Тактикалық іс-әрекеттердің негіздері. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 90 сабақ.
7-бөлім Ойын арқылы дағдыларды жақсарту
Оқу мақсаты:
6.1.5.1. Бір қатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсіну және қолдана білу.
Сабақтың тақырыбы:
Тактикалық іс әрекеттердің негіздері.
Сабақтың мақсаттары:
Бір қатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсінуге және қолдана білуге үйрету.Бағалау критерийлері :
Футболдағы тактикаларды, стратегияларды түсіне және қолдана біледі.
Тілдік мақсаттар
Командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады.Мыналарды қамтиды:• қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу• пас, допты беру• үйлесімдік, реттілік• дәлділік, соққы• тактика, стратегияТалқылауға арналған сұрақтар:• Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? • Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?• Берілген тапсырмада қандай стратегиялар мен тактикаларды қолдандыңыздар? • Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? • Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар төмендегі сыныптарда және сабақтан тыс уақытта топтық ойындарда алған білімдері мен қабілеттерін және дағдыларын меңгерген.
(С, ҚБ) Тапсырма
А) Бағытты өзгертіп фишкалардан «жыланша» өту:
- оң аяқпен;
- сол аяқпен.
Ә) Жұппен допты алып жүру:
- допты жүрісте беру-қақпаға соққы.
* * * ****
* * * ****
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- Допты табанның сыртқы және ішкі жағымен береді.Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Берілген тапсырмада қандай стратегиялар мен тактикаларды қолдандыңыздар? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?Тапсырма
«Пасты дәл беру». Алаңға 20х15 м (немесе 15х15 м) көлемде тіктөртбұрыш сызылады. Ойын алаңының ортасына конустармен, фишкалармен 1,5 м болатын қақпа белгіленеді. Тіктөртбұрыштың (шаршының) қарсы бұрышындағы сызыққа екі ойыншы тұрады. Ойыншының біреуі допты параллель серіктесіне береді. Ол допты алып, допты ойын алаңының шетіне дейін алып барады. Одан кейін ойыншылар кері айналып, тапсырманы қайталайды. Допты бергеннен кейін ойыншылар бастапқы орындарына барады. Белгіленген қақпаға алғаш болып 10 рет доп салған ойыншы жеңіске жетеді.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Футбол сабағы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- Футболдағы тактикаларды және стратегияларды қолданады.Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдері қандай? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Допты ұстап алу үшін қандай тактиканы қолдандыңыз? Доппен орын ауыстыру кезінде қандай айла-тәсілдер қолдандыңыз?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік. Футбол доптары, фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:https://gigabaza.ru/doc/105337.htmlҚимыл-қозғалысқа арналған ойындарhttp://www.igraza.ru/page-3-1-8.html Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s Допты тоқтату техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=B6XoEuTKzwI https://www.youtube.com/watch?v=qewHqQ-Ai_w https://www.youtube.com/watch?v=kP8m_vje_Js https://www.youtube.com/watch?v=SJjeHk8qHWQ Допты қақпаға соғуhttps://www.youtube.com/watch?v=97QETf8tgCM https://www.youtube.com/watch?v=QtsCSd8N0L0Назарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру