Мұның барлығын адам жасаған. Дүниетану, 4 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

1. Сабақтың басында оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Олар күнделікті пайдаланатын заттар мен техника түрлерін еске алып, атап өту керек. Жауап юеруге ойлануға 3 секундтан аспайтын уақыт беріледі. Жауаптар қайталанбауы керек. Сөз айтпаған адам ойыннан шығады. Жеңімпаз немесе жеңімпаз команда анықталғанша ойын 3-4 минуттан аспайды. Тапсырманы орындау барысында оқушылар өздерін көп заттар мен техника түрлері қоршап жатқанын түсінуі керек, онсыз біз өз өмірімізді елестете алмаймыз.Оқушылар сабақ тақырыбын құрастырып, оның мақсатын болжайды.

2. «Ойлан» Оқушылар таңдаған карточкадағы өнертабыс суретіне сәйкес топтарға бөлінеді. Содан кейін әрбір топ осы өнертабыс туралы хабарлама дайындайды:

Бұл өнертабыс неге жасалды?

Ол адам өмірін қалай жеңілдетеді?

Уақыт өте келе бұл өнертабыс қалай өзгерді?

Оқушыларға энциклопедиялар мен анықтамалықтар, интернет ресурстарын ұсынуға болады. Әрбір топ сыныбына хабарлама жасайды.

3. «Не маңызды?» Оқушылар жұппен жұмыс істейді. Алдымен олар өнертабыстардың хронологиялық тәртіпті тарихи уақытта бағдар жасай алу дағдыларын қалыптастыра отырып талқылайды. Қорытынды нұсқасын уақыт таспасын жасай отырып, А4 парағына жапсырады. Содан кейін адамзат үшін қандай өнертабыстың аса маңызды екенін, ал қандай маңызды екенін талқылайды. Өнертабыстарды аса маңыздыдан азырақ маңыздыға дейін нөмірлейді. Содан кейін нөмірлері бірінші пунктке сәйкес келген оқушылардың қолын көтеруді сұраңыз және оларды өз таңдауын дәлелдеуді сұраңыз. Әрбір тармақ осылай талқыланады. Оқушылар маңызды емес өнертабыстар жоқ екенін түсінуі керек. Әрбір өнертабыс өз уақытында маңызды болды және ғылыми-техникалық прогреске үлкен үлес қосты.

4. «Орында» Оқушылар қандай мұражайды ашқысы келетінін ойлауы керек. Ол үшін оларға қандай мұражайлар бар екенін, қандай мұражайларда болғысы келетінін еске алу қажет. Оқушылар осы тапсырманы орындау үшін өнертабысты өздері таңдай алады. Әр түрлі дереккөздерді пайдалана отырып, олар өнертабыс туралы ақпаратты жинайды: өнертабыс идеясы қашан және қалай пайда болды, өнертапқыш кім, бұл қай елде болды, өнертабыстың даму тарихы, алғашқы және қазіргі заманғы фотосуреттері. Барлық жиналған ақпаратты постер түрінде рәсімдейді. Оқушылар барлық өнертабыстар өнертабыс сәтінен бастап қазіргі уақытқа дейін өзгеріске ұшырайтынын, тіпті жаңа материалдар мен технологиялар пайда болғандықтан, олардың өзгерісі мен жаңғыруы болып жатқанын түсінуі қажет.

5. Сабақтың қорытындысын шығара отырып, рефлексия кезеңінде оқушылар бүгінгі күн туралы ойланып, бір заманауи өнертабыс жазу керек. Бұл бұрыннан бар өнертабыс болуы мүмкін, ал жаңа өнертабыс үшін идея ғана

болуы мүмкін. Оқушылар технологиялық прогрестің тоқтамайды, керісінше, тезірек дамып келе жатқанын түсінуі керек.

Теориялық материал:

Үлкен ресейлік энциклопедия "ғылыми-техникалық прогресс" ұғымына келесі анықтама береді: бұл экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ақпараттық әсерге қол жеткізу мақсатында ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдалану негізінде техника, технология, энергетика, тауарлар мен қызметтерді жетілдіру процесі мен нәтижесі. Сабақ контекстінде "прогресс" ұғымы қоғамның біртіндеп дамуы, өмірдің барлық жақтарын неғұрлым жоғары даму кезеңіне өту деп түсініледі.

Ерте палеолиттен бастап 2015 жылға дейін адамзаттың негізгі өнертабыстарының хронологиясын мына сілтеме бойынша табуға болады: https://facte.ru/inventions/28509.html

 Жаңа өнертабыстардың көпшілігі адамдарға пайда əкеледі.

 Доңғалақ пен күректі ойлап шығарғалы адамның еңбегі жеңілдеді. Жазу мен қағаздың пайда болуының арқасында адамдар өздерінің білімдерін ұрпақтарына қалдыра алды. Өнертапқыштар адамға пайдалы нəрсені қабылдау үшін, өсімдіктер мен аңдарды қадағалайды. Кейде өнертабыс оқыс пайда болуы мүмкін, бірақ ондай жағдай сирек кездеседі.

 Доңғалақ – адамның ұлы өнертабыстарының бірі. Бірінші доңғалақ тұтас болатын. Шабақты доңғалақ кейінірек, осыдан 4000 жыл бұрын пайда болды. Доңғалақсыз механизмдердің басым көпшілігі жұмыс істей алмайды: сағат-тар, автомобильдер, велосипедтер, турбиналар жəне жел диірмендер тұрып қалады.

 Бізді қоршаған үйреншікті заттар, мысалы, құлыптар, сіріңкелер, түйреуіштер, қолшатырлар – бұлар да біреулердің өнертабыстары. Көптеген өнертабыстар ғасырлар бойы мəлім, басқалары жақында ғана қолданыла бастады.

 Велосипед Бүгінгі замандағы велосипедтің түп бейнесі ХІХ ғасырдың басында пайда болды. Бұл өнертабыс бүгінгі үлгілерге тіптен ұқсамайтын. Оның тепкілері болмады, шабандоз аяғымен жерден итеріліп қозғалған. Жаңалықты «кішкентай ат» деп атады. 1840 жылдан кейін тепкілерді ойлап тапқаннан соң, велосипедпен жүру жеңілденді.

 Автомобиль. Алғашқы автомобильдер бу қозғалтқыштарында жұмыс жасаған. 1885 жылы неміс Карл Бенц бензинде жұмыс жасайтын қозғалтқыш ойлап тапты. Ал, бір жыл өткен соң – басқа неміс ГотлибДаймлер төрт доңғалақты автомобильді жинады. 1940 жылдарға дейін автомобильдер тым қымбат болғандықтан, оны сатып алатындай адам аз болды.

 Сағат Ежелгі египеттіктер су сағатын ойлап тапқан. Олар екі ыдыстан құралатын. Бір ыдыстың түбінен тесік жасалып, оның ішіндегі су төменірек тұрған екінші ыдысқа біртіндеп ағады. Жоғарғы ыдыстағы су деңгейі қай белгіге дейін азайғанына қарап, уақытты есептеген.

 

 Дирижабль ХХ ғасырдың 20-30-жылдары орасан дирижабльдер жолаушыларды Еуропадан Америкаға жəне кері қарай тасымалдаған. Олар жеңіл газ – сутек немесе гелиймен толтырылған еді. Дирижабльдің жолаушылары төменгі кабина – гондолада орналасатын. Дирижабль – қозғалтқышы бар, ауадан жеңіл басқарылатын ұшу аппараты. Қатты пішінді дирижабльдеріне негіз болып жеңілдетілген металл қаңқа қызмет жасайтын. Қаңқаныңішіндегісыйымдылықтардасутекорналасқан.

http://til.gov.kz/static/book_pole/i_love_reading/level_3/Inventions.pdf



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу