Су бар жерде ырыс бар. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

  • Топқа бөліну «Молекула»

Ойынның алдында «молекула» деген сөздің мағынасына тоқталып, бірнеше сөзбен түсіндіріп кетуге болады. Кез келген зат молекуладан тұрады, мысалы су оттегі мен сутегінің атомдарынан құралатынын айта келіп, су тақырыбына шықсаңыз болады.

Мысалы:

  • «Картаға саяхат» тапсырмасында дүние жүзінің физикалық картасын немесе глобусты қолдансаңыз болады. Глобус болмаса ғаламтор арқылы глобустың 3Д макетін (дид.материалға қараңыз) көрсетуге болады.

-Талқылауға арналған сұрақтар:

- Картадан не көріп тұрсыңдар?

-Басым бөлігі қандай түспен боялған?

-Бұл нені білдіреді?

Тапсырманы картадағы немесе глобустағы көк түс арқылы жер шарының басым бөлігін судың алып жатқанын айтып қорытындылауға жетелеңіз.

  • «Өкіл» стратегиясы

Оқушылар 3-топ болып жұмыс жасайды. Оқушыларға жұмыс жасау үшін қажет құралдарды алдын-ала дайындап қойыңыз (су, сүт, 2-3 стакан,сары,қызыл түсті қағаз, моншақ, қасық, боялған таяқшалар, қант). 1-топ сумен жұмыс жасайтындықтан сүлгі дайындап қойғаныңыз абзал.

Әр топтан бір өкіл шығып, келесі топтарға кезекпен барып, постердегі материалды түсіндіреді. Барлық топта түсіндіру өткеннен кейін, ұжымда талдайды, қорытынды шығарады

  • Сергіту сәтінде оқушылар денелерін қозғалтып, сергіп алулары материалды ары қарай жақсы қабылдауларына септігін тигізеді.

  • «Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша пікір алмасу

«Ол кім? Бұл не? Су - тіршілік көзі» бейнематериалын 2:00-ке дейін көрсетіп, пікір алмасуды дөңгелек үстел басында өткізіңіз.

Пікір алмасу сұрақтары:

  • Қасқыр мен қызыл телпек не жайында сөйлесті?
  • Қызыл телпек неліктен «су тіршілік көзі» деп айтты?
  • Адамдар неге судың жағалауына демаулға барады?
  • Тұщы су мен ащы су үлесі қандай?
  • Су болмаса қалай өмір сүрер едік?
  • Өмір сүру қай жерде қолайлы?
  • Өсімдіктер сусыз өсе ме?

Сұрақтарды оқушылардың жауаптарына қарай қойып отырып, тапсырма соңында сіздің жетекшілігіңізбен оқушылар су бар жерде халықтың тығыз қоныстанатынын, өсімдіктердің көп өсетіндігі жайлы қорытындыға келулері тиіс.

Дөңгелек үстел әдісі әр түрлі бағыттарды сараптау үшін жіргізіледі. Дөңгелек үстел көп пікірлердің бip арнаға тоғысуын қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.Дөңгелек үстел әдісі белгілі бір теориялық тақырыпты әр түрлі ғылыми тұрғыдан қарастыру жолымен меңгерту мақсатында әр түрлі мамандық иелерінің (зерттеушілер, географтар, экологтар ) қатысуымен жүргізіледі.

Дөңгелек үстелде әркім өзінің ойы бойынша тақырыптың өзектілігін қамту керек. Дөңгелек үстелде әркім тақырып бойынша өз білгендерін өзгелердің танымын толықтырып, бір көзқараста ымыраға келуі керек. Егер әр қатысушы өз тұжырымын ғана баяндаумен шектелсе, дөңгелек үстел мақсаты орындалмайды. Сондықтан тақырып мәні ашылып, пікірлер тоғысулары қажет.

http://engime.org/barlifi--90-safat-v3.html?page=8

  • Рефлексия «Ақылды жаңбыр»

Көшбасшы бір оқушыны «бұлт ана» етіп таңдап, сабақ бойында ең көп белсенділік танытқанын айтсаңыз болады. Егер сыныптың деңгейі көңіліңізден шықпаса, онда «бұлт ана» өзіңіз болып сұрақтар қою арқылы кемшіліктерді жоюға кері байланыс беріңіз.

Теориялық материалдар

Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.

Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің қалыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.

Таза су — түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5 м асқанда көгілдір түсті болып көрінеді. Атмосферада Су бу, тұман, бұлт, тамшы және қар кристалдары түрінде кездеседі.

https://kk.wikipedia

Жер бетіндегі тіршілік үшін судың мәні зор . Су болмаса, өсімдік өспейді . Жануарлар да, адам да сусыз тірішілік ете алмайды. Су көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін тіршілік ортасы болып саналады. Жер бетінде су көп . Бірақ мұхиттар мен теңіз сулары ащы болып келеді.Адамның пайдалануына тұщы су қажет . Тұщы сулар өзен – көлдерде , мұздықтарда және жер астында кездеседі . Жер бетінде тұщы су қоры күннен – күнге азаюда . Оның азаюына адамның әсері көп .

Су объектiлерi:

1) зиянды қауiптi химиялық және уытты заттармен ластанудан, жылу, бактериялық, радиациялық және басқа ластанудан;

2) тұрмыстық және өзге де тектегi қалдықтармен қоқыстанудан;

3) сарқылудан;

4) халықтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуiнен;

5) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының азаюынан;

6) сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауынан;

7) су объектiлерiнiң табиғи молаю және тазару қабiлетiнiң төмендеуiнен;

8) су объектiлерiнiң физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерiне терiс әсер ететiн басқа да қолайсыз құбылыстарды болғызбау мақсатымен қорғалуға тиiс.

Жер бетіндегі әр адам суды қорғауы тиіс. Зауыт , фабрикалардан шыққан қалдықтарды өзен – көлдерге ағызбаған дұрыс. Ауылды жерде су қоймаларына мал фермасының лас қалдықтары түспеу жағы қадағаланады.

Жер бетіндегі тұщы судың азайғандығын әр адам ескеруі тиіс. Суды үнемді пайдалану керек . Егер су құбырының шүмегінен судың тамшылап тұрғанын көрсең , оны бұрап бекіт . Суды ретсіз шашып, ысырап етуге болмайды.

https://infourok.ru/material.html?mid=60705

http://dereksiz.org/osnovnimi-zakonodatelenimi-aktami-reguliruyushimi-deyatelenost.html?page=12

Рельеф (фр. relief — көтеремін) — жер бетінің горизонтальды және вертикальды тілімделген формаларының, яғни дөңестер мен ойпаңдардың, таулар мен ойпаттардын жиынтығы.

Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық жауын-шашын немесе тек қана ж а у ы н – ш а ш ы н дейді.

Жауын-шашынның түрлері: жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау және қылау.

Жер шарында бір – бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылығы бар климаттық белдеулер ажыратуға болады.

Негізгі белдеулер:

  • Экваторлық белдеу (Оңтүстік Американың солтүстігі, Африка орталығы, Еуропаның оңтүстік шеті)
  • Тропикалық белдеу (Еуразия, Солтүстік Америка, Австралия, Оңтүстік Америка)
  • Қоңыржай белдеу (Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америки шеті)
  • Полярлық белдеу (Антарктида, Солтүстік Мұзды мұхит)
  • Қазақстан қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Жылдың төрт маусымы анық байқалады.

Жер шары климаты алуан түрлі, себебі Жер бетінде Күннің жылуы мен атмосфералық жауын – шашын әркелкі таралады. 

Атмосфералық жауын-шашынның әркелкі түсуі топырақтың, өсімдіктердің, табиғат кешендерінің тарлуына және адамның шаруашылық әрекетіне де әсер етеді.

Жер шарының кейбір аудандарында жауын-шашын шамадан тыс мол түссе, кей жерлерде оның мөлшері мүлдем мардымсыз. Жауын-шашынның бұлай әркелкі таралуы жоғары және төмен қысымды белдеулердің орналасуымен түсіндіріледі. Мысалы, экватор маңындағы төмен қысымды белдеулерде қалыптасатын жылы ауа өрлеген қозғалыс нәтижесінде жоғары көтерілген сайын салқындап, су буына қанығады. Сондықтан экватор аймағында күнделікті бұлттар тізіліп, нөсер жаңбырлар жауады.

Экваторда ғана емес, барлық төмен қысымды белдеулерде ылғалы аз, суық ауа ағындары төмен қарай бағытталады. Төмендеген сайын бұл ауа өзгеріп, қызу нәтижесінде құрғайды. Сондықтан жоғарғы қысымды аймақтарда жауын-шашын мөлшері аз болады. Жер бетінде басым желдердің бағыты, жауын-шашынның таралуы мен мөлшері атмосфералық қысым белдеулерінің орналасуына тәуелді болады.

Жауын-шашынның таралуына географиялық ендік те әсер етеді: күн сәулесі неғұрлым аз түссе, жауын-шашын да соғұрлым аз жауады.

Қоңыржай климаттық белдеу – Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Сондықтан мұнда климаттық жағдайлардың батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі айқын байқалады. Белдеулер қоңыржай теңіздік (атланттық) және қоңыржай континенттік ауа массалары қалыптасады.

Белдеудің еуропалық бөлігінде Солтүстік Атлант жылы ағысы мен Атлант мұхитынан соғатын батыс желдерінің әсерінен теңіздік климат қалыптасады. Мұнда қыс жұмсақ, қаңтардың орташа температурасы 00С-тан жоғары, ауа райы құбылмалы, тұмандар жиі байқалады. Көбінесе жаңбыр күйінде жауатын жауын-шашынныңмөлшеріжылына 1000 мм-ден артық, оның басым бөлігі қыс кезіне келеді. Атлант мұхитының әсерінен жаз онша ыстық болмайды.

Тропиктік климаттық белдеу материктің тек батыс бөлігін қамтиды. Бұл белдеуде тропиктік климат континенттік сипат алады. Оның басты себебі Үнді мұхитынан келетін ылғалды ауа массалары биік таулардың кедергі болуынан ішкі аудандарға өте алмайды. Сондықтан ауа температурасы жыл бойы жоғары, әсіресе жазда аңызақ, аптап ыстықтарға ұласады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 мм-ге дейін, тіпті кейбір жерлерде бұл көрсеткіш 50 мм-ден де аз. Осы белдеу ыстық, құрғақ тропиктік континенттік ауа массаларының қалыптасу аймағы болып табылады. Мұнда еуразияның аса ірі шөлдері орналасқан. 

Экваторлық белдеу Еуразияның оңтүстік шығысындағы аралдарды қамтиды. Жыл бойы экваторлық ауа массалары басым болады. Айлық орташа температура үлкен ауытқуларға үшырамайды, жыл бойы +240С-тан төмен түспейді. Тұрақты түрде екі жарты шартың пассаттарының ықпалында болатындықтан, жауын-шашын өте мол түседі.

Гималай тауы мен Үндіқытай түбегі шектесетін ауданда жауын-шашынныі жер шарындағы мол түсетін ауданы (орташа мөлшері 12000 мм, максимальдісі 20000 мм).

  • Қосымша сілтемелер:

Тақырыбы

Сілтемелер

Ұзақтығы

1

  • Судың ақпарат сақтайтын және тасымалдайтын қасиеті барын білесіз бе?

https://www.youtube.com/watch?v=DG7opQAkgY0

3:50

2

  • Табиғаттағы су айналымы

https://www.youtube.com/watch?v=a5kF5Ks7dDg

1:23

4

  • Ол кім? Бұл не? - Су - тіршілік көзі

https://www.youtube.com/watch?v=3H1P2ivaNr8

5:00



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу