Біз – әрқашан біргеміз! Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар
- Құмырсқалар туралы бейнежазба
№1 нұсқа ретінде жүктеп алынған бейнематериалдардағы мультфильмді, сондай-ақ интернетке сілтеме арқылы №2 нұсқаны пайдалана аласыз. №2 нұсқа қысқалау (1мин20сек).
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=83LOhs4yVuM
Сонымен қатар, интернет желісінен ұжымдағы бірлікті көрсететін көптеген ұқсас бейнематериалдар табуға болады.
- Практикалық көрсетілім «Шыбықтар»
«Сыпырғыш» аңызы негізінде оқушылар «бірлік күшін» практикалық көрсетілім арқылы көре алады. Бұл тапсырмадағы кішігірім тәжірибе оқушылардың қызығушылығын тудырады. Оқушылар осы тәжірибенің нәтижесін өздері жасауына жағдай жасаңыз. Олардың болжамдарын «Сыпырғыш» аңызымен салыстырыңыз.
- «Елсіз арал» ойынын ойнау барысында аралға барған адамдардың міндеті мен құқығын анықтау маңызды. Құрастырылған ереже осы сыныптың оқушыларының ережесіне айналады. Сыныптың ережесі келесі іс-әрекеттерде қолданысқа алынатын болады. Бұл тапсырманы бағалауды сабақтың қысқа мерзімді жоспарының «бағалау» бөлімінен қараңыз.
- Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымы -оқушылардың білім беру мекемелерінің басқару жүйесіне араласу арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған, ұйым мүшелерінің қызығушылықтарын, құқықтарын қорғайтын, ерікті, қоғамдық бірлестік.
Дауыс беру -бұл топ мүшелерінің дауыстарын санау арқылы жалпы пікірлері тұжырымдалған, жиналыс арқылы адамдардың тобымен шешім қабылдау әдісі.
- Пайдалы сілтемелер
Біз біргеміз https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/biz-birgemiz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?