Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы. №2 практикалық жұмыс «Сутекті алу және оның қасиеттерін тану» Сутектің қолданылуы. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«СУТЕКТІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ»
ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып:8, 2 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.2 D Сутек. Оттек және озон
Оқушыларға өткен сабақта жасалған зертханалық жұмыстарын еске түсіру сұралады, соның негізінде практикалық жұмыстың орындалу барысы сипатталып, мұғалім жұмыстың жүргізілуіне байланысты кері байланыс пен ұсыныцстар беріледі. Практикалық жұмысты орындау кезінде оқушылардың жұмысты қалай орындалып жатқандығы бақыланады. Нұсқаулыққа сай жұмыс жасау дағдысы, қауіпсіздікті сақтау, қасындағы оқушымен бірлесе жұмыс жасауы тексеріледі.
Әрі қарай оқушыларға сутектің химиялық қасиеттері қайта таныстыралады да ол одан әрі химиялық қасиеттердің негізінде есептер шығаруына ұласады.
Жұмыс аяқталған соң «твиг-білім» сайтынан сутектің қоланылуы туралы видео көрсетіледі. Оқушылар осы видеоны тыңдай отырып, дәптерлеріне түртіп алып отырады және соған байланысты сұрақтарға жауап береді
Дидактикалық материал ретінде берілген тапсырмалармен қатар дифференциацияға негізделген басқа тапсырмалар үлгісін дайындауға болады. Сонымен қатар, жұмыс түрлерінің барлығы (жеке, жұптық, топтық) мүмкіндігінше қамтылды, дегенмен оқушы қажеттілігіне сай жұмыс түрлерін өзгерту мұғалім шеберлігіне байланысты бола алады.
Оқушылардың сыныптағы деңгейіне байланысты әртүрлі тапсырмаларды беруге болады. Төменде осы тапсырмалардың үлгілері ұсынылады.
- HCl, H2SO4 қосылыстардағы әр элементтің валенттілігін табыңдар.
- H2O құрамындағы сутектің массалық үлесін есептеңдер.
3. H2 + O2 = ? реакция теңдеуін аяқтап, теңестіріңдер.
- Зат мөлшері 2 моль сутек газының (Н2) массасын есептеңдер.
- Массасы 5 г сутек хлормен әрекеттескенде түзілген хлорсутектің массасын есептеңдер.
- Зат мөлшері 2 моль сутек газының (Н2) (қ.ж) көлемін есептеңдер.
- Массасы 2 г сутек оттекпен әрекеттескенде түзілген судың массасын есептеңдер.
- Судың 3,1∙1023 молекуласына сәйкес оның зат мөлшерін табыңдар.
- Массасы 3 г сутек натриймен әрекеттескенде түзілген натрий гидридінің массасын есептеңдер.
- Көлемі 2 л сутектің (H2) (қ.ж) зат мөлшерін табыңдар.
- Массасы 4 г сутек мыс (II) оксидімен әрекеттескенде түзілген мыстың массасын есептеңдер.
Тест тапсырмалары
1. Сутектің химиялық таңбасы:
а) Н ә) Не б) Cu в) Si
2. Күн жүйесі планеталарының қанша пайызын сутек атомы құрайды?
а) 25% ә) 32% б) 24% в) 92%
3. Сутекті ең алғаш алған ғалым?
а) Ломоносов ә) Менделеев б) Кавендиш в) Лавуазье
4. Сутек латынша қандай мағынаны береді:
а) түтінді газ ә) су тудырушы б) қопарғыш газ в) су тасушы
5. Сутекті өнеркәсіпте алу жолы:
а)Электр тоғы арқылы ә)белсенді металдан
б)ауаны ығыстыру арқылы в)айдау арқылы
6. Периодтық жүйеде нешінші топта орналасқан?
а) 1 қосымша топшада ә ) 1 негізгі топшада б) 2 негізгі топшады в) 3 қосымша топшада
Химиялық диктанттың үлгілері
I
1. Лабораторияда сутек газын...... жинауға болады. Жеңіл сутекті ауызы .... қарай төңкерілген сынауыққа жинайды.
2. Француз ғалымы .... сутектің жай зат екенін анықтап, оған ... деп ат берген.
II
1.Сынауыққа жинап алған сутектің тазалығын тексеру үшін жанып тұрған ..... апарса, таза сутек ..... түрде реакцияға түсіп, ..... деген дыбыс шығарады.
2. Лабораторияда сутек газын белсенді металдарды ...... немесе .... әрекеттестіріп алады.
III
1. Егер сынауықта сутекпен бірге .... не .... қоспасы болса ...... дыбыс шығады.
2. Өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі әдісі - суды..... көмегімен айыру арқылы алады. Сутекті алудың тағы бір жолы - .... әрекеттесуі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?