Менің мектебімнің қағидаттары. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

Мерзімі: 4-тоқсан

Сынып: 3

Мектеп:

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Менің мектебімнің қағидаттары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.3 Қоғамда қабылданған әдептілік ережелерін түсіндіру;

3.1.4.2 Спорт түрлерін топтау, спорт түрлерінің қайсысына өзінің қарым-қабілетінің жететінін анықтау.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Мектеп өмірін жақсарту бойынша ұсыныстар жасайды;
  • Қоғамдағы әдептілік ережелерін түсіндіреді;
  • Өзіне лайық спорт түрін таңдайды;

Бағалау критерийлері

  • «Үздік мектеп» моделін құрастырады;
  • Мектеп өмірін спорт саласында жақсарту жолдарын ұсынады;
  • Мерекелік іс-шараны жоспарлайды;
  • Қоғамда қабылданған әдептілік ережелерін әңгімелейді;
  • өзінің қабілетінің қай спортқа сәйкес келетінін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- қоғамдағы әдептілік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді.

Терминология:

  • әдептілік ережелері
  • спорт түрлері

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Қоғамда өзіңді қалай ұстау керек?

Жазуға берілетін тапсырма:

  • қоршаған ортадағы әдептілік ережелерін жаса

Құндылықтарды дарыту

Ұжымда түсіністік пен қолдаудың, бірлесе әрекеттегі сыйластықтың маңыздылығын түсінеді.

Ынтымақтастық– шешім қабылдауда, бірлесе жұмыс жасай білуден көрінеді.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

Өзін-өзі тану: спорт түрін таңдауда өз қабілетін анықтайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Әдептілік нормаларын біледі. Әдептілік ережелерін құрастыру тәжірибелері бар. Спорттың пайдасын түсінеді. Спорт түрлерін сипаттай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

4-5

  • Starter «Ортадағы ой» (ұжымда)

Оқушыларды орындарынан тұрғызып шеңбер құрғызып, үздік мектеп қандай болу керек деген мәселе бойынша пікірлерін айтқызу. Сабақтың мақсатына алып келу.

«Түрлі-түсті пішіндер» арқылы топқа бөлу.

  • Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

-Мектеп өмірін жақсарту бойынша ұсыныстар жасайды;

-Қоғамдағы әдептілік ережелерін түсіндіреді;

- Өзіне лайық спорт түрін таңдайды;

Түрлі-түсті пішіндер

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Сабақ ортасы

6-15

16-20

21-25

26-30

31-36

  • «Үздік мектеп» моделін құрау тапсырмасы (жұпта, топта, ұжымда)

Тапсырмаға кіріспес бұрын оқушылар сабақ тақырыбы бойынша ағаштың қай тұсында тұрғанын бояп белгілейді. (Әр тапсырма сайын белгілеп отырады)

Оқушылар жекелей берілген кестені толтырады.

Мектепте не ұнайды?

Мектепте нені жақсартқым келеді?

Жұпта кесте бойынша талқылау жүргізіп, ұсыныстар айтады.

Бірлесіп топта «Үздік мектеп» жобасын жасау үшін жоспар дайындайды. Жоспар бойынша модельді құрастырады және қорғайды.

Бағалау критерийлері:

  • «Үздік мектеп» моделін құрастырады.
  • «Мектеп және спорт» тақырыбында пікірлесу (жұпта)

Мектеп пен спорт ұғымдарын байланыстыра отырып, оқушылар өздеріне ұнайтын спорт түрлері бойынша пікір алмасады. Өз талғамдары мен денсаулықтарына орай, қай спорт түріне қабілетті екендіктерін анықтайды. Спорт түріне арналған таратпа парақтан өзіне лайық деген спорт түрін белгілейді.

Талқылау сұрақтары:

  • Қай спорт түрін таңдайсың?
  • Ол неге саған ұнайды?
  • Бұл спорттан өзің қандай жетістікке жетем деп ойлайсың?
  • Сен таңдаған спорт түрі мектебіңде бар ма?

Бағалау критерийлері:

  • өзінің қабілетінің қай спортқа сәйкес келетінін анықтайды.
  • « Идеялар кілемі» стратегиясы (жеке, ұжымда)

«Менің ұсынысым..» тапсырмасы.

Оқушылар мектеп өмірін спорт бағытында қалай жақсарту туралы өз идеяларын берілген фигураның ұяшықтарына жазады немесе стикерге жазып жапсырады.

Ең үздік деген 3 идея таңдалынады. Құрастыратын көрсетілімдері мектеп әкімшілігіне ресми хат ретінде жолданады.

Оқушылар ағаштың қай тұсында тұрғанын бояп белгілейді.

Бағалау критерийлері:

  • Мектеп өмірін спорт саласында жақсарту жолдарын ұсынады.
  • «Смарт жоспарлау» (мақсаты, өзектілігі, өлшемі, уақыты)

Берілген тақырыптар бойынша мерекелік іс – шара жоспарланады.

1-топ: «Соңғы қоңырау» мерекесі

2-топ: «Спорттық жанұя»

3-топ: «Мен - өз Отанымның патриотымын»

4-топ: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды».

Тапсырма:

Мерекелік іс шараның мақсаты, өзектілігі, көлемі, уақыты қамтылған жоспар жасаңдар.

Тапсырманы орындау барысында сол мерекелік шарада қандай қоғамдық әдептілік ережелерін ұстану керектігін әңгімелейді.

Бағалау критерийлері:

-Қоғамда қабылданған әдептілік ережелерін әңгімелейді;

-Мерекелік іс-шараларды жоспарлайды.

  • «Аялдама» стратегиясы

Топпен жоспарды құрастырып, келесі топтарға береді. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы жұмысты бағалайды (жоспардың екі жақсы жағын көрсетеді және бір ұсыныс береді

Кері байланыс ағашының үлгісі

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Таратпа материал

Маркерлер, А3 плакаты

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

стикерлер

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Маркерлер, А3 плакаты

Таратпа материал

Маркерлер, А3 плакаты

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия (жеке):

Әр оқушыға ағаш суреті бар парақтар сабақ басында таратылған. Оқушылар сабақ барысындағы өзінің іс-әркетін әр тапсырма сайын қай тұста тұрғандарын бояп белгілеп отырған. Сабақ соңыда парақтар тақтаға ілініп, таланады.

Таратпа парақ

дидактикалық материалға қараңыз

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысындағы әртүрлі сипаттағы тапсырмалар оқушылардың әртүрлі қабілеттерін көрсете алуына жағдай туғызады.. «Үздік мектеп» жобасын жасауда оқуда кедергісі бар оқушылар үшін қосымша материал беріп қолдауға болады. «Смарт жоспарлауда» оқушылар қабілеттеріне қарай рөлдерді бөліп алуларына болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Бірінші тапсырмадан бастап, оқушылар өз деңгейлерін ағашқа бояп белгілейді. (өзіндік баалау) Сабақ соңында кімнің қандай деңгейде екені талданады.

Оқушыларға мектеп ішіндегі қауіпсіздік к ережелерін естеріне түсіру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу