Қауіпсіздік ережесі. Ағзаны қалпына келтіру техникасының түрлеріне шолу жасау. Дене шынықтыру, 5 сынып, қосымша материал. 31-32 сабақ.


Қалыптастырушы бағалау

Тарау/ тақырып

5-тарау Шаңғы /кросс/коньки дайындығы

Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Ағзаны қалпына келтіру техникасының түрлеріне шолу жасау

Оқу мақсаты

5.1.5.1 Дене жаттығуларын орындауда қиындықтар мен тәуекелдерді бағалау және талдау

5.3.4.1 Денсаулықты нығайту жинақтарын құруға, дене әрекеттерін біріктіру

Жетістік критерийі

Оқушылар мыналарды орындай алады:

- Шаңғы дайындығы кезінде қауіпсіздік ережелерін түсінеді және өз сөзімен айтып бере алады.

- Бойына байланысты шаңғы жабдықтарын дұрыс таңдай алады, және қандай шаңғыларды пайдалануға болмайтындығын біледі.

- Ағзаны қалпына келтіру үшін жаттығулар орындай алады.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

  • Тапсырма Шаңғы дайындығы

Техника қаупсіздік ережелеріне байланысты тест сұрақтары

Сұрақтары

  • 1

Қандай ауа температурасында шаңғы дайындығын жүргізуге болады?

А) - 25 желдің жылдамдығы 10 м/c;

Ә) - 20 желдің жылдамдығы 12 м/c;

Б) - 15 желдің жылдамдығы 0 м/c;

В) - 21 желдің жылдамдығы 14 м/c.

  • 2

Аязды күндері денені үсік шалғандай белгі байқалса не істеу керек?

А) айналасын ысқылап, дереу мұғалімға хабарлау керек;

Ә) ештеңе істемеу керек;

Б) шаңғы тебуді жалғастыру керек;

В) сабақ аяқталғаннан кейін мұғалімге айту керек.

  • 3

Дұрыс таңдалған шаңғы қалай болуы керек?

А) оқушы бойынан 15-20 см ұзын болу керек;

Ә) оқушы бойынан 35-40 см қысқа болуы керек;

Б) оқушы бойынан 40-45 см ұзын болуы керек;

В) оқушы бойынан 40-45 см қысқа болуы керек;

  • 4

Дұрыс таңдалған шаңғы таяғы қалай болуы керек?

А) оқушы бойынан 15-20 см ұзын болу керек;

Ә) оқушы бойынан 35-40 см қысқа болуы керек;

Б) оқушы бойынан 40-45 см ұзын болуы керек;

В) оқушы бойынан 30 см қысқа болуы керек;

  • 5

Шаңғымен келе жатып құлаған жағдайда қалай құлаған дұрыс?

А) артқа құраған дұрыс;

Ә) оң және сол жанына құлаған дұрыс;

Б) алға құлаған дұрыс;

В) берілген жауаптың барлығы дұрыс.

  • 6

Шаңғымен өрден түскенде мына қателердің қайсысы күрделі жарақатқа ұшыратады?

A) Таяқпен жанынан тежегенде;

Ә) Терең отырғанда;

Б) Жанына әдейлеп құлағанда;

В) Таяқты ұшымен алға созып таянғанда;

Алма кезекті жүріс пен бір мезгілді жүрістің айырмашылығы неде?(1)

А) Сырғанау адым ұзындығында;

Ә) Аяқтың сермеуінде;

Б) Итеретін аяқтың бүгілуінде;

В) Қолдың жұмысында;

Бір мезгілді жүріс түрлері қайсы?

А) алты адымды;

Ә) адымсыз, бір адымды, үш адымды;

Б) төрт адымд;

В) бес адымды.

Дескриптор

1

Б) - 15 желдің жылдамдығы 0 м/c;

2

А) айналасын ысқылап, дереу мұғалімға хабарлау керек;

3

А) оқушы бойынан 15-20 см ұзын болу керек;

4

В) оқушы бойынан 30 см қысқа болуы керек;

5

Ә) оң және сол жанына құлаған дұрыс;

6

В) Таяқты ұшымен алға созып таянғанда;

7

В) Қолдың жұмысында;

8

Ә) адымсыз, бір адымды, үш адымды;

2-Тапсырма

Төмендегі сұрақтардың «ақиқат» немесе «жалған» екендігін табыңдар

Сұрақ

Ақиқат

Жалған

1

Шаңғы оқушы бойынан 15-20 см ұзын болады.

+

2

5 сынып оқушыларын -25 желдің жылдамдығы 0 м/с суықта шаңғы дайындығына шығаруға болады.

-

3

Шаңғымен қар жоқ жолсыз жермен жүріп өтуге болады.

-

4

Шаңғыны қолды жоғары көтеріп қолдың білезік тұсынан келетіндей таңдауға болады.

+

5

Шаңғы таяғы оқушы бойымен бірдей болуы керек

-



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу