Қозғалмалы ойындарындағы қозғалыс дағдылары спектрі. Дене шынықтыру, 2 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәні

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Спорттық ойындарды меңгеру үшін қозғалыс ойындар.

Ортақ тақырып: Менің отбасым және достарым

Мектеп: ФМБ НЗМ Талдықорған қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қозғалмалы ойындарындағы қозғалыс дағдылары спектрі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.1.1Қозғалыс қызметіндегі міндеттерді, рөлдерді ажырату және түсіну

Сабақ мақсаттары

Ойындардағы негізгі міндеттерді, рөлдерді анықтау және орындалуын дамыта көрсету.

Бағалау критерийлері

Қозғалмалы ойындардағы тапсырмаларды , жаттығуларды орындайды, рөлдер мен міндеттерді анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

қозғалу ойындарының қозғалу дағдыларын қалай дамытатынын түсінуді сипаттау және көрсету

Пән лексикасы және терминология

  • әділ ойын, ереже, сайыс, ынтымақтастық, қажеттілікті және басқа адамдардың мүмкіншілігін түсіну
  • рөлдер: лидер, ізбасар
  • кеңістікте елестету: сызықтар, зиг-загтар, шеңберлер

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Біздің ойындарымызда неліктен ережелер бар?
  • Ережелерді ұстанудың және топтық ойындарды әділ ойнаудың неліктен маңызды екені туралы айта аласыз ба?

Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салты маңызынан хабардарлық (дене, ой, қатынас);

Жеке, жұпта және командада жұмыс істеу қабілеті;

Мектеп миссиясын, пайымдауын және жаһандық азаматтықты жүзеге асыру

Салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дүние тану, жас өспірімдер физиологиясы

АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Бастапқы білім

Бөлімнің басында оқушылар қозғалыс дағдылары спектрін дамытатын қозғалыс ойындарын ойнайды. Допты пайдалану дағдысын дамытатын доппен қозғалыс ойындарын ойнайды. Бөлімнің екінші бөлігінде кеңістіктегі қозғалысты, жұппен және топпен ынтымақтастық пен қарым-қатынасты дамыту бойынша ойындар ойнатылады

Жоспарлардағы әрекеттер

Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ф = формативтік бағалауды қолдайды Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу.

Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау.

Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар.

Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте - бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу.

Комплекстік жаттығу №16-18 рет .

Үлкен, бос ойын кеңістігі.

Мұғалімге ысқырық, секундомер,

тексеру журналы.

Сабақтың ортасы

Қозғалыс ойындарындағы қозғалыс дағдылары спектрі.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.

(К) Оқушылар «Нөмірлерді шақыру» ойынын ойнайды.

Оқушылар 2 командаға бөлінеді және жалпы старт сызығына бір-бірлеп колонна бойынша тізіліп тұрады.

Бөлмеде орын көп болса және ойыншылар саны көп болмаса, оларды бір сызыққа беттерін бір жаққа қаратып екі сапқа тұрғызуға болады. Ойыншылар тұрғызылған сызықтан (старт сызығынан) 2 м қашықтықта параллель финиш сызығы сызылады.

Оқушылар әрбір колоннада (топта) тәртіптік нөмірлері бойынша саналады. Мұғалім өз тарапынан кезектестіру арқылы оқушыларды нөмірімен шақырады. Ұтыс ұпайы мәре бірінші болып жүгіріп келген қатысушылар тобына жазылады.

 Көп ұтыс ұпай санын иеленген топ жеңеді.

 (К) Оқушылар «Шырша бүршіктері, емен жаңғақтары, жаңғақтар» ойынын ойнайды. Ойыншылар ортасында жүргізушісі бар шеңберді құрайды, ал қалғандары үшке бөлініп, бір-біріне беттерімен қарап ортаға тұрады (бірінші нөмір — жүргізушіден үш-төрт қадамда). Мұғалім барлық ойыншыларға атауларды береді: бірінші үштік «шырша бүршіктері», екіншісі «емен жаңғақтары», үшіншісі «жаңғақтар».

Белгі бойынша жүргізуші дауыстап атауларын атай бастайды, мысалы: «Жаңғақтар». «Жаңғақ» деп аталған барлық ойыншылар орындарын ауыстырулары қажет, ал жүргізуші бос қалған орынға жүгіреді. Егер бұл ойы жүзеге асса, онда орынсыз қалған ойыншы жүргізушіге айналады. Егер жүргізуші «Емен жаңғақтары» десе, үштікте тұрғандар екінші болып, «Шырша бүршіктері» десе, үштікте тұрғандар бірінші болып ауысады. Ойын меңгерілгеннен соң, жүргізушіге үштіктен екі немесе тіпті үш ойыншыны шақыруға болады, мысалы: «емен жаңғақтары, жаңғақтар». Шақырылғандар да орындарын ауыстырады.

Бірде-бір рет жүргізуші болмаған ойыншылар жеңіске жетеді.

Мұғалімге нұсқаулық:

Ойын ережесін бұзған ойыншылар болса, олардың тобының ұпайы шегеріледі. Шақырылғандардың орнында қалуға тыйым салынады. Ойыншылардың басқа үштікке жүгіріп кетуге құқығы жоқ (мұндай жағдайда ойыншы жүргізуші болады). Олар ойындағы рөлдерін орындаған және рөлдерін ауыстырған кезде оқушыларды бақылаңыз.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Жазуға арналған қағаз, қалам.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Ысқырық.

Сабақтың соңы 5 минут

Рефлексия. Кері байланыс.Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Оқушылардан бұл жаттығуда қандай тәуекел бар екенін және оны қалай азайтуға болатынын сұрау. Сұрақтар: Физикалық белсенділік бізге едәуір бақытты болып сезінуге көмектесе ала ма?

Сол және басқа рөлде өздерін қаншалықты қолайлы сезінді? Рөлдер бір-біріне ұқсайды ма? Олардың айырмашылығы неде?

Оқушылар таңдаған тірек - қимыл дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

.

Қозғалмалы ойындарындағы тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, орындалу сапасы, бірлескен ойындарда тапсырмалардың мағынасын ашу. Орындалуын анықтау.

Қабілеті жоғары оқушылар қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Дағдыларын дамытуға ынталану. Қозғалыс әрекеттерін белсендендіру. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі іс-қимылдардың орындалуына байланысты қойылған.

Оқу мақсаты оқушыларға түсінікті, белсенді түрде ынталанып қол жеткізді.

Әр тапсырмаға бөлінген уақыт толығымен жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалардың орындалу сапасын бақылау, саралау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді, қарастырылды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жекелей, топтық тапсырмалардың орындалу сапасы.

2: Жаттығулардың орындалу ретінің сақталуы. Өзін-өзі бағалау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап тапсырмалар беру.

2: Тапсырмалардың орындалуына ықпал ететін факторлар. Тапсырманың мағынасын ашу.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың ішкі жағдайына, оқушылардың үнін есту, жекелеген оқушыларға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Тапсырманың орындалуына байланысты сұрақтар қою. Тапсырманы бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу