![]() |
|
![]() |
Қозғалыс техникасының элементтерін үйрету. Дене шынықтыру, 5 сынып, қосымша материал. 32 сабақ.
3- тоқсанның 5- бөлімі бойынша тест сұрақтары:
Формативтік бағалау. Вариант 1.
Оқушының тегі ,аты __________________________ Сынып________
1.«Алма кезекті немесе бір мезгілді»шаңғы жүрістерінің атын ненің жұмысына қарап қойған?(1)
А) Аяқтың
В) Дененің
С)Қолдың
D) Бастың
2. Алма кезекті жүріс пен бір мезгілді жүрістің айырмашылығы неде?(1)
А) Сырғанау адым ұзындығында
B) Аяқтың сермеуінде
C) Итеретін аяқтың бүгілуінде
D) Қолдың жұмысында
3. Алма кезекті екі адымды жүрістің техника негізі.......? (1)
А) Кең сырғанап басқан адым
B) Таяқпен кезек жұмыс істеу
C) Аяқпен қатты итерілу
D) Басты оңға, солға бұру
4. Алма кезекті жүріске ........... жатады. (1)
А) Адымсыз жүріс
В) Бір адымды жүріс
C) Екі адымды жүріс
D) Шаңғысыз жүру
5. Бір мезгілді жүріске ............. жатады.(1)
А) Екі адымды жүріс
B) Үш адымды жүріс
C) Төрт адымды жүріс
D) Бес адымды жүріс
6. Ең жылдам жүретін шаңғы жүрісі. (1)
A) Алма кезекті екі адымды жүріс
B) Бір мезгілді адымсыз жүріс
C) Бір мезгілді бір адымды жүріс
D) Бір мезгілді екі адымды жүріс
7. 15-25 градус өрге көтерілгенде қандай шаңғы жүрісі қолданылады?(1)
A) Алма кезекті екі адымды жүріс
B) Бір мезгілді адымсыз жүріс
C) Бір мезгілді бір адымды жүріс
D) Бір мезгілді екі адымды жүріс
8. Өрден сырғанағанда шаңғышы қандай қалыпта мықты тұрады? (1)
А) Төмен
В) Ортанғы
С) Биік
D) отырып
9. Шаңғышы аласа өрден түскенде жылдамдығын жоғалтпау үшін бұрылудың қандай әдісін қолданған дұрыс?(1)
A) Таянып
B) Шаңғыны көтеріп басып
C) Соқа әдісімен
D) Параллель шаңғымен
10. Шаңғымен өрден түскенде мына қателердің қайсысы күрделі жарақатқа ұшыратады?(1)
A) Таяқпен жанынан тежегенде
B) Терең отырғанда
C) Жанына әдейлеп құлағанда
D) Таяқты ұшымен алға созып таянғанда
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023