Менің шығындарым. Дүниетану, 3 сынып, презентация.


Менің шығындарым

2 сабақ

2 бөлім Адамгершілік»

Топқа бөліну «Молекула»

«Қара жәшік» стратегиясы

Қара жәшіктің ішінде не жасырынғанын табыңдар.

«Иә» немесе «Жоқ» деген жауабы бар сұрақтар қойыңдар.

Сабақтың мақсаттары

Сен:

өз шығындарыңды жоспарлайсың және негіздейсің;

өз шығындарыңды оңтайландыру жолдарын ұсынасың.

Мәтінмен жұмыс. «Аквариум» стратегиясы

Мәтінді оқып шығыңдар.

Таныс емес сөздерді , түсініксіз сөйлемдерді сызып белгілеңдер.

Топта талқылаңдар.

Жетекші топты таңдаңдар.

Жетекші топтың талқылауына бақылау жасаңдар.

Олардың пікірлерін толықтырыңдар.

Отбасылық бюджет - отбасы табысының белгілі бір уақыттағы кірісі мен шығысы.

Кірісбұл еңбегіңе қарай төленген айлық табыс немесе жинақталған материалдық құндылық.

Шығыскүнделікті

қажеттілікке жұмсалған

қаражат.

«Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы

Оқылған мәтін бойынша топта 1 жіңішке, 1 жуан сұрақ қойыңдар.

Өзара бір-бірлеріңе сұрақ қойыңдар.

«Кіріс-шығыс» тапсырмасы

Бір оқушы «кіріс» сөзін, бір оқушы «шығыс» сөзін таңдайды.

Таңдалған категория бойынша көбірек мысалдар жазыңдар;

Бюджетті қалай толықтыруға болатыны жайында талдау жүргізіңдер.

«Ата-анасыз бір күн» мәселелік сұрақты шешу

«Сенің ата-анаң толық бір күнге кетіп қалды. Саған ақша қалдырды. Сенің қамқорлығында әжең мен қарындасың қалды. Осы күнді қалай өткізер едің? Ақшаны неге жұмсайсың? Бір күнге арналған шығындар кестесін жаса»

РЕФЛЕКСИЯ

Ойланып, кестені толтырыңдар.

Бүгінгі сабақта мен .............. білдім.

Бүгінгі сабақта мен ........... үйрендім.

Алдағы уақытта..............қолданамын.

Сонымен:

Сен:

өз шығындарыңды жоспарладың және негіздедің;

өз шығындарыңды оңтайландыру жолдарын ұсындың.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу