Менің шығындарым. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім «Адамгершілік» Мерзімі: 1-тоқсан Сынып: 3 | Мектеп: Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Менің шығындарым | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.1.4 өз шығындарын жоспарлау және негіздеу 3.1.1.5 өз шығындарын оңтайландыру жолдарын ұсыну | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Жазуға берілетін тапсырма:
| ||||
Құндылықтарды дарыту | Отбасылық құндылықтардың негізі - өзара көмек көрсету, сыйластық, түсіну және қолдау. Азаматтық жауапкершілік өз шығындарын жоспарлай алу, отбасылық бюджетті үнемдеуге үлес қосу арқылы жүзеге асады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Экономика: «жоспарлау», «бюджет», «кіріс-шығыс» ұғымдары. Жаратылыстану: ойын түрінде «молекула» ұғымы. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылардың отбасы, отбасы құндылықтары туралы білім негіздері бар. Өзінің отбасындағы тұтыну заттарына деген қажеттіліктердің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтай алады. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-3
4-6 7-8 |
Оқушылар сыныптың бос алаңына шығып, молекулалар сияқты бейберекет қозғала бастайды. Біраз уақыттан соң мұғалім 1-ден 6-ға дейінгі сан жазылған тақтайшаны көрсетеді. Сол санға байланысты оқушылар топтасулары тиіс. Ойынның соңында 6 саны көрсетіліп, 6 оқушыдан тұратын 4 топ құрылуы тиіс.
Мұғалім қара жәшікті алып шығып, ішінде не жасырынғанын табуды ұсынады. Оқушыларға «иә» немесе «жоқ» деген жауабы бар сұрақтар қоюларына болады. Мысалы: Бұл тірі зат па? Жауабы: АҚША
Оқушылардың жауаптары талқыланады.
-өз шығындарынды жоспарлау және негіздеу; - өз шығындарын оңтайландыру жолдарын ұсыну. | Сандар жазылған тақтайшалар (әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз) Қара түсті жәшік, 1000теңгелік ақша (әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз) Слайд №3 | |||
Сабақ ортасы 9-15 16-20 21-25 26-36 |
Әр топқа оқулықтан (16-17 бб) алынған мәтін қағазға шығарылып таратылады және маркерлер беріледі. 3 минуттың ішінде топтың әрбір мүшесі мәтінді оқып, таныс емес терминдерді маркермен белгілеп шығады. Содан кейін осы ұғымдарды талқылайды. Топтардың біреуі жетекші болып оқушылармен тағайындалады. Басқа барлық оқушылар орындарынан тұрып осы топқа келеді. Жетекші топ белгілегендерге сәйкес мәтінді талқылауды бастайды. Басқа оқушылар талқылау барысын бақылайды.
Оқылған мәтін бойынша топ ақылдаса 1 жіңішке, 1 жуан сұрақ қояды. Топтар өзара бір-біріне сұрақтар қояды. Жіңішке сұрақтар мысалы:
Жуан сұрақтар мысалы:
Бір оқушы «кіріс» сөзін, келесі оқушы «шығыс» сөзін таңдап алады. Осы сөздерді пайдаланып, бюджет тапшылығы және өз шығындарын үнемдеу жолдарына мысалдар келтіреді. Бюджетті қалай тепе-теңдікте ұстауға болатыны жайында талқылау жүргізеді. Бағалау критерийлері:
Әр топ қандай да бір мөлшерде ақша алады. Төмендегі жағдаят беріледі «Сенің ата-анаң толық бір күнге кетіп қалды. Саған ақша қалдырды. Сенің қамқорлығында әжең мен қарындасың қалды. Осы күнді қалай өткізер едің? Ақшаны неге жұмсайсың? Бір күнге арналған шығындар кестесін жаса». Топта ақшаны санап, талқылап, шығындар кестесін толтырады. Ары қарай әр топ өздерінің шығындар кестесін көпшілікке ұсынып, осы жағдаятты шешуде тиімді болғанын дәлелдеп, қорғайды. Тапсырма орындалғаннан кейін талқылауға арналған сұрақтар: -Балалар, қалай ойлайсыңдар, отбасылық бюджетті үнемдеу үшін не істеу керек? -Отбасылық бюджетті үнемдеуде «кіріс» пен «шығыстың» қайсысы маңызды рөл атқарады деп ойлайсыңдар? Неліктен? - Адам денсаулығы үшін қандай шығындар маңызды?
Бағалау критерийлері:
| 4топқа арналған қағазға шығарылған мәтіндер, маркерлер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) «Кіріс», «Шығыс» сөздері жазылған карточкалар.
Шығындар кестесі (дидактикалық материалға қараңыз) 4 топқа арналған теңге | |||
Сабақтың соңы 37-40 | Рефлексия (жеке): Бүгінгі сабақта мен .............. білдім. Бүгінгі сабақта мен .............. үйрендім. Алдағы уақытта..................қолданамын. Бірнеше жауаптарды талдауға болады. |
Таратпа парақ Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті жоғары оқушыларға ішкі және рухани әлемді дамытуға қажет шығындар тізімін жасауды ұсынуға болады. Оқуда кедергісі бар оқушыларға бір тоқсан бойындағы оқуы үшін қажет шығындар тізімін жасауды ұсынуға болады. Аталған тапсырмаларды жазбаша орындауға болады. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Аквариум» стратегиясында жетекші топтың жұмысын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалауға болады. «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы арқылы мәтінді түсіну деңгейін байқауға болады. «Ата-анасыз бір күн» стратегиясында оқушылар критерийларға сай анағұрлым оңтайлы шешу жолдарына дауыс береді. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?