Менің бабаларым - қыпшақтар. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

  • Шаттық шеңбері «Егер мен күн болсам»

Сабақтың алдында оқушылар шеңберге жиналады. Олар топтың ортасына шығып, қолына күннің суретін немесе макетін ұстап тұрып сабаққа жақсы тілек айтып, жақсы көңіл күй сыйлайды.

  • Оқушылар өлеңді тыңдап, соңынан талқылау жүргізіледі. Талқылау

жүргізуде сабақтың мақсатын өздері айқындайтындай оқушыларға жетекші сұрақтар қойыңыз.

  • «Қабырғаға қарап оқу» стратегиясы (жеке, топта, ұжымда)

Оқушыларға сынып бөлмесінің кез-келген жеріне ілінген қыпшақтардың

өмір сүру ерекшеліктері туралы мәліметтермен танысу ұсынылады.

Мәліметпен танысқаннан соң, мәліметі талқылайды.

Талқылауда «Қалам ортада» стратегиясын қолданыңыз. Әр топтағы

оқушылар кезек-кезек қаламды қолына алып, қолында қаламы бар оқушы

топқа сұрақтар қояды.

Басында қауырсыны бар қаламсапты алдын-ала дайындап қойыңыз.

  • «Бейнематериалды көрсету» тапсырмасында сілтеме бойынша бейнематериалды көрсетілген уақытқа дейін ғана көрсетіңіз (1:57-тан 4:16-ға дейін). Оқушылар бейнефильмді көріп болған соң, соңынан талқылау жүргізіледі. Талқылауға арналған сұрақтарды ұсынуға болады немесе қабілеті жоғары оқушыларға стикерлер жабыстыру арқылы сұрақтар дайындатуға болады.
  • «Венн диаграммасы» стратегиясы (топта)

Оқушыларға қазақтар мен қыпшақтарды салыстыруға тапсырма беріледі. Олар киімдерін, тілдерін, жазуларын, жалпы өмір сүрулері, немен айналысатындықтарын салыстырады. Тапсырманы орындамас

бұрын презентация арқылы алған білімдерін толықтыру мақсатында бірнеше слайдқа назар аударту керек. Әр топ салыстырған диаграммаларын келесі топқа жылжытады да, ол топ стикерге пікір жазу арқылы бағалайды немесе «Галереяда ой шарлау» стратегиясын пайдалануға да болады. Ол үшін әр топтың диаграммаларын сынып бөлмесіне іліп, оқушылар аралап қарап, пікірлерін жазып кетеді. Әр топ үшін диаграммаларды алдын-ала сызып, стикерлерді дайындап қою қажет.

  • «Ара ұясы» стратегиясы.

Бұл тапсырма осы тақырып бойынша алған барлық білімдерін жинақтауға бағытталады.

А) Сендер қыпшақ отбасында қонақта отырсыңдар (елестету)

Ә) Сен қыпшақтар туралы фильмнің сценарийін құрастырып жатырсың. Қыпшақтардың өміріндегі қандай маңызды сәттерді кадрға енгізер едің? (суретін салуға немесе жазуға тапсырма беріледі.) Тапсырма орындау үшін сурет салатын немесе жазатын заттарды дайындап қою қажет.

  • Рефлексия (жеке):

«Үш жағымды сәт» стратегиясы.

Оқушыларға сабақтың барысында орын алған үш жағымды сәтті, яғни, тапсырманы орындауда болған үш жағдайды және келесі сабақта олардың жұмыстарын жақсарта түсуге керек болатын бір әрекетті атау ұсынылады. Кейбір жауаптарды оқып талдап, пікірлерін білдіреді.

Пайдалы сілтемелер:

  • Дешті – Қыпшақ құпия таңбалар Сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=XFMyyYbXTHg

(1:57-тан 4:16-ға дейін көрсету)

  • Дешті – Қыпшақ даласы

https://www.youtube.com/watch?v=PCol0HU8dtg

(2.07)

  • "Бабалар ізімен" экспедициясы Жапония елінде

https://www.youtube.com/watch?v=s1EGTVeRvcU

(2.43)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу