Оқушыларға денені басқару дағдыларын дамыту және жақсартуға көмектесу үшін жеке тапсырмаларға көңіл бөле отырып, жалпы топтық жаттығуларға қатысу. Дене шынықтыру, 2 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар

5-бөлім – Денені басқару және баптылықты гимнастика арқылы дамыту

  • Мектеп: Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Биятов.Р.Г
  • Сынып: 2
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспағандар саны:
  • Сабақ тақырыбы

Оқушыларға денені басқару дағдыларын дамыту және жақсартуға көмектесу үшін жеке тапсырмаларға көңіл бөле отырып, жалпы топтық жаттығуларға қатысу

оқу мақсаттары

Кеңістікте және динамикада қарапайым өзгерістермен іс-қимылдарды ұғыну және жеткізе білу

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар келесіге қабілетті:

Қарапайым жалпы дамытатын жаттықтыруларын орындай алады.

Ойынның шартын орындай отырып командада жұмыс жасай алады.

Жетістік критерийлері

Білу және түсіну қолдану

Дене жаттығуларын қойылған міндетке сай дұрыс орындайды; ӛз бетімен тұрақты түрде жұмыс жасауды біледі, командада жұмыс істей алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар тірек-қозғалыс дағдыларының не екенін түсінгендіктерін сипаттай және көрсете алады.

Кілт сөздер мен тіркестер: тірек-қозғалыс дағдысы, саппен жүру, асықпай жүгіру, секіру, жүгіру, өткізу, қашықтыққа секіру, керілу, қауыпсіз, тәуекел.

Диалог / жазылымға арналған пайдалы сынып тілі:

Талқы мәселелері:

Тағы нені істеп көруге болады? Ең ұнамдысы қайсы?

Неге…екенін айта аласың ба?

Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба?

Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет. Қарым қатынас .Еңбек және шығамашылық.

 Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, хореография пәндерімен сәйкестендіріледі

 АКТ қолдану дағдылары

Есту, көру, жазу

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы дене шынықтыру сабақтарында өткен бөлімдерден және үй ішінде мен балабақшада негізгі қозғалыс қабілеттілігі мен сенімділігін және фундаменталды қозғалыс дағыдларын дамытты деп күтіледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жүгіру 1 минут

(Б, Ж, Тәж, ф) Сынып екі топқа бөлінеді ұлдар бөлек қыздар бөлек оқушылар шеңберге тұрып өз күштерімен жалпы дамытатын жаттығуларды орындайды. Тамсырманы екі түрде орындауға болады. Шеңбердің ішінде оқушылар өздері келісіп бір дарынды баланы таңдайды жалпы дамытатын жаттығуларды араларында өткізуге немесе әр оқушы кезекпен бір жалпы дамытатын жаттығудан өткізеді қалған оқушылар соннан қайталап жасайды

Кең, ашық кеңістік.

Сабақтың ортасы

1 Тапсырма Ойын

2 Тапсырма (Б, Ж, Тәж, ф) Оқушылар ұнатқан секіру түрін таңдап, берілген уақыт шегінде қанша секіретінін көреді (мысалы, 30 секунд).Сосын әр оқушы жүрек соғысын көреді (жұмыс жүрек деңгейі) және оның 2 минуттан соң қаншалықты орнына келетінін көреді (қалпына келу деңгейі).

Талдау: топтағы оқушылардың қайсысы секіру жаттығуларын жақсы жасайды? Секіру жақсару үшін мен не істеуім керек?

(Б, Ж, Тәж, ф) Оқушылар жұппен кілемше алады. Жекеше, кілемшені бөлісе отырып, оқушылар түрлі жолмен теңселуді көреді, мысалы: отыру, жату, оралу, созылу, шырмалу

Кең, ашық кеңістік.

Визуалды көмек: ламинатталған суреттері (міндетті емес).

Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық. Мұғалім үшін секундомер (мүмкін болса әр жұпқа). Түрлі түсті конустар мен маркерлер

Сабақтың соңы

Ойлану: Тірек- қозғалыс дағдысының не екенін бәріміз білеміз бе?

Кең, ашық кеңістік.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап ереді
  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.
  • Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру »

  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы
  • Б алалармен тақырып бойынша әңгімелесу
  • Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?
  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?
  • бақылау, тыңдау, сұрақтар.

Оқушылардың қалай допты лақтыруды және ұстауды бақылау .

Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды

  • Жеке оқушылардың физикалық көрсетілімінің сапасы.
  • Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Орындалған істестік тапсырма

НЗМ құныдылықтарын қолдайды.

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу

Қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: оқушылар жұппен тапсырманы жақсы орындады

2: кері байланыс арқылы оқушылар өз мақсаттарына жетті

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: допты лақтыру және ұстау бақылау

2: күшті дамытуға арналған жаттығуларды көбірек беру

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу