Менің шығындарым. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар

  • Топқа бөліну «Молекула»

Ойынның алдында «молекула» деген сөздің мағынасына тоқталып, бірнеше сөзбен түсіндіріп кетуге болады.

Мысалы:

  • «Қара жәшік» стратегиясы

Сұрақ белгісі жабыстырылған қара жәшікті алдын-ала дайындап қойыңыз. Оны кейін де әр түрлі әдіспен қолдануға болады. Мысалы, «терминді жасыру», «сұрақ жасыру», «жағдаяттың шешімін жасыру» және т.б.

  • Мәтінмен жұмыс. «Аквариум» стратегиясы (жеке, топта)

Ашық пікірталаста топтың әрбір мүшесі қалай жұмыс істейтіні көрінетіндіктен, «Аквариум» стратегиясы оқушыларды топтағы талқылауға жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Мұғалім жетекші топтың әрбір пікіріне мұяқият болып, тыңдауы керек, егер қажетт болса, бағыт беріп, түзетулер жасап тұруы қажет. Нақты емес айғақтар немесе тұжырымдар болып жатса, бақылаушы оқушылардан көмек сұрауға болады.

  • «Кіріс-шығыс» тапсырмасында отбасылық бюджетті үнемдеу арқылы табиғи ресурстарды да үнемдеуге болатындығына назар аударту керек. Мысалы: суды үнемдеп пайдалану табиғаттағы су қорын сақтауға мүмкіндік берсе, ал электр энергиясын үнемдеу жылу энергия көзін үнемдеуге мүмкіндік береді

Жұппен жұмыс жасаудағы ережелер:

  • Ақырын сөйле және сабырлы бол.
  • Достарыңа құрметпен қара, жұбыңды мұяқият тыңда.
  • Досыңның сөзін бөлмеуге тырыс, аяғына дейін тыңда.
  • Ескертуді сыпайы түрде жаса, дөрекілік танытпа.
  • Қандай да бір мәселені шешуде қиындық туындаса, мұғалімге жүгін.
  • Рефлексияға арналған тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Ол үшін дидактикалық материалдағы таратпа парақ үлестіріледі. Жазар алдында 1 минут тыныштықта көз жұмып, бүгінгі сабақта барлық үйренгендерін ой елегінен өткізуге мүмкіндік беріледі. Парақтар толтырылғаннан кейін ұстаз жинап алып, сараптама жасауы тиіс. Қорытындысын келесі сабақты жоспарлауда қолдану керек.
  • Негізгі ұғымдар:

Отбасылық бюджет - отбасы табысының белгілі бір уақыттағы кірісі мен шығысы.

Кіріс – бұл еңбегіңе қарай төленген айлық табыс немесе жинақталған материалдық құндылық.

Шығыс – күнделікті қажеттілікке жұмсалған қаражат.

Пайдалы сілтемелер:

https://www.google.kz/search?q=%D0%BE%D1%82%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%9B+%D0%B1%D1%8E%D0%B4%D0%B6%D0%B5%D1%82&rlz=1C1GGGE

http://www.fingramota.kz/video/detail.php?ELEMENT_ID=613



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу