Доппен қозғалыс ойындары. Орта қозғалыстар арқылы ойындар. Дене шынықтыру, 2 сынып, сабақ жоспары.


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене

шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ № 9

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Спорт ойындарын меңгеруге арналған қозғалу ойындары.

Ортақ тақырып: Менің отбасым және достарым.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Доппен қозғалыс ойындары. Орта қозғалыстар арқылы ойындар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.3.1 Әділ ойында тактика мен стратегия элементтерін түсіну.

 Сабақ мақсаттары

Доппен қозғалыс ойындары арқылы дағдыларын сабақ барысында стратегия элементтерін пайдалану.

 Жетістік критерийлері

Әділ ойында тактика мен стратегия элементтерінің маңызыдылығын анықтайды сабақ барысында пайдалана алады және түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдаужәне пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері).

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс, жауапкершілік пен өзара түсінушілік қалыптастыру. Жұппен және топпен ынтамақтастық пен қарым-қатынасты дамыту бойынша ойындар ұйымдастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Бастапқы білім

Бұл бөлім оқушыларға спорт ойындарында қозғалу дағдыларының спектрін доппен ойналатын ойынға қатысу, жұпта және топта жұмыс істеу арқылы дамытуға көмектеседі.

Б = бүкіл сыныптық жұмыс. Жж = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі. Ф = формативті бағалаудың мүмкіндіктері.

Т = топтық жұмыс. Ж = жеке жұмыс. К = оқытушы көрсетеді.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Диаметрі шағын доптар 3-10 дана.

Сабақтың ортасы

(К) Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Мұғалім әрбір шеңберге 2-3 доптан бір-бірлеп домалатып жібереді. Доптардың тоқтамауы және шеңберден шықпауы керек, оларды тек қана аяқпен және қолмен итеруге болады. Оқушылар ойын шартын сәтті орындайтын болса, мұғалім қосымша доп санын домалатып жібереді. Доп ортада тоқтап қалатын болса, мұғаліп оны алып тастайды. Шеңбердегі доптар саны бойынша рекордты орнатуға әрекет жасау керек.

(К) Оқушылар шеңберде тұрып, допты түсіріп алмай, жылдам көршісіне беруге әрекет жасайды. Бір-біріне допты өте жоғары мәнерде лақтыруға немесе шеңберге арқасымен қарап және қолдарын артқа ұстап тұрып беруге болады. Балалардан көздерін жұмып ойнау немесе ойында бір уақытта бірнеше допты пайдалану арқылы жаттығуды қиындатуға болады.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Диаметрі шағын доптар 3-10 дана.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Оқушалардан қозғалыстарда қандай жетістіктер бар және оны қалай жетілдіруге болатынын сұрау.

Оқушылар таңдаған қозғалыстардағы тірек-қимыл дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша сапалы орындау, жаттығуларды қайталатып орындату.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен, жұппен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ, жаттығулар барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу