Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы. №2 практикалық жұмыс «Сутекті алу және оның қасиеттерін тану» Сутектің қолданылуы. Химия, 8 сынып, дидактикалық материал.


«№2 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС СУТЕКТІҢ АЛЫНУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ»ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып:8, 2 тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.2 D Сутек. Оттек және озон

  Оқушыларға өткен сабақта жасалған жобалық жұмыстарын еске түсіру сұралады, соның негізінде практикалық жұмыстың мазмұны таныстырылып, қауіпсіздік ережесі қайталанып өтіледі. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға қауіптілікті болжап көру сұралады. Бұл дағды оқушылардың тиянақтылығын арттырып, ұқыптылықты талап етеді. Сутек жинауға қажетті құрылғыны суретке қарап құрастыру арқылы, олардың есте сақтау дағдысын дамытуға болады.

Практикалық жұмысты орындау кезінде оқушылардың жұмысты қалай орындалып жатқандығы бақыланады. Нұсқаулыққа сай жұмыс жасау дағдысы, қауіпсіздікті сақтау, қасындағы оқушымен бірлесе жұмыс жасауы тексеріледі.

Жұмыс аяқталған соң «твиг-білім» сайтынан сутектің қоланылуы туралы видео көрсетіледі. Оқушылар осы видеоны тыңдай отырып, дәптерлеріне түртіп алып отырады және соған байланысты ассоциация картасын толтыру сұралады.

Дидактикалық материал ретінде берілген тапсырмалармен қатар дифференциацияға негізделген басқа тапсырмалар үлгісін дайындауға болады. Сонымен қатар, жұмыс түрлерінің барлығы (жеке, жұптық, топтық) мүмкіндігінше қамтылды, дегенмен оқушы қажеттілігіне сай жұмыс түрлерін өзгерту мұғалім шеберлігіне байланысты бола алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!