Гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар жиынтығы. Дене шынықтыру, 11 сынып, дидактикалық материал. 7 сабақ.


Дидактикалық материал №7

Қоссырықта орындалатын жаттығулар техникасы.

 Гимнастикалық қоссырық - асылып тұрып, тіреліп ұстап ерлер және әйелдер гимнастикасында жаттығулар жасауға арналған негізгі жабдық.

 Ұлдарға арналған жаттығулар: сырықта таянып тұрып алға және артқа тербелу кезінде қолды бүгіп - жазу, аяқты алға сермеп көтерілу, артқа сермеу, алға сермеп аяқты ашып отыру, қолдың қарымен таяну, алға аунап, аяқты ашып отыру; аяқты ортаға түсіріп, артқа сермеген сәтте секіріп түсу.

 

 

 «Кіші аттан секіру» тәсілі.

 Кіші аттан секіруге арналған қарқынның жүгіріп келу қашықтығы 12 – 15 метрден аспайды. Алайда егер көпірше кіші аттан 60 -70 сантиметрден алыс тұрса, онда қарқынмен жүгіріп келу қашықтығы өсе түсуі мүмкін.

 Көпіршені кіші аттың алдына қою кезінде мынадай талаптар сақталу керек: қарқынмен жүгіріп келу жылдамдығы, секіру түрі, аяқпен серпілу күші есепке алынады.

Мектепте кіші аттан секірудің екі түрінің бірі – екі аяқты кең ашып немесе екі тізені бүгіп секірудің бірі орындалуға тиіс. Секірудің бұл екі түрін де қолды алдын ала сермемей, яғни аяқпен серпіліп ыршығаннан кейін денені қосымша қимылдатпай-ақ орындауға болады.

 Гимнастикалық бөрене - тепе-теңдік қалпын сақтайтын жаттығуларды орындауға арналған спорттық гимнастикасының негізгі құралдарының бірі.

Оқушыларды бір қатарға тұрғызып гимнастикалық бөренедегі жаттығуларды көрсету. Бөренеге секіріп міну. Қалаған жерден қолдың немесе басқа да дене көмегімен орындау керек. Бөрене үстіндегі қозғалыс. Жүру, аяқ ұшында жүру, аяқты сермеп немесе көтеріп адымдау, жартылай отырып және бос аяқты жоғары көтеру және қайта адымдау және бос аяқты алдыға немесе артқа көтеру.

 Бөрене үстінде тең салмақты сақтау. Аяқ ұшында тұру, бір аяқ ұшында тұрып, екіншісін алдыға созу тағыда аяқ артқан қапталға созылады.

Бөрене үстінде бұрылу. Аяқ ұшында тұрып, жартылай отырып немесе отырып және басқа жағдайларды орындауға болады. Аяқ ұшында бұрылған балтыр және жамбас бұлшық еттері жинақталады. Аяқ түзу және қарынды тарту керек.

Бөренеден секіріп түсу. Отырып, еңкейіп, тізеге тіреліп орындауға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу