Қозғалыс техникасының элементтерін үйрету. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 32 сабақ.


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене

шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ№ 32

Ұзақ мерзімді жоспар 5-бөлімі: Шаңғы дайындығы.

Мектеп: НЗМ Өскемен қаласы

Күні: Сынып: 5

Мұғалімнің аты-жөні: Бекбосынов.Э.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қозғалыс техникасының элементтерін үйрету.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.2.1 Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы дене өзгерістеріне бірқатар әрекеттерді бейімдеу

5.1.1.1 Негізгі дене жаттығуларын орындауда әр-түрлі қозғалыс дағдыларын бағалау және талдау

Сабақтың мақсаттары:

1. Шаңғы жүрістерінің негізі.

2. Шаңғымен сырғып басу адымын қайталау.

3. Алма кезекті екі адымды жүрісті үйрету.

Бағалау критерийлері:

Оқушы оқу мақсатына жетті егер:

-Оқушылар шаңғының классикалық жүрісін біледі.

-Оқушылар шектеулі қалыпта жүрісті көрсете алады.

-Оқушылар үйренген шаңғы жүрісімен жүреді.

- Шаңғы жүрістерінің қатесін айтып әріптесін бағалай алады.

 Тілдік мақсаттар

Командада және топтық қызметте сенім мен жұмыс істеу дағдылары туралы өз түсініктерін талқылай алады

  • Пәнге тән лексика мен терминология
  • Шаңғы спорты: шаңғы таяғы/ шаңғы аяқ киімін бекіту құралы, шаңғы / шаңғының жолы, шаңғы жүрістері: классикалық стиль, еркін стиль,
  • Алма кезекті жүрістер, бір мезгілді жүрістер. Шаңғы таяғын дұрыс шығару, бір шаңғымен сарғанау, шаңғы таяғын алға еңкейтіп шаншу.
  • Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
  • Сіз жүгіру шаңғы спорты мен тау шаңғы спортын айыра аласыз ба?
  • Шынығу сіздің денсаулығыңызға қалай әсер етеді?
  • Шаңғы жүрісін қимылмен көрсету, сізге қалай көмектеседі?

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ кезінде бір-біріне деген әділдік. Ойын немесе жаттығу кезінде , жауапкершілігін арттыру топты қорғай білу. Жауапкершілік. Өзіңе және басқаларға сыйластықпен қарау.

 Пәнаралық байланыстар

Биологияа пәнімен байланыстыру.

 АКТ қолдану дағдылары

Дидактикалық материалдар. Ноутбуктен әртүрлі шаңғы жүрістерінің техникасын көрсету.

Бастапқы білім

Шаңғы дайындығындағы бірінші сабақ.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10-15

Оқушылар шаңғыға ыңғайлы киініп, шаңғы құралдарын алып ұқыпты, асықпай далаға шаңғы алаңына шығады. Оқушылар шаңғыны тағып сапқа тұрады, мұғалім сәлемдеседі. Оқушылардың арасындағы интервал 1,5 метр. Мұғалім шаңғы құралдарының дұрыстығын және қауіпсіздігін тексереді. Барлығы бірге шаңғы сабағындағы қауіпсіздік ережесін қайталайды. Оқушыларды түгелдеу, сабақтың мақсатымен таныстыру. Классикалық жүрістер жайында қысқаша айтып беру.Мектеп бағдарламасы бойынша шаңғы жүрістерінің классификациялары:

Классикалық стиль:

Алма кезекті:

Бір мезгілді:

Төрт адымды;

Адымсыз;

Екі адымды;

Бір адымды:–негізгі нұсқа;– жылдам жүретін нұсқа;

 

Екі адымды.

Еркін стиль:

(конькилі)

Алма кезекті:

Бір мезгілді:

екі адымды.

Екі адымды;

 

Бір адымды;

 

Жартылай конькилі;

Мұғалім бірігіп, ұйымшыл жұмыс істеу үшін әрекет етеді. Таяқты шаншып қолды ыйықты қыздыру жаттығулары. Сынып «көтеріп басып солға бұрыл!».,«көтеріп басып оңға бұрыл!»., «секіріп солға бұрыл!»., «секіріп оңға бұрыл!».Оқушылар тәртіппен әр кім өзіне дайындалған жаттығу шаңғы жолына түседі.

Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен, бос кеңістікт. Жүгіруге арналған шаңғы жолы (таңдау бойынша, уақытты жариялау және атмосфераны қалыптастыру үшін ынтымақ жұмыс істейтін орта).

Шаңғы құралдары, шаңғы спортына бейімделғен жылы киім.

Сабақтың ортасы

50-55

Классикалық шаңғы жүрістері алма кезекті және бір мезгілді болады. Шаңғымен жылжыған кезде алдымен бір таяқпен, келесі екінші таяқпен итеріледі. Бұндай шаңғы жүрісі алма кезекті деп аталады.

Алма кезекті екі адымды жүріс: жүрісті жаттығу шаңғы жолында қимылмен келтіру:

  • Таяқсыз сырғанау (сырғып басу қадамы);
  • Таяқты ортасынан ұстап сырғанау (таяқ горизонтальды);
  • Таяқтың ұстайтын жерінің астынан ұстап сырғанау;
  • «самокат» жаттығуы;
  • Таяқпен шаңғы жүрістерін ойлы қырлы жерлерде қолдану. (негізгі шаңғы жолында)

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен, бос кеңістікт. Жүгіруге арналған шаңғы жолы (таңдау бойынша, уақытты жариялау және атмосфераны қалыптастыру үшін ынтымақ жұмыс істейтін орта).

Әр оқушыға арналған 40-50 метірлік оқу жаттығу шаңғы жолы.

Мұғалім үшін ысқырық, шаңғы құралы және секундамер.

https://www.youtube.com/watch?v=mnVdlpMrobY

Сабақтың соңы

8-10

Рефлексия:

Мұғалім қортындылап, рефлексия жүргізеді. Оқушыларға сабақ жайында өз ойларын айтуды ұсынады.

Мұғалім үйге тапсырма береді: шаңғы спортының терминдерін біліп алу.

Таң ертеңгілік жаттығу, пресс, таянып жатып еденнен итерілу, кермеден тартылу.

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін композициялық тапсырмаларды және де топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар алаңда ара қашықтықты және динамикалық өзгерістерді біле ме?

Топтық композиция мен талқылау сапасы.

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін композициялық тапсырмаларды және де топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу