Металдардың белсенділік қатары. № 4 Практикалық жұмыс «Металдардың белсенділігін салыстыру». Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«МЕТАЛДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІК ҚАТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 1-тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1С Металдардың белсенділігін салыстыру
Бұл тараудың барлық тақырыптары оқушылардың әртүрлі реакцияларды жүзеге асырып, зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар әртүрлі ерітінділерімен металдардың реакцияларын зерттейді, реакция нәтижелері негізінде өздері металдардың белсенділік қатарын құрады. Тараудың қортынды сабағында оқушылар жалпы белсенділік қатарын қорытып шығарады. Осы тәжірибелерді орындау арқылы практикадан теорияға принципі жүзеге асырылады. Ол үшін алдыңғы үш сабақтан жасаған қорытындыларын бір-бірімен сәйкестендіреді және металдардың белсенділік қатарын құрып шығады. Әрине, сабақтың негізгі мақсаты эксперименттерді жасау және оның нәтижесі негізінде қорытынды жасау болып табылады. Тәжірибелерді оқушылар жұпта немесе жеке орындағаны дұрыс, себебі сол кезде оқушылаардың химиялық ыдыстармен, реактивтермен жұмыс жүргізу дағдылары дамиды.
Бұл жастағы оқушылар жұмыстың қорытындысын дұрыс жасай алмауы мүмкін, сондықтан оларға қорытынды жасауға қолдау көрсету үшін бірнеше сұрақтар беруге болады. Сұрақтарды тек тақырыпқа қатысты емес, сонымен қатар алдыңғы тақырыптарға байланысты қоюға да болады. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін тапсырмалардың әр түрін қолдану ұсынылады. Мысалы, видеоролик мазмұны бойынша сұрақтар дайындап, оларға видеоролик көрсетуге болады. Оқушылар бұл жағдайда жұптарда немесе топта орындағаны дұрыс, бұл тапсырманың орындалғанын талқылап, қателіктерін жоюға және бір-бірін оқытуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар зерттеу жұмысының суреттерін де ұсынуға болады. Сол арқылы оқушылар жұмысты орындайды. Мысалы:
А. Суретте берілген сынауықтарға Cu, Mg, K, Zn металдары салынған. Қай металл нешінші сынауыққа салынғанын суретке қарап болжап көр.
1-сынауыққа _________________________ салынған.
2-сынауыққа _________________________ салынған.
3-сынауыққа _________________________ салынған.
4-сынауыққа _________________________ салынған.
Ә. Осы төрт металдан белсенділіктің арту реті бойынша белсенділік қатарын құрастыр.
Б. Калийдің салқын сумен реакция теңдеуін жазып, теңестір.
В. Калий сумен реакцияласқанда түзілген өнімге лакмус батырса, ол қандай түске өзгереді деп есептейсің?
Г. Мырыштың ыстық сумен реакция теңдеуін жазып, теңестір.
Ғ. Берілген төрт металл қатарына темірді (Fe) қосса, онда сен құрастырған белсенділік қатарында темір қай жерде орналасатынын көрсет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру