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.3.3.1 Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы жетістіктерін (мәдениет, ғылым, білім, экономика) түсіндіру | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар - ХХ ғасырдың мәдениет, білім және ғылым саласындағы маңызды оқиғалары туралы біледі; - Қазақстанның қазіргі дамуы туралы хабарлама құрастырады. | |||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: - қазақ зиялылары туралы хабарлама жасай алады; - мәдениет, ғылым, білім саласындағы маңызды оқиғалар туралы ақпарат таба алады; - Қазақстанның ғылым, мәдениет, білім саласындағы заманауи жетістіктері туралы айта алады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Қазақстанның ғылым, мәдениет, білім саласындағы жетістіктерін түсіндіреді. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: -Неге мемлекет білім беруді дамытуға көп қаражат жұмсайды? Жазуға арналған сұрақтар: Қаныш Сәтпаевпен ойша алынған сұхбаттың мәтінін жазу. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өз халқының тарихы мен мәдениетіне, педагогтардың еңбегіне деген құрметті қалыптастыру, өмір бойы оқуға деген ұмтылысты дарыту. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі: сөйлеу дағдысын мен жазу дағдысын дамыту Әдебиеттік оқу: қазақ зиялыларымен танысу; | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылардың Қазақстанның көрнекті тұлғалары, елдің тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін қамтиды. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-4 5-8 |
Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша суреттерді жинап, топтарға бөлінеді. Дайын суреттер тақтаға ілінеді.
- ХХ ғасырдың мәдениет, білім және ғылым саласындағы маңызды оқиғалары туралы білу; - Қазақстанның қазіргі дамуы туралы хабарлама құрастыру. | Пазл қиықтары, желім, скотч Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №2 Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №3 | ||||
Сабақ ортасы 9-14 15-24 25-29 30-38 |
Оқушылар фотосуреттерді қарайды, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Өз жұмысын "үш шапалақ" әдісін пайдалана отырып бағалайды.
Оқушылар топта жұмыс істейді, ұсынылған материалмен танысады. Содан кейін негізгі ақпаратты таңдап, қорытынды мәтінді жасайды. Бағалау критерийлері: -қазақ зиялыларытуралы хабарлама жасай алады; - мәдениет, ғылым, білім саласындағы маңызды оқиғалар туралы ақпарат таба алады
-Оқулықтағы мәтінді оқыңдар.
Талқылауға арналған сұрақтар: -Неге мемлекет үшін халқының сауатты болуы маңызды? - Әр түрлі ғылымды неге дамыту керек? - Ғалымдар немен айналысады? Олар нені зерттейді? - Кім ғалым бола алады? - Адамзатқа ғылыми зерттеулер қандай пайда әкеледі? - Қорытынды жасаңдар: Ғалым болу үшін не қажет? Оқушылар толық монологты жауаптар бере отырып, сұрақтарға жауап береді.
-ХХ ғасырдың басында Қазақстанның жетістіктері туралы және сол уақытта өмір сүрген білімді тұлғалардың бірімен әңгімелесу қорытындысы бойынша хабарлама дайындаңдар. Ақпаратты ұсыну түрін өздерің таңдаңдар. Оқушылар алған білімдерін жинақтап, тапсырманы жеке орындайды. Ақпаратты ұсыну түрін өз бетімен таңдайды. Бағалау критерийлері: Қазақстанның ғылым, мәдениет, білім саласындағы заманауи жетістіктері туралы айта алады. | Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №4 Таратпа парақтар Энциклопедиялар, анықтамалықтар, Ғаламторы бар компьютер (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №5 Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №6 Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №7 | ||||
Сабақтың соңы 39-40 | «Ассоциациялар» әдісі
Оқушылар ассоциацияларды стикерге жазады да сәйкес суретке жабыстырады. | Стикерлер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №8 | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қабілеті жоғары оқушыларға ХХ ғасырдың басындағы зиялылар өкілімен елестеткен сұхбатты жазуды ұсынуға болады. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. "Ассоциациялар" әдісі оқушыларға сабақта алған білімдерін жинақтауға мүмкіндік береді. Сабақ ғылым мен мәдениет қайраткерлеріне құрмет сезімін дарытады. Сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бағалаңыз.: -ХХ ғасырдың мәдениет және ғылым саласындағы маңызды оқиғаларын атай аласың ба? - Қазақстанның қандай ғалымдарын білесің? - Педагогикалық институттар не үшін ашылуда? | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру