Менің бабаларым - қыпшақтар. Дүниетану, 3 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар

  • Шаттық шеңбері: «Егер мен күн болсам...»

Күннің суреті

  • «Қабырғаға қарап оқу» стратегиясына арналған мәтіндер:

Теориялық материалдар:

  Әлемге үстемдік еткен қыпшақ тілі

  

 Абай-Ақпарат

 Осыдан 7 ғасыр бұрын қыпшақтар нотамен ән салған

 Осыдан 7 ғасыр бұрын қыпшақтар нотамен ән салған Көп ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолы саудамен қатар халықтардың өзара мәдени алмасуына зор ықпал етті. Ұлы Жібек жолының Енесейден Дунайға дейінгі бөлігі қыпшақтардың иелігінде болып, ол Дешті Қыпшақ деп аталды.

  Осы аралықтағы халықаралық қатынас тілі қыпшақ тілі еді.  Александр Николаевич оған мынандай бір мысал келтіреді.  ХІV ғасырдағы италияндық көпестің Қырымдағы Федосия қаласында ұлына арнап құрастырған  сауда жөніндегі оқу құралында Ұлы Жібек жолымен керуенге ілеспес бұрын сақал өсіріп, шашты тақырлап ал, екі әйел, бір еркек  малай жалдап, қыпшақ тілін үйрен деп өсиет қалдырыпты.  Александар Николаевичтің келесі  еңбегі осыдан 700 жыл бұрын қыпшақ тілінде жазылған  «Кодекс Куманикус» тарихи ескерткішімен  тікелей байланысты. «Куманикус» сөзінің төркініне келсек, Еуропада қыпшақтарды куман деген. Сонда қолжазбада не жазылған дейсіз ғой,  қыпшақ тілінде  Аве Марияның 75 өлеңі және «Есіме түссе Исаның қасиетті қаны» деген өлең  нотасымен берілген. Бұл қыпшақтардың сол дәуірде-ақ нотаны меңгергенін көрсетеді.

Шаруашылығы.

  Негізгі шаруашылығы: мал шаруашылығы. Төрт түлік мал өсірген. ХІІІғғ. Орта кезінде Қазақстанда болған саяхатшылар П.Карпини мен Г.Рубрук айтуынша арба үстіне тігілген үйлерін 10 немесе 22 өгіз тартқан. Қыпшақ жылқыларын төзімділігімен, жүрдектігімен, жорғалығымен халықаралық саудада жоғары бағаланған. Ауған, Иран, Египет, Үнді жерлерінде қыпшақ жылқылары 100 динардан 500 динарға дейін сатылған. Ибн Баттутаның дерегі бойынша Қыпшақтар сиыр малын да өсірген.

Қыпшақтар егін салумен де айналысқан. ХІІ ғғ. Еврей саяхатшысы Петахья өз жазбасында қыпшақтардың тары мен күрішті көп өсіргенін жазған. ХIV ғасырда әл-Омари былай деп жазған: «Қыпшақтар аздап бидай, арпа өсіреді, көп өсіретіні – тары, ал тамақтарының негізгі түрі тарыдан жасалады».

Қыпшақтарда шаруашылықтың қосымша түрі аң аулау болған. Еврей саяхатшысының жазуынша, аңды садақпен аулаған. Аңшылардың мергендігін айтқан. Аң еті тамақ үшін және кейбір қымбат бағалы терілерін сату үшін ауланған және аң терілерінен қысқы жылы киім тігілген.

Қыпшақтарда тұрмыстық кәсіп қолөнер жақсы дамыған. Малдың жүні мен терісінен қажетті бұйымдарды жасаған. Сондай-ақ, қыпшақтарда ағаш шеберлері, темір ұсталары қалыптасып, зергерлік те жақсы дамыған.

  • «Бейнематериалды көрсету»

Дешті – Қыпшақ құпия таңбалар Сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=XFMyyYbXTHg

(1:57-тан 4:16-ға дейін көрсету)

  • «Венн диаграммасы» стратегиясы
  • «Ара ұясы» стратегиясы

Бос кадрлар

Үлгі 1:

Үлгі 2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу