Адам гаметогенезінің сатылары. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Көбею

Мектеп: Шымкент қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есенова Г.С

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адам гаметогенезінің сатылары

Сабақ оқу мақсаты:

адам гаметогенезінің сызбасын талдау

Сабақ мақсаты:

  • Гаметогенез сызбасын дұрыс құрастыру;
  • Көбею, өсу, пісіп жетілу және қалыптасу кезеңдерін дұрыс жазу;
  • Гаметогенездің кезеңдерінде митоз, мейоздың жүзеге асырылуын дұрыс көрсету;

Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • Гаметогенездің сызбасын ретімен дұрыс құрастырады; /оогенез,сперматогенез/
  • Көбею, өсу, пісіп жетілу және қалыптасу кезеңдері дұрыс жазылады;
  • Гаметогенездің қай кезеңдерінде митоз және мейоз жүзеге асырылатынын дұрыс көрсетеді.

Талдау арқылы оқушының қолдану, талқылау дағдысы дамиды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология;

«сперматогенез», «оогенез» түсініктерін жазбаша түсіндіру

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

гаметогенез, сперматогенез, оогенез, сперматогония, сперматоцит, екіншілік сперматоциттер, сперматида, қоректік заттар (ДНҚ, нәруыздар) овогония, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер, пісіп жетілген овоциттер (жұмыртқа жасушалары), фоллиукала аймағы, өсу, пісіп жетілу, көбею, митоздық бөліну, қалыптасу фаза, бағыттаушы денешік,гаплоидты хромосомалар

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Сперматогенез келесі кезеңдерден тұрады: …, …, …. .

Овогенез кезеңдері: ...,...,... . Гаметалар …. хромосома жиынтығынан тұрады.

  Білім беру

 құндылықтары

 

 

Жұппен жұмыс істеу ынтымақтастық, достастық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Талдау жүргізу арқылы алған білімдерін қолдана отырып, өмір бойы білім алуға үйренеді.Осылай мектеп құндылықтары үнемі сабақ барысында көрініс алады.

Пәнаралық байланыстар

Адамның гаметогенез кезеңдері, сперматогенез бен оогенездің арасындағы айырмашылықтар қарастырылады. Ғылыми/академиялық тілде жазылған тілдік дағды дамиды.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын презентация.

Бастапқы білім

Көбею: 7-10 кластар

Гаметогенез:10 класс

Жасушалық цикл:10 класс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

6- 21 минут

Сабақтың ортасы:

22-32 минут

Сабақтың аяғы

33-45 минут

Ұйымдастыру кезеңі: Миға шабуыл ой қозғау.

Кестеге оқушылар гаметогенез кезеңдерін біледі, енді сондағы гаметалардың санын ғана жазып шығады.

Spermatogenesis

Oogenesis

Гамета саны

Мейоздан кейін

Фетальды кезең

Мұғалім сыныпта дұрыс түсініктемелер қалыптасты ма әлде ауытқулар бар ма? Әр оқушының берген жауабын мұқият қадағалап, дұрыстауға мүмкіндік беру арқылы оқушылардың жауабына кері байланыста мыналар қарастырылады.

  • Не дұрыс екендігін оларға нақты айту
  • Оларға бұл неге дұрыс екендігін айту
  • Оларға жетілдіру үшін нақты тармақтарды ұсыну

Миға шабуыл сұрақтары арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылады. Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты және мақсатты жазып алады.

Т/ Оқушыларды екі топқа бөле отырып гаметогенез сызбасын постерге салады, бірге қорғайды. Постер жасауға 7 минут.

Қорғауға әр топқа 3-4 минут

1 топқа оогенез

2 топқа сперматогенез

Бағалау критерийлері:

  • Гаметогенездің сызбасын ретімен дұрыс құрастырады; /оогенез,сперматогенез/
  • Көбею, өсу, пісіп жетілу және қалыптасу кезеңдері дұрыс жазылады;
  • Гаметогенездің қай кезеңдерінде митоз және мейоз жүзеге асырылатынын дұрыс көрсетеді.

Постерде болуы тиіс:

  • Гаметогенез сызбасын дұрыс көрсету
  • Кезеңдерін дұрыс көрсету
  • Митоз кезеңдерін көрсету
  • Мейоз кезеңдерін көрсету

Мұғалім жұмысты тексере отырып жұмыстың критерийі бойынша дұрыс қарастырды ма? нені толықтыру қажет? нені дұрыс айтқаның атап өту қажет?

Берілген кері байланысты оқушы дәптерлеріне түртіп отырады.

Флеш карта

  • Гаметогенездегі жыныс жасушалары өсу кезеңінде қандай бөліну жүреді?
  • Гаметогенездегі жыныс жасушалары бөліну кезеңінде қандай жолмен бөлінеді?
  • Гаметогенездегі пісіп жетілген жыныс жасушаларында қандай жиынтықтағы хромосома түзіледі?

Әрі қарай оқушылар бір сұрақтан дайындап бір-біріне қояды. Бір жауаппен айтылу қажет жауабы.

Жж/ Таратпа материал № 1

Бағалау критерийлері:

  • Гаметогенездің сызбасын ретімен дұрыс құрастырады; /оогенез,сперматогенез/
  • Көбею, өсу, пісіп жетілу және қалыптасу кезеңдері дұрыс жазылады;
  • Гаметогенездің қай кезеңдерінде митоз және мейоз жүзеге асырылатынын дұрыс көрсетеді.

Сабақты бекіту сұрақтары:

Гаметогенез үрдісінде митоз немесе мейоз өтуінің артықшылығын анықтаңыз?

Рефлексия: тақтаға бағдаршамның түстері бар төмендегі постер ілініп тұрады. Оқушылар сабақты түсіну деңгей лерін құстұмсық «V» белгісін қою арқылы белгілеп шығады. Үш түсте сабақтың үш мақсаты тұрады.

Жақсы түсіндім-жасыл

Түсіндім бірақ ,сұрақтарым бар –сары

Түсінбедім,мен үшін қиын –қызыл

Үйге тапсырма: Гаметогенез сызбасында түзілетін жасуша санынмен көрсету

Митоз және мейоз сызбаларының мысалдары:

https://med-explorer.ru/serdechno-sosudistaya-sistema/simptomatika-i-diagnostika-serdechno-sosudistaya-sistema/sravnitelnaya-xarakteristika-mitoza-i-mejoza.html

http://www.nawandihalabja.com/difference-between-mitosis-and-meiosis-diagram/

Мұғаілмнің презентациясы.

Гаметогенез туралы бейнебаян:

https://www.youtube.com/watch?v=2cFzM3YO3io

«ИНСЕРТ» кестесі :

http://images.myshared.ru/4/143985/slide_19.jpg

Салыстыру кестесі:

http://www.embryology.ch/anglais/cgametogen/vergleich01.html

Оогенез бен сперматогенездің салыстырмалы кестесі (ағылш.):

http://www.uoguelph.ca/zoology/devobio/210labs/meiotbl.htm

Саралау

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың барлығы:

Гаметогенез сызбасын дұрыс құрастыру; кейбір оқушыларға кілтті сөздерді беру арқылы қолдау көрсету

Оқушылардың көпшілігі:

Көбею, өсу, пісіп жетілу және қалыптасу кезеңдерін дұрыс жазу;жақсы орындаған оқушыларды көмекке жіберу арқылы қолдау көрсету

Оқушылардың кейбірі:

Гаметогенездің кезеңдерінде митоз, мейоздың жүзеге асырылуын дұрыс көрсету;

Сыныптағы бірінші орындаған оқушыларды көмекке жүгіндіру

  • Сыныпта дұрыс түсініктемелер қалыптасты ма әлде ауытқулар бар ма? Әр оқушының берген жауабын мұқият қадағалап, оқушылардың жауабына кері байланыс арқылы
  • Бағалау критерийі арқылы бағаланады
  • Жасыл сиямен оқушылар өз жұмыстарын тексереді

Денсаулық сақтау технологиялары.

  • Сыныптағы қауіпсіздік ережесі сақталуын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1.

2.

3.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу