Қозғалыс ойындарындағы қозғалыс дағдылары спектрі. Жоғарғы қозғалыстар арқылы ойындар. Дене шынықтыру, 2 сынып, сабақ жоспары.


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене

шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ № 8

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Спорт ойындарын меңгеруге арналған қозғалу ойындары.

Ортақ тақырып: Менің отбасым және достарым.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қозғалыс ойындарындағы қозғалыс дағдылары спектрі. Жоғарғы қозғалыстар арқылы ойындар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.1.1. Қозғалыс қызметіндегі міндеттерді, рөлдерді ажырату және түсіну.

 Сабақ мақсаттары

Қозғалыс ойындарындағы қозғалыс дағдыларын сабақ барысында кеңінен пайдалану.

 Жетістік критерийлері

Қозғалыс қызметіндегі міндеттерді, рөлдердің маңызыдылығын анықтайды сабақ барысында пайдалана алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдаужәне пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері).

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Жүгіру дағдылары жеке және топтық жаттығулар арқылы ойын негізінде байытылады. Бөлімнің екінші бөлігінде кеңістіктегі қозғалысты, жұппен және топпен ынтамақтастық пен қарым-қатынасты дамыту бойынша ойындар ойнатылады

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы.

 АКТ қолдану дағдылары

Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану;

Бастапқы білім

Оқушыларда үйде ойналатын ойындардың негізінде болатын контексте және 1-сыныптағы қарапайым жалпы дамыту жаттығуларын орындау, жүгіру, секіру, лақтыру тәжірибесі болады деп күтіледі.

Б = бүкіл сыныптық жұмыс. Жж = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі. Ф = формативті бағалаудың мүмкіндіктері.

Т = топтық жұмыс. Ж = жеке жұмыс. К = оқытушы көрсетеді.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік, жазуға арналған қағаз, қалам, ысқырық.

Қозғалмалы ойындарға арналған сілтеме: http://kladraz.ru/igry-dlja-detei/podvizhnye-igry

Сабақтың ортасы

(К) Оқушылар «Нөмірлерді шақыру» ойынын ойнайды.

Оқушылар 2 командаға бөлінеді және жалпы старт сызығына бір-бірлеп колонна бойынша тізіліп тұрады.

Бөлмеде орын көп болса және ойыншылар саны көп болмаса, оларды бір сызыққа беттерін бір жаққа қаратып екі сапқа тұрғызуға болады. Ойыншылар тұрғызылған сызықтан (старт сызығынан) 2 м қашықтықта параллель финиш сызығы сызылады.

Оқушылар әрбір колоннада (топта) тәртіптік нөмірлері бойынша саналады. Мұғалім өз тарапынан кезектестіру арқылы оқушыларды нөмірімен шақырады. Ұтыс ұпайы финишқа бірінші болып жүгіріп келген қатысушылар тобына жазылады.

 Көп ұтыс ұпай санын иеленген топ жеңеді.

 

(К) Оқушылар «Шырша бүршіктері, емен жаңғақтары, жаңғақтар» ойынын ойнайды.

Ойыншылар ортасында жүргізушісі бар шеңберді құрайды, ал қалғандары үшке бөлініп, бір-біріне беттерімен қарап ортаға тұрады (бірінші нөмір — жүргізушіден үш-төрт қадамда). Мұғалім барлық ойыншыларға атауларды береді: бірінші үштік «шырша бүршіктері», екіншісі «емен жаңғақтары», үшіншісі «жаңғақтар».

Белгі бойынша жүргізуші дауыстап атауларын атай бастайды, мысалы: «Жаңғақтар». «Жаңғақ» деп аталған барлық ойыншылар орындарын ауыстырулары қажет, ал жүргізуші бос қалған орынға жүгіреді. Егер бұл ойы жүзеге асса, онда орынсыз қалған ойыншы жүргізушіге айналады. Егер жүргізуші «Емен жаңғақтары» десе, үштікте тұрғандар екінші болып, «Шырша бүршіктері» десе, үштікте тұрғандар бірінші болып ауысады. Ойын меңгерілгеннен соң, жүргізушіге үштіктен екі немесе тіпті үш ойыншыны шақыруға болады, мысалы: «емен жаңғақтары, жаңғақтар». Шақырылғандар да орындарын ауыстырады.

Бірде-бір рет жүргізуші болмаған ойыншылар жеңіске жетеді.

Қозғалмалы ойындарға арналған сілтеме: http://kladraz.ru/igry-dlja-detei/podvizhnye-igry

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Оқушалардан қозғалыстарда қандай қателер бар және оны қалай азайтуға болатынын сұрау.

Оқушылар таңдаған қозғалыстардағы тірек-қимыл дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша сапалы орындау, жаттығуларды қайталатып орындату.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен, жұппен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ, жаттығулар барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу