Су бар жерде ырыс бар. Дүниетану, 3 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
- Топқа бөліну «Молекула». Тақтайшаларға арналған сандар (қиып алу).
1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 |
- «Картаға саяхат» тапсырмасы
Глобустың 3Д үлгісі
http://webtous.ru/ekskursii/virtualnyj-3d-globus-zemli-onlajn.html )
- «Өкіл» стратегиясы
1-топ «Зеттерушілер»: Судың қасиеттерін зерттеп, деректер жинап, дәлелдер келтіреді (тәжірибелермен). |
2-топ «Экологтар»: Судың тіршілік үшін маңыздылығын зерттеп, суды қорғау ережелерін құрады. |
3-топ «Географтар»: климаттың негізгі типтеріне сипаттама беріп, қай белдеуде жауын-шашын көп болатынын анықтайды. |
«Өкіл» стратегиясының топтық жұмыстарына арналған ақпарат, таратпа парақтары
1-топ: Зерттеушілер
Судың қасиеттері туралы өз көзімізбен, қолымызбен тәжірибе жасап көрейік. Тәжірибе № 1. Екі стақанда сары түсті қағаз жапсырулы тұрған, екі стақан суды таңдап аламыз. Біріншісінде таза су, екіншісінде сүт бар. Су бары стақанға моншақ саламыз, ал сүті бар стақанға қасық саламыз. Қайсысынан стақанға салынған заттардың анық көрінетінін байқаңдар.
Тәжірибе № 2. Судың түсін өзгертуге болады. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Екі стақанда қызыл түсті қағаз жапсырулы тұрған, екі стақанды алдымызға жақындатайық. Алдымызда бояу жағылған таяқшалар тұр. Бояу жағылған таяқшалар арқылы суды араластырып бояймыз.
Тәжірибе № 3. Судың дәмін өзгертуге болады. Көк түсті қағаз жапсырулы тұрған, екі стақанды аламыз. Алдымен стақандағы судың дәмін татып көрейік. Бірінші стақанға қант салайық, араластырып ішейік. Дәмі қандай болды?
|
https://infourok.ru/sumen-tanistiru-tzhiribelik-isreket-1518607.html
Тәжірибелер бойынша жауаптар. Тәжірибе № 1. Су – мөлдір. . Шешім: Су мөлдір. Судың ішіндегі заттар көрінеді. Тәжірибе № 2. Су – түссіз. Шешім: Судың түсін өзгертуге болады. Тәжіибе № 3. Су – дәмсіз. Шешім: Судың дәмін тәтті, ащы етіп өзгертуге болады. |
2-топ: экологтар
Жер бетіндегі тіршілік үшін судың мәні зор. Су болмаса, өсімдік өспейді. Жануарлар да, адам да сусыз тірішілік ете алмайды. Су көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін тіршілік ортасы болып саналады. Жер бетінде су көп . Бірақ мұхиттар мен теңіз сулары ащы болып келеді.Адамның пайдалануына тұщы су қажет. Тұщы сулар өзен – көлдерде , мұздықтарда және жер астында кездеседі. Жер бетінде тұщы су қоры күннен – күнге азаюда . Оның азаюына адамның әсері көп . Су объектiлерi: 1) зиянды қауiптi химиялық және уытты заттармен ластанудан, жылу, бактериялық, радиациялық және басқа ластанудан; 2) тұрмыстық және өзге де тектегi қалдықтармен қоқыстанудан; 3) сарқылудан; 4) халықтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуiнен; 5) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының азаюынан; 6) сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауынан; 7) су объектiлерiнiң табиғи молаю және тазару қабiлетiнiң төмендеуiнен; 8) су объектiлерiнiң физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерiне терiс әсер ететiн басқа да қолайсыз құбылыстарды болғызбау мақсатымен қорғалуға тиiс. Жер бетіндегі әр адам суды қорғауы тиіс. Зауыт , фабрикалардан шыққан қалдықтарды өзен – көлдерге ағызбаған дұрыс. Ауылды жерде су қоймаларына мал фермасының лас қалдықтары түспеу жағы қадағаланады. Жер бетіндегі тұщы судың азайғандығын әр адам ескеруі тиіс. Суды үнемді пайдалану керек . Егер су құбырының шүмегінен судың тамшылап тұрғанын көрсең , оны бұрап бекіт . Суды ретсіз шашып, ысырап етуге болмайды. |
https://infourok.ru/material.html?mid=60705
http://dereksiz.org/osnovnimi-zakonodatelenimi-aktami-reguliruyushimi-deyatelenost.html?page=12
3-топ: Географтар
Негізгі ұғымдар: Рельеф (фр. relief — көтеремін) — жер бетінің горизонтальды және вертикальды тілімделген формаларының, яғни дөңестер мен ойпаңдардың, таулар мен ойпаттардын жиынтығы. Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық жауын-шашын немесе тек қана ж а у ы н – ш а ш ы н дейді. Жауын-шашынның түрлері: жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау және қылау. Жер шарында бір – бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылығы бар климаттық белдеулер ажыратуға болады. Негізгі белдеулер:Экваторлық белдеу,Тропикалық белдеу,Қоңыржай белдеу,Полярлық белдеу Жер шары климаты алуан түрлі, себебі Жер бетінде Күннің жылуы мен атмосфералық жауын – шашын әркелкі таралады. Атмосфералық жауын-шашынның әркелкі түсуі топырақтың, өсімдіктердің, табиғат кешендерінің тарлуына және адамның шаруашылық әрекетіне де әсер етеді. Жер шарының кейбір аудандарында жауын-шашын шамадан тыс мол түссе, кей жерлерде оның мөлшері мүлдем мардымсыз. Жауын-шашынның бұлай әркелкі таралуы жоғары және төмен қысымды белдеулердің орналасуымен түсіндіріледі. Мысалы, экватор маңындағы төмен қысымды белдеулерде қалыптасатын жылы ауа өрлеген қозғалыс нәтижесінде жоғары көтерілген сайын салқындап, су буына қанығады. Сондықтан экватор аймағында күнделікті бұлттар тізіліп, нөсер жаңбырлар жауады. Жауын-шашынның таралуына географиялық ендік те әсер етеді: күн сәулесі неғұрлым аз түссе, жауын-шашын да соғұрлым аз жауады. |
https://kk.wikipedia.org
- Сергіту сәтіне арналған бейнеролик
https://www.youtube.com/watch?v=f4_dBsOQJjg
ұзақтығы: 1:14
- «Дөңгелек үстел» стратегиясы
Ол кім? Бұл не? - Су - тіршілік көзі
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=3H1P2ivaNr8
- Рефлексия «Ақылды жаңбыр»
Кап-кап әні
https://www.youtube.com/watch?v=O_CGGxnIWXA
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?