Пратикалық жұмыс №2 «Аммиак алу, оның сулы ерітіндісінің және аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу». Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Күні ___________ «Бекітемін» Химия ӘБ жетекшісі ______________ | ||||||||||
Бөлім:10.4А Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары КҮНІ: | Мектеп: Орал қаласы ФМБ НЗМ Мұғалім:
| |||||||||
СЫНЫП: 10 | Қатысқандар: Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақ тақырыбы: | Азот молекуласы құрылысы және қасиеттерінің ерекшеліктері. Аммиак, аммоний тұздары. Ортофосфор қышқылы және фосфаттар. Азот және фосфор қосылыстарының тыңайтқыш ретінде қолданылуы. Азот оксидтерінің, нитраттар және фосфаттардың қоршаған ортаға экологиялық әсері. Пратикалық жұмыс №2 «Аммиак алу, оның сулы ерітіндісінің және аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу» | |||||||||
Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты | 10.2.1.36 молекула құрылысы негізінде азоттың төмен химиялық белсенділігін түсіндіру; 10.2.1.37 газтәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін және алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру; 10.4.1.8 азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топырақ және су ресурстарына әсерін анализдеу; 10.4.1.9 азот және фосфор қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайтудың мәселелерін шешу жолдарын ұсыну; 10.2.1.38 ортофосфор қышқылының және фосфаттардың физикалық, хиииялық қасиеттерін оқып білу; | |||||||||
Сабақ мақсаты |
| |||||||||
Бағалау критерийі | Оқушылар:
| |||||||||
Миссия, Ұстаным, Құндылықтар | Миссия
Ұстаным
Құндылықтар
| |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Азот пен фосфор қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін ауызша және жазбаша түсіндіреді. Пәнге қатысты лексика және терминология: Аммиак, донорлы-акцепторлы, аммоний ионы, аммоний тұздары, мүсәтір спирті Нитрат, тыңайытқыш, тірі жүйелер, өсімдіктер өсуі, аммиак, азоттың байланысуы, балдырлардың гүлденуі, оттегі, артық мөлшер, қоршаған орта (экологиялық); Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Аммоний ионы .........түзіледі. Аммиактың тыныс алу жүейесіне ...............әсер етеді. Нелер орын алады егер ...? Өзендер мен бұлақтарда азоттың артық мөлшері бар ма ...? ... ағзалар өледі/қалдықтар ыдырайды? Азоттың артық мөлшері пайда болса... ? ... ағзалар өледі/қалдықтар ыдырайды? Қалай … - нитраттар сіңіріледі / қолданылады …? - фермерлер азоттық қосылыстарды қолдана ма? | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Экология Биология | |||||||||
Алдыңғы білім | 7.4А Атом құрылысы 7.2В Қарапайым химиялық реакциялар 9.1С Химиялық реакциялардың жүру заңдыдықтары | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Жоспарланғанмерзімдер | Жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Басталуы 0-1 1-2 2-10 (10 минут) | Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбы мақсаттары айтылады.
Мақсаты: Азот молекуласы құрылысы және қасиеттерінің ерекшеліктерін білу Сипаты: Оқушылардан азот атом құрылысын жазып көрсету (протон, нейтрон, электрон саны, энергетикалық деңгей, конфигурация, графикалық формула, валентілігі, тотығу дәрежелері), азот атомының сыртқы қабатында неше электроны барын анықтап және азот молекуласының электрондық құрылысын «нүктелер және айқыштар» арқылы сызып көрсетуін сұралады. Оқушылар жауаптарын алдарындағы кішкене ақ тақтаға жазып бір мезетте көтереді. Тапсырма 5 минут уақытқа арналған. Бағалау тиісінше сабақ үстінде жүргізіледі. Тапсырманың нәтижесін мұғалім кесте түрінде әрбір оқушының аты жөнінің қарсы жағына белгілеп отырады (қайсы оқушы орындады немесе орындай алмады). Мұғалім сабақтың соңында қайсы оқушы алға қойылған мақсатқа жете алмағанын анықтап, алдағы уақытта сол оқушымен жеке жұмыс жасаудың бағытын анықтайды. Бағалау: Өзіндік бағалау Бағалау критерийі: Молекула құрылысы негізінде азоттың төмен химиялық белсенділігін түсіндіреді | |||||||||
Ортасы 10-40 40-55 55-65 65-75 |
Мақсаты: Аммиак және оның қосылыстарының қасиеттерімен танысу Сипаты: Оқушылар үш топқа бөлініп аммиак және оның қосылыстарының қасиеттерін зерттеу үшін №2 «Аммиак алу, оның сулы ерітіндісінің және аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу» практикалық жұмыс орындайды. Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар топқа бөлінеді, жұмыс парағымен танысады, қауіпсздік ережесін сақтай отырып, практикалық жұмысты орындайды, нәтижелерін талдайды, жұмысты қорытындылайды. Мұғалім іс-әрекеті: Мұғалім оқушыларға жұмыс парағын таратады, бақылайды, қадағалайды, бағалайды. Бағалау: мұғалімнің бағалауы. Бағалау критерийі: Газтәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін және алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады;
Мақсаты: Ортофосфор қышқылы мен фосфаттардың қасиеттерін зерттеу. Сипаты: Оқушыларға Ортофосфор қышқылы мен фосфаттардың қасиеттері туралы жазылған теориялық материал беріледі. Олар материалмен жұпта танысады, талдайды. Берілген кестені толтырады. Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар жұпта материалдармен танысады, талдайды, кестені толтырады. Толтырған кестелерін берілген дұрыс жауап бойынша бағалайды. Кеткен қате бойынша қатемен жұмыстанады. Мұғалім іс-әрекеті: Мұғалім оқушыларға теориялық мәліметтер таратады, бақылайды, қадағалайды, бағыт береді, қажет болған жағдайда оқушы жауаптарын толықтырады. Бағалау: Өзіндік бағалау. Бағалау критерийі: Ортофосфор қышқылының және фосфаттардың физикалық, хиииялық қасиеттерін оқып біледі.
Мақсаты: Азот оксидтері, нитраттар және фосфаттардың қоршаған ортаға экологиялық әсерін білу Сипаты: Оқушылар Азот оксидтері, нитраттар және фосфаттардың топырақ пен су ресурстарына әсері туралы жазылған теориялық материалдармен танысады, бейнебаян көреді. Әр оқушы өзіне қажет мәліметтерді жинақтайды. Осы тақырыпта эссе жазады. Сынып оқушылары екі топқа бөлініп, сол топта әр оқушы өз жұмысын қорғайды. Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар материалдармен танысады, талдайды, эссе жазады, қорғайды, бағалайды. Мұғалім іс-әрекеті: Мұғалім оқушыларға теориялық мәліметтер таратады, бақылайды, қадағалайды, бағыт береді, қажет болған жағдайда оқушы жауаптарын толықтырады. Бағалау: Өзара бағалау. Бағалау критерийі:
Кері байланыс. Оқушы-оқушы
Мақсаты: Тақырып бойынша білімдерін жүйелеу Сипаты: Бүгінгі оқу мақсаттары бойынша сараланған тапсырмалар орындалады. Оқушы іс-әрекеті: өз бетінше, жекелей тапсырмаларды орындайды. Мұғалім іс-әрекеті: Бақылаушы, бағалайды. Бағалау: бағалау критерийлері. | https://www.youtube.com/watch?v=m4Od6kyAwRE Жұмыс парағы 1 Оқу материалы Жұмыс парағы 2 Жұмыс парағы 3 Жұмыс парағы 4 | ||||||||
Соңы 75-80 | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Мақсаты: Бүгінгі тақырып бойынша білімдерін анықтау. Сипаты: алты қырына оқу дағдысының деңгейін анықтайтын 6 сұрақ жазылған кубикті қолданып оқушылардың материалды қабылдау деңгейін анықтау. Оқушы іс-әрекеті: оқушы кубикті лақтырып, түскен деңгейге қарай тақырып бойынша сұрақ құрастырады және өзге оқушының біреуіне бағыттайды. Жауабын бағалайды. Мұғалім іс-әрекеті: бақылайды, бағыттайды. Кері байланыс: оқушы-оқушы. | Блум кубигі | ||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Дифференциация – кең қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Барынша қабілетті оқушылар үшін қандай жұмыс түрлерін жоспарлап отырсыз? | Бағалау- Оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлай-сың? | Айқаспа оқу сілтемелері Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру АТ-сілтемелер Шамаларға сілтемелер | ||||||||
Молекула құрылысы негізінде азоттың төмен химиялық белсенділігін түсіндіреді Газтәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін және алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады; Ортофосфор қышқылының және фосфаттардың физикалық, хиииялық қасиеттерін оқып біледі.Азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топырақ және су ресурстарына әсерін анализдейді; Азот және фосфор қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайтудың мәселелерін шешу жолдарын ұсынады. | Топты өзара бағалау Өзіндік бағалау Мұғалімнің бағалауы | Аммиакерітіндісі –бұл улы зат. Оқушылар тек сұйытылған ерітінділерді қолдануы керек және қорғаныс көзілдіріктерін киюі қажет. | ||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаты/зерттеу мақсаты дұрыс қойылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қандай болды? Менің жоспарлаған дифференциациям жақсы жұмыс істеді ме? Берілген уақытты тиімді, дұрыс пайдалана алдым ба? Менің жоспарым бойынша қандай өзгерістер болды және неге? |
| |||||||||
Қысқаша бағалау Қандай екі зат барынша жақсы болды (сабақ беру мен игеруді қарастыру)? 1: Қандай екі зат сабақты жақсартты (сабақ беру мен игеруді қарастыру)? 1: Менің келесі сабағым өтетін сынып пен жеке тұлғаларға қатысты осы сабақта мен не игердім |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?