Біз – әрқашан біргеміз! Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім «Адамгершілік» Мерзімі: 1-тоқсан Сынып: 3 | Мектеп: Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Біз – әрқашан біргеміз! | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.2.1 Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін түсіндіру және өз нұсқасын ұсыну. 3.1.2.2 Түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын түсіндіру. | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - өзін-өзі басқарудың әдеп нормаларын түсіндіреді және өз нұсқасын ұсына алады. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - «Өзін-өзі басқару» сөзіне түсінік бер. Жазуға берілетін тапсырма:
| ||||
Құндылықтарды дарыту | Ұжымда түсіністік пен қолдаудың, бірлесе әрекеттегі сыйластықтың маңыздылығын түсінеді. Ынтымақтастық– шешім қабылдауда бірлесе жұмыс жасай білуден көрінеді. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі: байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Өзін-өзі тану: ұжым мүшесі болу және көшбасшылық қасиеттері. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мектеп қауымдастығы, мектепте өзін-өзі ұстау ережелері туралы негізгі білімдері бар. 2- сыныпта «Менің отбасым және достарым» тарауында «жауапкершілік» , «құқық», «міндет» деген ұғымдар туралы түсінік алған. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-5 6-9 10 |
Оқушыларға құмырсқалар туралы бейнежазбаны көру ұсынылады. Көрер алдында оқушыларға бейнежазбаны көру барысында байқаған құндылықтар/немесе сұрақтар/немесе ойлар жазатын стикерлер таратылады.
Талқылауға арналған сұрақтар: -Ұжым деген не? -Біздің сыныпты ұжым деп айтуға бола ма? -Сыныпты кім басқарады?
| Бейнежазба сабаққа арналған бейнематериалдарда берілген Құмырсқалар туралы мультфильм (№2 нұсқа) https://www.youtube.com/watch?v=83LOhs4yVuM Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Кері байланыс ағашының үлгісі Стикерлер Слайд №3 | |||
Сабақ ортасы 11-14 15-24 25-34 |
Мұғалім 4-топқа бір қорап шырпыдан (сіріңке) таратады. Шырпыны қолдануда қауіпсіздік ережесімен таныстырады. Мынадай жағдаят беріледі: -қораптан барлық шырпының шиін алып шығып, барлығын бірге ұстап сындырып көр; - шырпының бір бас шиін алып сындырып көр; - мұғалім «Сыпырғыш» аңызын айтып береді. Талқылауға арналған сұрақтар: - Неге шырпының бірнеше шиін қосып сындырғаннан, бір бас шиін сындыру оңай? - «Бірге болу» деген нені білдіреді?
Бағалау критерийлері:
-«Елсіз арал» ойыны арқылы әр топқа «аралда» өзін – өзі ұстау ережесін құрастыру ұсынылады. Ұсынылған ережелер арқылы мұғалім оқушылармен бірлесе сыныптың ережесін құрастырады. Оқушылар артығын алып, толықтырулар енгізіп, ұжымды түрде ортақ бір шешім қабылдайды. - «Өзін-өзі басқару», «ұжымдық шешім», «ымыраға келу», «өзара құрмет» ұғымдары талданады. Оқушылар күнделікті өмір дағдыларынан мысалдар келтіріп, дәлелдейді. Бағалау критерийлері:
| Шырпы немесе шыбықтар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз «Сыпырғыш» аңызы Таратпа материал
Маркерлер, А3 плакаты Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) | |||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия (жеке): «Нысана» Әр оқушыға нысана суреті бар парақтар таратылады. Оқушылар сабақ барысындағы өзінің іс-әркетін өзіндік бағалау арқылы нысананың әр бөлігіне белгі қоюы керек. |
Таратпа парақ дидактикалық материалға қараңыз | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Сабақ барысындағы әртүрлі сипаттағы тапсырмалар оқушылардың әртүрлі қабілеттерін көрсете алуына жағдай туғызады. «Достар тобы» – достарды бірге немесе бөлек ұстау. Осыған орай, оқушылар шешімді бірге қабылдай алулары үшін, бірге жүретін достарды әр топқа тарату. Осылайша, топта келіспеушіліктер мен дауласулар болуы мүмкін анағұрлым өмірлік жағдай туындайды. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. №6 тапсырмада оқушылар бір бірін «Бағдаршам» стратегиясы арқылы бағалайды. Ережелер түсініксіз Әлі де жақсартуға болады Керемет ережелер | Оқушыларға сіріңкені қолдануда қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіру. Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?