Тактикалық іс-әрекеттердің негіздері. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 89 сабақ.


7-бөлім Ойын арқылы дағдыларды жақсарту

Оқу мақсаты:

6.1.5.1. Бір қатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсіну және қолдана білу.

Сабақтың тақырыбы:

Тактикалық іс әрекеттердің негіздері.

Сабақтың мақсаттары:

Бір қатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсінуге және қолдана білуге үйрету.

Бағалау критерийлері :

Футболдағы тактикаларды, стратегияларды түсіне және қолдана біледі.

Тілдік мақсаттар

Командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу

• пас, допты беру

үйлесімдік, реттілік

дәлділік, соққы

тактика, стратегия

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай?

• Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Берілген тапсырмада қандай стратегиялар мен тактикаларды қолдандыңыздар?

Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар төмендегі сыныптарда және сабақтан тыс уақытта топтық ойындарда алған білімдері мен қабілеттерін және дағдыларын меңгерген.

Тапсырма

(Т, ЖЖ, ҚБ) )

А) Допты аяқпен тоқтату:

- допты оң, сол аяқпен беру;

- допты оң, сол аяқпен тоқтату.

Ә) Бағытты өзгертіп фишкалардан «жыланша» өту:

* ****

* ****

* ****

* ****

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Допты табанның сыртқы және ішкі жағымен береді.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Берілген тапсырмада қандай стратегиялар мен тактикаларды қолдандыңыздар? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Тапсырма

«Төрт алаңдағы ойын». Сынып екі командаға бөлінеді, әр командада 4 ойыншы болады. 30 х 30 м алаң 4 бөлікке бөлінеді. Белгі берілген кезде командалардың бір ойыншысы ойынды бастап, допты басқа алаңға өзінің серіктесіне береді. Қарсылас ойыншылар бір-бірінен 5 м қашықтықта тұрады. Допты алған ойыншы оны басқа серіктесіне беруге тырысады. Доп дәл берілген кезде команда бір ұпайға ие болады (ең бірінші берілген доп есептелмейді). Ойын 5-8 минутқа созылады. Содан соң командалар орындарымен ауысады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Қорғаушы рөлін ойнайтын ойыншы қарсыласына 3-4 метрге ғана жақындай алады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Футбол сабағы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Футболдағы тактикаларды және стратегияларды қолданады.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдері қандай? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Допты ұстап алу үшін қандай тактиканы қолдандыңыз? Доппен орын ауыстыру кезінде қандай айла-тәсілдер қолдандыңыз?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік. Футбол доптары, фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.

Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:

https://gigabaza.ru/doc/105337.html

Қимыл-қозғалысқа арналған ойындар

http://www.igraza.ru/page-3-1-8.html

Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s

Допты тоқтату техникасы интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=B6XoEuTKzwI

https://www.youtube.com/watch?v=qewHqQ-Ai_w

https://www.youtube.com/watch?v=kP8m_vje_Js

https://www.youtube.com/watch?v=SJjeHk8qHWQ

Допты қақпақылдау

https://www.youtube.com/watch?v=VVSdK-J77_A

https://www.youtube.com/watch?v=zQ22tAcwdl4

https://www.youtube.com/watch?v=WIMeajstUBk

https://www.youtube.com/watch?v=OTpO1uSIeaI

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу