Металдардың белсенділік қатары. № 1 практикалық жұмыс «Металдардың белсенділігін салыстыру». Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«МЕТАЛДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІК ҚАТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 1-тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1С Металдардың белсенділігін салыстыру
Бұл тараудың барлық тақырыптары оқушылардың әртүрлі реакцияларды жүзеге асырып, зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар әртүрлі ерітінділерімен металдардың реакцияларын зерттейді, реакция нәтижелері негізінде өздері металдардың белсенділік қатарын құрады. Тараудың қорытынды сабағында оқушылар жалпы белсенділік қатарын қорытып шығарады және түрлі тапсырмалар орындайды. Қорытынды сабақ болғандықтан мұғалім металдардың белсенділік қатары туралы ақпаратты жалпылай алады.
Металдардың белсенділік қатары металдардың қалай реакцияға түсетіндігін болжауға пайдаланылады. Белсенділік қатарында ең белсенді элементтер ең жоғарыда орналасды. Белсендірек элементтер электрондарын оңай беріп иондарға айналады.
Калий |
Натрий |
Литий |
Кальций |
Магний |
Алюминий |
Мырыш |
Темір |
Мыс |
Күміс |
Алтын |
Бұл элементтердің сумен, бумен және қышқылдармен әрекеттесуі элементтерді осы қатарға орналастыруға мүмкіндік береді. Кестеде элементтердің сумен және қышқылдармен әрекеттесуі көрсетілген:
Элемент | Сумен реакциясы |
Калий | қарқынды |
Натрий | өте жылдам |
Литий | жылдам |
Кальций | баяу |
Элемент | Сұйылтылған қышқылмен реакциясы |
Кальций | өте жылдам |
Магний | жылдам |
Мырыш | баяу |
Темір | мырышқа қарағанда баяу |
Мыс | өте баяу |
Күміс | әрекеттеспейді |
Алтын | әрекеттеспейді |
Бұл жағдайда алюминийді сынағанда алюминийдің сыртындағы оксидті қабықшаны алып тастау керек.
Белсенділігі жоғары металл белсенділігі төмен металды тұзының ерітіндісінен ығыстырып шығарады. Мысалы: магний + мыс (II) сульфат → медь + магний сульфаты
Mg(қ) + CuSO4(ер-ді) → Cu(қ) + MgSO4(ер-ді)
Сабақ соңында оқушылармен бірге келесідей сызбанұсқаны қорытып шығаруға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?