Мен және менің мектебім. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні:

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сабақтың тақырыбы: Мен және менің мектебім.

Мұғалімнің есімі: Турсынова Л.Д

СЫНЫП: 1В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар:өз мектебі туралы білy;
  • Оқушылардың басым бөлігі:мектепте кімдер жұмыс істейтінін және олардың қызметі туралы білy;
  • Кейбір оқушылар:кітапханана қызметін пайдалануды үйренy.

Тірек сөздер:

мектеп – школа – school; мұғалім – учитель – teacher; аспаз – повар – cook;

кітапханашы – библиотекарь – librarian; дәрігер – врач – doctor.

Ресурстар:

Кеспе әріптер, Ы.Алтынсариннің портреті, Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі, асханадағы аспаз, кітапханадағы кітапханашы, дәрігер бөлмесіндегі дәрігер, сыныптағы мұғалім бейнеленген сюжетті суреттер.

Володин Б.Ф. Дүниежүзілік кітапхана тарихы: Mонография. – 2-ші басылым, қосымша. – СПб.: Профессия, 2004. - 432 с.

Сабақтың мақсаты:

1.1.2.1 мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Кітапхана алғаш рет ежелгі Шығыста пайда болды. Саздан жасалған тақташаларды алғашқы кітапхана деп атаған. Олар шамамен б.з.д. 2500 жылы негізі қаланған Вавилонның Ниппур қаласының ғибадатханасынан табылды. Өтетанымал көне шығыс кітапханасы ретінде б.з.д. VII ғасырда Ниневидегі ассириялық Ашшурбанипала патшасының сарайынан табылған сына жазу тақташаларының жинағын айтуға болады. ЕжелгіГрекияда алғашқы кітапхананың негізін Гераклде Клеарх құрды.Александрия кітапханасының негізін б.з.д. Птоломей І құрды. Ол ескі кітаптардың ірі орталығы болды.Абай атындағы Семей кітапханасы – Қазақстандағы тарихи кітапханалардың бірі.Ол 1883 жылғы 20 қыркүйекте құрылған. Кітапхана құрастыру ісін Қазақстанға жер аударылған саяси қайраткерлер бастады. Құрылған жылы кітапхана қорында 274 дана кітап болды. Кітапхана қызметін130 оқырман пайдаланды. Кітапхананың алғашқы келушілерінің қатарында қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаев та болды.

Суреттерді салыстыр. Сабақ басталғандаоқушыларға ауызша «мектеп» сөзіне қатысты сөздер тізбегін құру ұсынылады. Оқушылар (жұпта, топта) өз түсінігінде бұл сөзді немен байланыстыратынын ойланып, айтып көрсін. Содан кейін олардың назарын оқулықтағы 1-суретке аудартамын. Оқушылар суреттегі көріністі өз мектебімен салыстырады. Бұл салыстыру оқушылардың өз мектебі, оның ерекшелігі туралы көбірек білуі үшін жүргізіледі. Сонымен қатар оқушылар алғаш оқушы атанғанда/алғаш мектепке барғанда/сыныпқа алғаш енгенде өмірінде қандай өзгеріс болғаны туралы әсерімен бөліседі. Талқылағаннан кейін оқушылар мектеп туралы мәтінді оқып шығуы тиіс.

Мектепте кімдер жұмыс істейді? Бұл тапсырманыөз бетімен де, жұпта да орындатуға болады. Оқушылар сурет бойынша әртүрлі кәсіп өкілдерін табады, одан кейін бұл тізімнен мектепте жұмыс істейтін және оларға білім алуға көмектесетін кәсіпті таңдайды. Мұнда пікірталас жүргізу үшін «Бұл кәсіптердің қайсысы мектепте аса маңызды?» деген сұрақ қойыңыз.

Сен білесің бе? Оқушыларға Қазақстанда алғашқымектепті кім ашқаны туралы мәлімет беріледі. Оқушылар бұрын Ыбырай Алтынсарин туралы естіген болуы мүмкін. Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін оқып беріңіз.

Сабақтың қорытындысы

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Менің кітапханам» тапсырмасын орындауды ұсыныңыз.

Менің кітапханам

  • Өз кітапханаңдағы заттардың орналасу тәртібін есіңе түсір.
  • Мектептегі кітапхананың сұлбасын сал.

Бұл сабақта оқушылар сұхбаттасу, әңгімелесу, талқылау, пікір таласу арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамытады. Тірек сөздер оқушыларға таныс, сондықтан айтқан кезде қиындық тудырмайды. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырмада тірек сөздермен жұмыс істеу керек. Оқушыларға қима әріптерден тірек сөздер құрауға ойын өткізуге болады. Сонымен қатар тілдік құзыреттілікті дамыту үшін «Қосымша тапсырма» айдарындағы бөлімінде ойындар мен тапсырмаларды беруге болады.

Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

АКТ. Оқушыларға интернеттен әртүрлі елдегі мектептердің суреттерін табуға және «Әртүрлі елдердің мектептері» тақырыбына ауызша таныстырылым жасауға ұсыныс беруге

болады. Қабілеті жоғары оқушыларға PowerPoint бағдарламасы бойынша жұмыс дәптеріндегі «Менің кітапханам» тапсырмасын орындатыңыз.Жаратылыстану. Кітапханаға зерттеу жүргізугеберілген тапсырманы орындаған кезде оқушыларға мынадай сұрақтар қоюына болады: «Неліктен кітапханада барлығы сыбырлап сөйлеседі?», «Қатты дауыстап сөйлеу кітапханада отырған оқырманға қалай әсер етуі мүмкін?» Өнер. Оқушылар жұмыс дәптеріндегі кітапхана

сұлбасын салуда берілген 2-тапсырманы орындайды.

Қосымша тапсырма ретінде «Диалог құр» ойынын өткізуге болады. Оқушыларды 4 топқа бөліңіз. Әр топ үшін мұғалім, кітапханашы, дәрігер, аспаз кәсіптерінің біреуін таңдатыңыз. Топта оқушылар өзара таңдап алынған мектеп қызметкері арасында диалог құрады, сахналық қойылым қояды. Бұл тапсырма топтық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады және білім беру үдерісіндегі барлық субъектілердің рөлін түсінуге көмектеседі.

Бағалау

Оқушылар

– мектепте мұғалімнен басқа кітапханашының, аспаздың, дәрігердің жұмыс істейтінін;

– әр қызметкер белгілі қызмет атқаратынын және тиісті бөлмеде жұмыс істейтінін;

– өз бітінше бақылай жүргізу арқылы кітапхана қызметін қалай пайдалану керектігін біледі.

Оқушылар

– мектеп қызметкерлерінің әрекетіне бақылау жүргізіп, тұжырым жасауға;

– ақпарат негізінде өз пікірін білдіруге үйренеді.

Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға бірнеше дұрыс жауаптар ұсынуға болады. Мысалы: «Аспаз балаларды оқытады», «Кітапханашы оқулықтар береді». Олар жауаптардың қайсысы дұрыс екенін анықтауы тиіс. Оқушылардың өздеріне бірнеше дұрыс жауаптарды жасата отырып, тапсырманы күрделендіруге болады.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу