Металдардың белсенділік қатары. № 1 практикалық жұмыс «Металдардың белсенділігін салыстыру». Химия, 8 сынып, дидактикалық материал.


№4 практикалық жұмыс

Металдардың белсенділігін салыстыру

Жұмыс мақсаттары:

  • металдардың сумен, қышқыл және тұз ерітінділерімен реакциялары негізінде металдар белсенділігінің жалпы қатарын құру;
  • белгісіз реакциялардың жүру мүмкіндігін металдардың белсенділік қатарын қолдана отырып болжау.

Гипотеза:

__________________________________________________________________________________________________________________________________

Қауіпсіздік техникасы: тәжірибелерді орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет; реактивтерді шашпау керек.

Назар аудар! Әр құралды қолданған соң, өз орнына таза күйінде қою қажет.

Құрал-жабдықтар мен реактивтер: түрлі металдар тұздарының ерітінділері (мыс, темір, никель, мырыш, кобальт, күмістің), 10 мл-ден тұз қышқылы ерітіндісі; металдық темір, мырыш, мыс, магний; сынауықтар – 6 дана, сынауыққа арналған тұрғы – 1 дана.

Жұмыс барысы

1-тәжірибе. Металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі

1. Сынауыққа магнийдің (ұнтақ тәрізді) аздаған мөлшерін салып, 1 мл су құю керек. Нені байқадың? Сынауықты қыздыр. Не байқадың?

2. Сынауыққа мыс сымының бөлігін салып, 1 мл су құю керек. Не байқадың? Сынауықты қыздыр. Не байқалды?

3. Сынауыққа темірдің (ұнтақ тәрізді) аз мөлшерін салып, 1 мл су құю керек. Нені байқадың? Сынауықты қыздыр. Не байқадың?

4. Мұғалім натрийдің сумен әрекеттесуін көрсетеді. Не байқадың?

2-тәжірибе. Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі

1. Сынауыққа магнийдің (ұнтақ тәрізді) аз мөлшерін салып, 1 мл тұз қышқылы ерітіндісін құю керек. Не байқадың?

2. Сынауыққа мыс сымының бөлігін салып, 1 мл тұз қышқылы ерітіндісін құю керек. Не байқадың?

3. Сынауыққа темірдің (ұнтақ тәрізді) аз мөлшерін салып, 1 мл тұз қышқылы ерітіндісін құю керек. Не байқадың?

3-тәжірибе. Металдар белсенділігін салыстыру

1. Темір (ІІ) хлориді ерітіндісіне мыс сымын сал. 2-3 минуттан соң салынған мыс сымын ерітіндіден алып, сүзгіш қағазға қою керек. Нені байқадың?

2. Жіпке байланған темір шегені мыс (ІІ) хлориді ерітіндісіне сал. 2-3 минуттан соң салынған темір шегені ерітіндіден алып , сүзгіш қағазға қою керек. Нені байқадың?

Бақылаулар мен нәтижелер

1. Тәжірибелік мәліметтер негізінде (металдардың сумен әрекеттесуі) мұғалім ұсынған металдардың белсенділігі туралы қорытынды жаса.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Металдарды олардың белсенділігінің кему реті бойынша орналастыр (металдардың белсенділік қатарын құрастыр).

__________________________________________________________________

Бақылау сұрақтары

 1. Мынадай металдардың сумен реакциясының теңдеулерін жаз:

а) Mg + Н2О→

ә) Cu + Н2О →

б) Fe + Н2О→

в) Na + Н2О →

2. берілген металдардың қышқылмен реакциясының теңдеулерін жаз:

а) Mg + НCl→

ә) Cu + НCl →

б) Fe + НCl→

3. Металдар мен тұздар арасында жүзеге аса алатын реакция теңдеулерін жаз:

а) Cu + FeCl2 (с.е.)

ә) Fe + CuCl2 (с.е.)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?