Еркін көшбасшылық рөлі. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру бойынша қысқа мерзімді жоспар № ____
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 – бөлім - Эмпирикалық оқу арқылы көшбасшылық қасиеті | Мектеп: | ||
Күні | Мұғалімнің аты-жөні, тегі: | ||
Сынып: 11 | Қатысқандар: Қатыспағандар: | ||
Сабақ тақырыбы | Еркін көшбасшылық ролі | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.2.2. Түрлі дене жаттығуларында жүйелі қозғалыс пен шығармашылық комбинациясын қолдану және құру. | ||
Сабақ мақсаттары | Волейбол ойынындағы қозғалыс реттілігі мен шабуылда креативті комбинацияларды әзірлеу және қолдануға үйрету. | ||
Бағалау критерийлері | - ТБ сақтайды; - шабуылда креативті комбинациялар және волейбол ойында қозғалыс реттілігі жасай алады; - объективті түрде өз-өзін және өзара бағалайды. | ||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар омпирикалық оқыту арқылы көшбасшылық қасиеттерді дамытуға өз түсінігін талқылай алады және көрсете алады. Пәндік лексика және терминология * Командалық, топтық, жеке жұмыс * Адал ойын * Көшбасшылық қасиеттер * Эмпирикалық оқыту * Коммуникация, ұйымдастыру | ||
Құндылықтарды дарыту | Жеке жауапкершілікті, көшбасшылық қасиеттерді, өзара көмек көрсетуді дамыту | ||
Пәнаралық байланыс | Ғылыммен байланыс-денсаулық және дене, қауіпсіздік, салмақ/ағымның динамикасы. Информатикамен (Интернетте ақпаратты іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт және бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс істеу дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен (жылдамдық, масса, энергия) | ||
Негізгі дағдыларды дамыту | Командалық жұмыс арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыту. | ||
Алдын ала білім | Оқушылар алдыңғы сыныптардан, сондай-ақ үйде және сыныптан тыс сабақтардан алған көшбасшылық дағдыларды білуі күтіледі. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 3 минут
2 минут 5 минут | Мұғалім оқушыларды қарсы алады. Сәлемдесуден кейін ол оқушылармен келесі сұрақтарды талқылайды: - волейбол ойыншыларының қандай амплуасын білесіз? - ойыншылардың амплуасын біле отырып, сіз ойында комбинацияларды жасай аласыз? - волейбол ойынының комбинациясын жасау үшін көшбасшылық қасиеттер қалай көмектеседі? Одан әрі мұғалім "Ерікті көшбасшылық рөлдер"атты сабақ тақырыбымен таныстырады. Мұғалім оқушыларға бағалау критерийлерін құрастыруды ұсынады және оларды әзірленген нұсқамен салыстыруды сұрайды. (Б, Ж, Қ) мұғалім денені алдағы физикалық жүктемеге (жүгіру, ЖДЖ) дайындау үшін бұлшық еттің әр түрлі топтарына жаттығу жүргізуді сұрайды. Мұғалім жаттығу процесін бақылап, әр оқушыға ұсыныстар береді. | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық. | |
Сабақтың ортасы 3 минут 4 минут 3 минуты 5 минут 6 минут 2 минут 2 минут | (К, Ж, Ф) Сынып жұптарға бөлінеді. 1 тапсырма: волейбол доптары лақтыру (жаттығу) жаттығуларын орында орындау. Тапсырмаға дескрипторлар: 1.ТБ сақтайды; 2.серіктеске дәл лақтыруды орындайды. ҚБ: мұғалім жаттығу процесін бақылап, әр жұпқа ұсыныстар береді. 2 тапсырма: допты жоғарғы және төменгі қабылдау-беруді жаттықтыру: - бір тигізіп; - бір лақтыру өзінің алдында, екіншісі серіктеске; - бір лақтыру өзінің алдында, екіншісі арқамен алға серіктеске; - екі рет тигізіп, үшінші рет серіктеске; - екі рет өзінің алдында, үшінші рет ә арқамен алға серіктеске. Тапсырмаға дескрипторлар: 1.ТБ сақтайды; 2.қабылдау алдында бастапқы қалпын (волейболшы тірегін) қабылдайды; 3.лақтыруды маңдайдан орындайды; 4.үлкен және көрсеткіш саусақтарының арасында тең үшбұрыш қалыптастырады; 5.қабылдау кезінде аяқтарды тізеде бүгеді. 6.қабылдау кезінде шынтақтарды бүкпейді ҚБ: мұғалім жаттығу процесін бақылап, әр жұпқа ұсыныстар береді. (Б, Ж) мұғалім сыныпқа волейбол ойынында қолданылатын әртүрлі комбинациялармен бейне - үзінділерді қарауды ұсынады. Одан әрі мұғалім оқушылармен қаралған бейне талқылайды. (Б, Ж, Қ) сынып 3-4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. 3-тапсырма: шабуылда креативті комбинациялар құру. Тапсырмаға дескрипторлар: 1.ТБ сақтайды; 2.шабуылда 1 комбинациясын жасайды. ҚБ: мұғалім топтарды бақылап, өз ұсыныстарын береді. (Б, Т, К, Қ) Одан әрі топтар кезек бойынша өз комбинацияларын көрсетеді. ҚБ: мұғалім оқушыларды диалогтік әдісті пайдалана отырып, көрсетілген тапсырмаларды өзара бағалауды орындауды сұрайды. Сұрақ: тапсырмаларда қандай рөлдер таңдады? Олар ерікті болды ма? Комбинациялар креативті болды ма? | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық. Волейбол доптары. Ноутбуктар, Интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=dMLgREGe8iU Волейбол доптары, волейбол торы, №1 карточка. | |
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия өткізеді: - сіз шабуылда немесе волейбол ойынында қорғауда комбинацияларды дамытуды үйрендіңіз бе? - немен жұмыс істеу керек? - не түсініксіз? | Стикерлер, қаламдар | |
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | |||
Ескертпе:
Б = бәрі сынып Ж = жұптық жұмыс Т = топтық жұмыс
Қ = қалыптастырушы бағалау Жж = жеке жұмыс Э = эксперимент
К = көрсету
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру