Тактикалық іс-әрекеттердің негіздері. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 90 сабақ.


7-бөлім Ойын арқылы дағдыларды жақсарту

Оқу мақсаты:

6.1.5.1. Бір қатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсіну және қолдана білу.

Сабақтың тақырыбы:

Тактикалық іс әрекеттердің негіздері.

Сабақтың мақсаттары:

Бір қатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсінуге және қолдана білуге үйрету.

Бағалау критерийлері :

Футболдағы тактикаларды, стратегияларды түсіне және қолдана біледі.

Тілдік мақсаттар

Командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу

• пас, допты беру

үйлесімдік, реттілік

дәлділік, соққы

тактика, стратегия

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай?

• Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Берілген тапсырмада қандай стратегиялар мен тактикаларды қолдандыңыздар?

Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар төмендегі сыныптарда және сабақтан тыс уақытта топтық ойындарда алған білімдері мен қабілеттерін және дағдыларын меңгерген.

(С, ҚБ) Тапсырма

А) Ойыншы допты қарсы тізбектегі басқа адамға аяқтың іш жағымен беріп өз тізбегінің ең соңына барып тұрады. Беруді допқа аяқты екі рет тигізіп беруге тиісті. Ойыншылар уақытында орын алмастыруға тиісті.

(С, ҚБ) Тапсырма

В) Бір-біріне қарама-қарсы екі тізбек, ортасында бір ойыншы, сол адам өзіне келген допты аяқтың ішіменен оған доп берген ойыншымен доп алмастырады. Ойыншылардың доп беру кезінде уақытында орын алмастыруы қажет. Ортадағы ойыншы 1 минут өткесін басқа ойыншымен орын алмастыруға тиісті.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Допты табанның сыртқы және ішкі жағымен береді.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Берілген тапсырмада қандай стратегиялар мен тактикаларды қолдандыңыздар? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Тапсырма

«Футбол элементін қамтитын эстафета». Сынып екі командаға бөлініп, қарама-қарсы қақпаға қарап сапқа тұрады. Команданың бірінші нөмірлерінің алдында футбол добы болады. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші нөмірлі ойыншылар допты аяғымен қақпаға қарай алып келеді де, оны айып алаңынан қақпаға теуіп, оны өз командасына қарай кері алып кетеді. Өз командасына жеткен кезде оны екінші нөмірлі ойыншыға беріп, өзі саптың соңына тұрады. Қарсылас командаға көп доп салған және эстафетаны бірінші аяқтаған команда жеңімпаз болады. Ойыншы өз серіктесінен допты алмай тұрып жүгіріп кетпеуі керек. Допты өз командасының ойыншысына жақын қашықтықтан беруі керек. Доп қақпаға салынған кезде оны алып, алдыңғы сызықтан өз командасына беруі керек.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Футбол сабағы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Футболдағы тактикаларды және стратегияларды қолданады.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдері қандай? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Допты ұстап алу үшін қандай тактиканы қолдандыңыз? Доппен орын ауыстыру кезінде қандай айла-тәсілдер қолдандыңыз?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік. Футбол доптары, фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.

Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:

https://gigabaza.ru/doc/105337.html

Қимыл-қозғалысқа арналған ойындар

http://www.igraza.ru/page-3-1-8.html

Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s

Допты тоқтату техникасы интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=B6XoEuTKzwI

https://www.youtube.com/watch?v=qewHqQ-Ai_w

https://www.youtube.com/watch?v=kP8m_vje_Js

https://www.youtube.com/watch?v=SJjeHk8qHWQ

Допты қақпаға тебу техникасы интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=97QETf8tgCM

https://www.youtube.com/watch?v=QtsCSd8N0L0

https://www.youtube.com/watch?v=ourzONt2H7k

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу