Адамдар қай жерде жиі қоныстанған? Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар

  • Оқушылар климат тақырыбы бойынша талқылаулар жүргізеді. Өзіндік зерттеулерін жүргізу нәтижесінде жаңа тақырыпты меңгеруге дайындалады.
  • «Волейбол» стратегиясы бойынша талқылау жүргізгенде ең алдымен сұрақ көпшілікке қойылады. Бұл допты лақтырғанға ұқсас. «Допты қағып алған», яғни жауап берген оқушы қайта ұстазға емес, «допты» яғни келесі сұрақты өзге оқушыға бағыттайды. Осылайша «доп», яғни сұрақтар «ойын алаңында», яғни оқушылардың өзара арасында жүреді. Оқушылар сіз ұсынған сұрақтардан бөлек, өз сұрақтарын да құрастырып қоя алады.
  • Кескін картамен жұмыс барысында халықтың орналасу тығыздығы адам тіршілігіне қолайлы жерлерде екенін нақтылап көрсетеді.

- Өзен, көл жағасы,

- жазықтар мен ойпаттар,

- теңіз, мұхиттың жағалауы,

-жауын- шашын көп түсетін аймақтарда,

-жылы жерде халық көп қоныстанады.

  • Кескін картамен жұмыс және салыстырмалы талдау барысында оқушылардың алған білімдерін бағалауға болады.
  • Оқушыларды топқа бөлген кезде топ мүшелерін өзгерткіңіз келсе (саралау жүргізу мақсатында немесе бір топта қабілеті жоғары оқушылар жиналып қалса т . с.с.) тиісті оқушының орындығының артына білдіртпей стикерге қажетті топ атауын жазып, жапсырып қойыңыз. Бір сәтте барлық оқушыларға тосын сый етіп орындықтарына қарап, топ мүшелерін алмастыруды ұсыныңыз. Бұл әдіс оқушыларды бір-бірінен бөлмей, байқатпай әрбір оқушының оқу мақсатына жетуге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
  • 1-ші тапсырмада оқушылар топта жұмыс жасау тәртібі төмендегідей болуы мүмкін:
  • 1 МИНУТ талқылау, баяндаушыларды таңдау;
  • 1Минут қорғау;
  • 1 минут сұрақтарға жауап беру.

Пайдалы сілтемелер:

1

Урбанизация деген не?

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/uchebnye-filmy/geografiya/lesson/urbanizacziya-degenimiz-ne

2

Елді мекендер, қала және село халқы. Қалалардың өсуі

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/qazaqstan-xalqy/lesson/eldi-mekender-qala-zhane-selo-xalqy-qalalardyng-osui



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу