Адамдар қай жерде жиі қоныстанған? Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім «Жанды табиғат»
| Мектеп: | ||||||
Мерзімі: 1-тоқсан | Модератор: Сейтахметова Ж.М. | ||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Адамдар қай жерде жиі қоныстанған? | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.3.1 Адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын түсіндіру (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) | ||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: -табиғи климаттық жағдайларға байланысты халықтың орналасуына анықтама бере алады; - тілдік қорларын толықтырады; -ауызша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады. Терминология: Табиғи жағдайлар, қоныстану. Пайдалы сөз тіркестер: Адам өмірі мен қызметі ауа райына және климаттық .... Халықтың қоныстануы табиғи жағдайларға... | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық – бір-бірінің жауабын мұқият тыңдау барысында көрініс табады. Адалдық –әділ баға беруге үйрену арқылы жүзеге асады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | География: Рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары ұғымдары талданады | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушыларда қолайлы, қолайсыз табиғи жағдайлар туралы түсінік бар. Ауа райының қолайсыз құбылыстарын біледі. Қауіпсіздік ережелерін құру тәжірибелері бар.Картамен жұмыс жасау дағдылары дамуда. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-3
4-5 5-6 |
Оқушылар «өсімдік, жануарлар, жер бедері, өзен» суреттері арқылы 4 топқа бөлінеді. Топта климаттық белдеулер (экваторлық, тропикалық, қоңыржай, полярлық) бойынша постер дайындайды. Әр климаттық белдеудің топ атауына қатысын анықтайды.
Талқылауға ұсынылатын сұрақтар: -Қандай негізгі климаттық белдеулер бар? -Картада климаттық белдеулер қандай түстермен берілген? - Климаттық белдеулер қандай ерекшеліктеріне қарай аталған? -Әр климаттық белдеуде қандай қолайлы табиғи жағдайларды атауға болады? -Сен қай климаттық белдеуде өмір сүрер едің?
-табиғи жағдайларды білеміз; - табиғи жағдайлардың адам өміріне әсерін түсінеміз; | Суреттер, Постер құруға А1 және А3 қағаз, маркерлер Әдістемелік нұсқаулықтарға қараңыз Презентация Слайд№3 | |||||
Сабақ ортасы 7-12 13-18 19-26 27-35 |
Берілген суреттер топтамасына сүйене отырып, адам өмір сүруіне қолайлы және қолайсыз табиғи жағдайларды саралайды. Ойларын дәлелдейді. Бағалау критерийлері:
-«Халықтың орналасу тығыздығы» картасынан оқушылар халық тығыз орналасқан климаттық белдеуді табады және халықтың орналасуы табиға жағдайларға байланысты екенін түсіндіреді. -Картаны пайдаланып, халықтың әр түрлі қоныстану себебін анықтап, мысал келтіреді.
Оқушылар кескін картаға халық тығыз қоныстанған аймақты белгілейді. Себептерін дәлелдейді. Бағалау критерийлері:
Оқушылар 4 топта жұмыстарын жалғастырады. Әр топ қарсы топқа табиғи жағдайлар мен климаттық белдеулерге қатысты тұжырымдар дайындайды. Мысалы: Полярлық полюсте адамдар өмір сүреді, бірақ... Қарсы топ тұжырымды дұрыс аяқтауы шарт. Бағалау критерийлері:
| Суреттер топтамасы «Дүние жүзінің климаттық белдеулері мен облыстары» картасы «Халықтың орналасуы тығыздығы» картасы Әр оқушыда дүниежүзілік кескін картасы болу керек Маркер, флипчарттар, скотч, стикерлер (дидактикалық материалға қараңыз) Презентация Слайд№ | |||||
Сабақтың соңы 35-40 |
Бағалау критерийлері:
| Микрофон | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Қабілеті жоғары оқушыларға климатқа байланысты халықтың қоныстануы туралы салыстырмалы талдау жасауды жоспарлаңыз. Қай материкте адамдар қоныстанбаған? (Антарктида мен Солтүстік полюсте неге тұрақты халқы жоқ?) сияқты зерттеу сұрақтарын ұсынуға болады. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Берілген суреттер топтамасына сүйене отырып, адам өмір сүруіне қолайлы және қолайсыз табиғи жағдайларды саралау арқылы табиғи жағдайларды түсінгендерін көруге болады. «Бірақ» стратегиясы адам өміріне табиғи жағдайлардың әсер ету дәлелдерін келтіре алу деңгейлерін бағалайды. Кескін картамен жұмыс және салыстырмалы талдау барысында оқушылардың алған білімдерін бағалауға болады. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды