Мұның барлығын адам жасаған. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


«Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4 сынып

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 бөлім: «Мәдени мұра»

Күні:

Сынып: 4

Мектеп

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мұның барлығын адам жасаған

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.1.1 түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресін анықтау

4.3.1.2тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіру

4.3.1.3 өзіндік мұражай жобасын ұсыну

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

- түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресті анықтайды;

- тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіреді;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

-өнертабыстарды хронологиялық тәртіппен орналастырады;

- әр өнертабыстың маңыздылығын түсіндіреді;

- түрлі көздерді пайдалана отырып, техникалық прогресс туралы ақпарат жинайды;

- тарихи мұражайдың мақсатын түсіндіреді;

- өз мұражайының жобасын жасайды;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-тиісті терминологияны пайдалана отырып, тарихи мұражайлардың мақсатын түсіндіре алады.

Терминология:

  • Өнертабыс
  • Прогресс

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Техникалық өнертабыстар адам өмірін қала йжеңілдетеді?

- Өнертабыстар техникалық прогреске қалай әсер етеді?

Жазуға арналған сұрақтар:

- Қазіргі уақытта қандай өнертабыстар пайда болды?

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизмді, өз халқының тарихын құрметтеуді қалыптастыру, өмір бойы оқуға ұмтылуды дарыту

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: тілдік байланыс дағдысын дамыту

Робототехника саласы

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылардың ежелгі адамдардың өмірі, технологиялық прогресс, негізгі өнертабыстар және олардың мәні, тарихи мұражайлар және олардың мәні туралы білімдерін қамтиды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4

5-8

  • Кіріспе тапсырма «Идеялар шеңбері» (топпен)

-Шеңбер бойымен тұрыңдар. Күнделікті қолданып жүрген техника түрлері және техникалық заттарды атаңдар.

Оқушылар шеңбер бойымен техника заттары мен техника түрлерін атайды. Ойлануға 3 секундтан аспайтын уақыт беріледі.Кім көп сөздер айтады, сол жеңіске жетеді.

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресті анықтау;

- тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіру;

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №2

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Сабақ ортасы

9-19

20-29

30-38

  • Ойлан (топпен)

- Осы өнертабыстар не үшін жасалғанын болжаңдар.

- Бұл өнертабыстар адам өмірін қалай жеңілдетеді?

- Осы өнертабыстар уақыт өте келе қалай өзгерді?

Оқушылар топпен жұмыс істейді, бар білімдерін толықтырады және жаңғыртады. Топ жұмысының нәтижесін сыныпқа таныстырады.

  • Не маңыздырақ? (жұппен)

-Өнертабыстарды пайда болуына қарай орналастырыңдар. Түсіндіріңдер.

- Бұл өнертабыстарды аса маңыздыдан маңыздыға дейін нөмірлеңдер. Дәлелдеңдер.

Оқушылар өз шешімдерін талқылай отырып, негізделген дәлелдер келтіре отырып жұпта жұмыс істейді.

Бағалау критерийлері:

-оқушылар өнертабыстарды хронологиялық тәртіппен орналастыра алады;

- әрбір өнертабыстың маңыздылығын түсіндіре алады.

  • Орында (топпен)

-Қандай мұражай ашқыларың келеді?

- Өз мұражайларыңа экспонат ретінде бір өнертабысты таңдап алыңдар.

- Болашақ "Экспонат" туралы көбірек ақпарат жинаңдар.

-Постерді рәсімдеңдер.

Оқушылар таңдалған өнертабыс бойынша постер жасай отырып, топпен жұмыс істейді.

Бағалау критерийлері:

-оқушылар тарихи мұражайдың мақсатын түсіндіре алады;

- оқушылар мұражай жобасын құра алады;

- түрлі көздерді пайдалана отырып, техникалық прогресс туралы ақпарат жинайды.

Өнертабыстары бар суреттер

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №4

Өнертабыстары бар суреттер, желім, қайшы, маркер

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №5

Ғаламторы бар компьютер, анықтамалар мен энциклопедиялар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Сабақтың соңы

39-40

«Заманауи өнертабыс»

-Біздің заманда не ойлап табуға болады? Ол халыққа қандай қызмет көрсетеді?

Ойланып, стикерге жазыңдар.

Оқушылар стикерге заманауи өнертабысты жазады. Стикерлерді тақтаға жабыстырып, талқылайды.

Стикерлер

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №6

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға әр түрлі дереккөздерді пайдалана отырып өнертапқыштар туралы мәліметтерді табуды ұсынуға болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады.

"Заманауи өнертабыс" тапсырмасы оқушыларға қазіргі әлемде өнертабыстардың әлі де болатынын, технологиялық прогресс бір орында тұрмайтынын түсінуге мүмкіндік береді.

Сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бағалаңыз:

-Сен қандай өнертабысты жиі пайдаланасың?

- Сөмкені адамзаттың дамуына үлес қосатын өнертабыс деп санауға бола ма?

ен не ойлап табар едің?

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысындақауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу