Менің өлкемдегі өндіріс орындары. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.
«Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4 сынып
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 бөлім: «Менің Отаным Қазақстан» Күні: Сынып: 4 | Мектеп Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар саны: Қатсыпағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Менің өлкемдегі өндіріс орындары | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.3.2 түрлі дереккөздерге сүйене отырып, өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама беру. | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар -әр түрлі дереккөздердерді негізге ала отырып, өз өлкесінің кәсіпорындарын сипаттайды; -Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының өнімдерін зерттейді. | |||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: -жоспарды пайдалана отырып, кәсіпорынды сипаттайды; - кәсіпорындар мен шаруа қожалықтар өндіретін өнімдер туралы айтады; - кәсіпорынның болашағын елестетіп, оған сипаттама береді. | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Елдің шаруашылық кешені деген не? Жазуға арналған сұрақтар: -Суреттерде бейнеленген кәсіпорынды сипаттаңыз. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет қарама-қарсы пікірлерді талқылау кезінде бір-біріне мейірімділік қарым-қатынас арқылы қалыптасады. Патриотизм өзінің туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке, Қазақстанның әлемдік экономикадағы рөлін сезінуге баулу арқылы дамиды. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Орыс тілі: монолог дағдысын дамыту; Саяси-әкімшілік картамен жұмыс. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Күнделікті пайдаланылатын заттар, Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындары, көлік түрлері туралы білімдері бар. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-4 5-7 |
-зат атауы мен оларды өндіретін кәсіпорынды қосып өз жұптарыңды табыңдар. Оқушылар қолда бар ақпаратты жаңғырта отырып жұптарға бөлінеді. Алынған сөздер екі бағанда тақтаға орналастырылады: не өндіреді – қайда шығарылады.
- өз өлкесінің кәсіпорындарын сипаттау; - Қазақстанның әр аймақтарындағы өнеркәсіп және шаруа қожалықтарының өнімдерімен танысу. | Заттар мен кәсіпорындардың атаулары бар карточкалар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №2 Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №3 | ||||
Сабақ ортасы 8-16 17-21
21-26 27-36 |
Оқушылар топпен жұмыс істейді, жоспарды пайдалана отырып, Қазақстанның кәсіпорындары туралы өз таңдаулары бойынша хабарлама дайындайды. Жауап бергенде олар таңдалған кәсіпорындармен карточкаларды екі бағанға орналастыруы тиіс: тауарлар өндірісі, қызметтер өндірісі. Оқушылар өз бетінше жаңа терминге түсінік бере алады. Бағалау критерийлері:
Оқушылар топпен жұмыс істейді, өңдеу кезеңдерінің ретін құрастырады. Талқылау нәтижесі табиғи материалдан бастап дайын өніммен аяқталатын сызба түрінде жазылады.
Фотосуретті қарастырып, суреттердің бірі бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.
Оқушылар өз бетінше жұмыс істейді. Мүмкіндің болса, Интернет ресурстарын пайдалана алады. Жұптағы жұмыстарды бағалайды
Сіз ересек болдыңыз және өз кәсіпорныңызды ашуды шешкеніңізді елестетіңіз. Сізге бизнес-жоспар құру керек. Бұл үшін Сіз не өндіресіз деп ойлайсыз? Кәсіпорынды ашу үшін не қажет? Сіздің кәсіпорныңызда қанша адам жұмыс істейді? Сіздің өнімдеріңізді кім сатып алады? Оқушылар жұппен, топта немесе жеке жұмыс істейді. Олар өз идеяларын постер түрінде рәсімдейді.Содан кейін өз идеясын сыныпқа таныстырады. Бағалау критерийлері: -тақырып бойынша сабақтаалған білімдерін оқушылар қолданып, болашақ кәсіпорынды елестетеді; - спикердің тақырып бойынша сабақта зерделенген терминдерді қолданды. | Жоспары бар таратпа парақ (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №4-5 А4 парақтар (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз https://kazdata.kz/04/katalog-kazakhstan.html Слайд №6 Фотосуреттер А3 парақтар, маркерлер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №7 | ||||
Сабақтың соңы 37-40 | Рефлексия (жеке): «Менің пікірім» Оқушыларға таратпа парақтар таратылады. Сабаққа пікір жазу ұсынылады. Сабақ маған ұнады ..... Тағы да білгім келеді... Рахмет айтқым келеді.... | Таратпа парақтар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №8 | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қабілеті жоғары оқушыларға шығармашылық сипаттағы тапсырма ұсынуға болады: Ғаламтор ресурстарын пайдалана отырып, кәсіпорын туралы ақпарат жинау. Бизнес-жоспар құру бойынша тапсырма қабілеті жоғары оқушыларға жеке орындауға кеңес беріңіз. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады. "Менің пікірім" стратегиясы әрбір оқушының сабаққа қатысуын бағалауға мүмкіндік береді.Сабақ талдау, ақпаратты іздеу дағдыларын дамытады. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысындақауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?