Бұлшықеттің жиырылу механизмі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4В Қозғалыс | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Бұлшықеттің жиырылу механизмі. | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| |||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||
Жетістік критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: көлденең жолақты бұлшықет, бұлшық ет талшықтары, миофибрилла құрылымы: актин/жіңішке жіпшелер/, миозин /жуан жіпшелер, саркомер, сарколемма, саркоплазма,саркоплазматикалық ретикулум, көлденең (T) канал, тропонин,тропомиозин; жиырылу, қажу. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Ашық/күңгірт филамент аталады........... Кальций ионы жинақталады........ Тропомиозиннің конформациясының өзгерісі белсенді орталықтарды ашады........ | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Жалпы адамзаттық құндылықты қалыптастыру: Жеке жұмыс және топтық жұмыс үйретеді және баулиды:
| |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Ағылшын тілі: Ағылшын тілінде терминдерді кіргізу және қысқа мәтіндермен жұмыс. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны презентация және видео қарауда қолдану . Тапсырма орындау кезінде активордты пайдалану | |||||||||||
Бастапқы білім | 8 - сынып. Тірек-қимыл жүйесі 9 – сынып. Қозғалыс. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 0-7 минут Сабақтың ортасы 8 – 28 минут 29 – 36 минту | Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға «Миға шабуыл» тәсілі арқылы сұрақтар қойылады: 1.Қалай ойлайсыздар, ағзаның қозғалуы ненің есебінен жүзеге асады? 2.Қаңқа бұлшықеті жиырылғанда қандай процестер жүзеге асады? Сұрақтар бүкіл сыныппен талқыланады. Жауаптар арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады. Содан соң мұғалім сыныпқа бұлшықеттердің жиырылу және босаңсу күйіндегі құрылысының суреттерін/ сызбаларын көрсетеді және бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіреді. (Ұ), (М) Оқушылардан жиырылу және босаңсу күйіндегі бұлшықеттердің (миофибриллалардың) құрылымының суреттерін/сызбаларын қарастыру ұсынылады. (М) (Ұ) Мұғалім бұлшықеттердің жиырылуы туралы анимацияны бұлшықет филаменттері деңгейінде (актин мен миозин) демонстрациялайды. Миозин мен актин талшықтарының ұзындықтарының өзгермейтінін атап өткеніңіз жөн.
| Қаңқа бұлшықеттерінің құрылымы, бұлшықет жиырылуының механизмі туралы орыс тіліндегі ақпарат: http://www.bio.bsu.by/phha/06/06_text.html Бұлшықеттің жиырылу механизмі: http://www.bio.bsu.by/phha/06/06_text.html Бұлшықет жиырылуының сырғанақ жіптер теориясы туралы бейнефильмдер: https://www.youtube.com/watch?v=QVc0DtzVHLQ Бұлшықеттердің жиырылуының сырғанақ жіптер теориясы туралы YouTube 3 минуттық анимациясы: | ||||||||||
Сабақтың соңы 37 – 40 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | |||||||||||
Сабақтың басы 0-2 минут 3 – 13 минут 14 – 24 минут 25 – 36 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосферасын орнату (Жж) Оқушыларға бұлшықет жиырылуының механизмін түсіндіруге саркомер, саркоплазмалық ретикулум және көлденең (T) канал құрылысының бейнесін ұсыныңыз. Оқушылар суреттердегі бұлшықет жиырылуына қатысатын барлық құрылымдарды таңбалау қажет. (Ж) Оқушыларға актин мен миозин жіптерінің сырғу механизмінің анимациясын суреттеу үшін бұлшықеттің жиырылу механизмінің моделін жасауды ұсыныңыз. Модельді құрастыру үшін қолданыстағы материалдарды/құралдарды қолдануға болады. Мұғалім сыныппен бірге бағалау критерийлерін құрастырады және комментария бере отырып, бағалайды. Критерийлер: 1.Модельде сырғанауға қатысатын құрылымдар нақты көрсетілген. 2.Құрылымдар қызметін оқушы қысқа, нақты сипаттайды. (Жж)(Қ) Оқушыларға бұлшықеттің жиырылу кезеңдері мен онда өтетін үдерістермен сәйкестендіруді ұсыныңыз. Оқушыларға бұлшықеттің жиырылу кезеңдерінің атауы мен сипаттамалары бар кәртішкелерді таратыңыз. Бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіру үшін келесі терминдерді қолдану ұсынылады: миофибрилла, миозин жібі, актин жібі, саркомер, АТФ, миозин басы, байланысу орындары, кальций иондары, айқас көпірлер, тропонин мен тропомиозиннің рольдерін түсіндіріңіз. Кейін оқушылар жұмыстарымен алмасады және өзара бағалау жүргізеді. Оқушылар жұмыстары төмендегідей болуы мүмкін. Сурет -1.1. | Бұлшықет талшығының құрылысы мен жиырылу механизмі туралы ақпарат: http://www.studfiles.ru/preview/5920458/page:3/ Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаздар, ермексаз, моншақ, жіптер, резеңке сақиналар. | ||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Оқушылардың барлығы: Жиырылу және босаңсу күйіндегі бұлышқеттер құрылымының суреттерін сызбада құрастыра алады; Бұлышқеттердің жиырылуы туралы анимацияны көре отырып актин мен миозин жұмысын сараптайды; Оқушылардың басым көпшілігі: Бұлшықет талшықтарының жиырылуына қатысатын барлық құрылымдарды суретте ажырата алады; Оқушылардың кейбірі: Бұлшықеттің жиырылу кезеңдерді онда өтетін үрдістермен сәйкестендіре алады; Хангсли мен Хенсонның сырғанақ жіп теориясын түсіндіре алады. | 1.Сабақ басында қойылған сұрақтарға берген жауаптар, талқылаулар және суреттік таспырманы сараптау арқылы; 2.Суреттік тапсырмалардың критерийлер бойынша бағалануы; 3.Суреттік тапсырмалардағы бұлшықет талшықтарының жиырылу кезеңдері мен ондағы процестерді толық сипаттай алуы арқылы. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру