Бұлшықет талшығының жиырылу механизмі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.4 С Қозғалыс

Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы

Күн:

Мұғалімнің аты-жөні:Убишева Т.К

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бұлшықет талшығының жиырылу механизмі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.6.2 бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіру

 Сабақ мақсаты

  • миофибрилла құрылымын зерттеу және сипаттау;
  • бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіру

 Бағалау критерийі

  • бұлшықеттің жиырылу кезеңдерін сипаттайды;
  • бұлшықеттің жиырылу кезеңдерін түсіндіреді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Бұлшықеттің жиырылу кезеңдерін сипаттайды. Суреттен құрылысын жазбаша анықтайды. Бұлшықеттің жиырылуын ауыз және жазбаша түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

саркомерлер, актин, миозин, бұлшықет күші, бұлшықет кернеуі, сіресу, талшықтардың тістесуі, кальций иондары, кальций сорғысы

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Бұл кезеңде ........ жүзеге асады.

Х кезеңнен кейінгі Y кезеңде ...... жүреді

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық шындықты сақтауға, топтық жұмыста тіл табысу, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыс

Физика: тежелу мен жылжу туралы талдау барысында

Бастапқы білімі

Тірек-қимыл аппараты 8-9 сынып

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Қызығушылығын ояту

0-10

10-15

15-18

1. Білімді нақтылау.

Оқушыларға көлденең жолақты бұлшықеттің негізгі бөліктерін анықтайтын суреттер таратылады. Бұдан кейін дәптердегі ақпаратты қолданып, өзара тексеру жүргізіледі.

2. Ой шақыру. Оқушыларды кіші топтарға бөліп, бұлшықет жиырылуының 8 кезеңін сызбамен көрсету тарсырмасы ұсынылады. Тапсырма соңында мұғалім дұрыс жауапты көрсетпей-ақ нәтижені тексереді. Бұл кезеңде мұғалім оқушылардың жақын арада даму аймағын анықтайды.

3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы анықталады, сабақ мақсатын қалыптастырады:

        • миофибрилла құрылымын зерттеу және сипаттау;
        • бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіру.

Қосымша 1

Мағынаны тану

18-26

26-40

40-50

50-65

65-78

1. «Көрген ақпаратты талдау». Оқушылар «Бұлшықеттің жиырылуы» орыс тілінде бейнебаянды көреді. Мұғалім бұл бейнебаян дауысын тоқтатып, өз тілінде түсіндіру арқылы қолдана алады. Бейнебаян көру кезінде оқушылар дәптерлеріне қажетті ақпараттарды жазып отырады.

2. «Реттілігін тап!» тапсырмасы. Оқушыларға бұлшықет жиырылуының басталуы мен оның жүзеге асуы барысындағы кезеңдер тізбелеу ұсынылады. Оқушылар міндеті кезеңдердің логикалық реттілігін анықтау болып табылады:

1. Әрекет потенциалы қозғалыс жүйке талшығының бойымен бұлшықет талшығының ұшына дейін таралады

2. Әрбір жүйке ұштары нейромедиатор ацетилхолинін бөледі.

3. Мембранада орналасқан нәруыздар арасындағы қуыстардан өтіп, ацетилхолинмен басқарылатын көптеген каналдар ашылады да ацетилхолин бұлшықет талшығы мембранасының шектеулі аймағына әсер етеді,

4. Ацетилхолинмен басқарылатын көптеген каналдардың ашылуы бұлшықет талшығы ішіне натрий иондарының көп мөлшерде өтуіне мүмкіндік береді, бұл мембранада әрекет потенциалы пайда болуына әкеледі.

5. Әрекет потенциалы бұлшықет талшығы мембранасы, сондай-ақ жүйке талшығы мембранасы бойымен де өтеді.

6. Әрекет потенциалы бұлшықет мембранасын деполяризациялайды, нәтижесінде пайда болған электр тізбегі бұлшықет талшығының ортасы арқылы өтеді. Бұл саркоплазмалық ретикулумда сақталатын кальций иондарының көп мөлшерде бөлуіне әсер етеді.

7. Кальций иондары актин мен миозин жіпшелерінің

өзара ұстасуына бастама күш береді, бір-біріне қатысты сырғып бұлшықет жиырылуының негізгі процесін түзеді.

8. Секундтың бір бөлігінде саркоплазмалық ретикулум мембранасындағы кальций сорғысы көмегімен кальций иондары қайта сорылып, және жаңа əрекет потенциалы пайда болғанға дейін рентикулумда қалады. Бұлшықет талшығынан кальций иондарының шығарылуы бұлшықет жиырылуын тоқтатады.

Источник: https://meduniver.com/Medical/Physiology/516.html MedUniver

3. Көлденең жолақты бұлшықеттің жиырылуына байланысты ерекшеліктерін анықтау.

Дифференциациялы оқыту мақсатында оқушыларға кесте бағанында ақпарат жоқ, әртүрлі % қатынасы бар кесте ұсынылады.

Кестемен жұмыс:

Қасиеті

Қаңқа бұлшықеті

Деполяризация жылдамдығы

жылдам

Тістесу қезеңі

кысқа

Жиырылу сипаты

фазалық жылдам

Энергия шығындалуы

жоғары

Ырғақтылық

жоқ

Автоматтылығы

жоқ

Өткізгіштігі

жоқ

Иннервациясы

Сомалық ЖЖ мен

мотонейрондармен

Әрекеттің жүзеге асуы

ерікті

Химиялық заттарға сезімталдығы

төмен

Саралану мен бөлінуге қабілеті

жоқ

Кестемен жұмыстың орындалу нәтижесі бойынша талдайды.

7. Бұлшықет жиырылуының типтерә мен түрлерін зерделеу.

Типтері мен түрлерін зерделеу үшін оқушыларға сызба/сурет/кесте/тезис түрінде материалдардан таңдау жасау ұйымдастырылады.

Бұлшықет жиырылуының типтері

Изотониялық (грек тілінде isos — бірдей, тең, tonos — ширығу, деген мағына) жиырылу (ширықпай жиырылу) кезінде ет талшықтарының ширығу деңгейі өзгермей, тек оның үзындығы қысқарады. Тэжірибе жағдайында изотониялық жиырылу оқшауланған бұлшық етке аз ғана жүк іліп, электр тоғымен тітіркендірген кезде байқалады.

Изометриялық  (грек тілінде isos — бірдей, mews — өлшем) жағдайында бұлшық еттің үзындығы өзгермей, тек ширығу деңгейі артады (қысқармай жиырылу). Тәжірибе жағдайында жиырылудың бұл түрі оқшауланған бұлшық етке тым ауыр жүк іліп, тітіркендіргенде байқалады. Табиғи жағдайда таза изотониялық немесе таза изометриялық жиырылулар кездеспейді.

Ауксотониялық бұлшық еттің ширығу деңгейі мен үзындығын өзгерте жиырылуы. Мұндай жиырылу режимі адамның еңбек қызметін орындау кезінде байқалады. Егер бұлшықет күші оның қысқаруы кезінде артатын болса, онда бұл концентрлі жиырылу, ал ұзаруы кезде бұлшықет күшінің артуы (мысалы, жүкті баяу төмендеген кезде), эксцентрлі жиырылу деп аталады.

Бұлшықеттің жиырылу түрлері

Бұлшықет жиырылуы дара және тетанусты (сіреспе) болып екіге бөлінеді. Жеке стимулмен бұлшықетті тітіркендіру кезінде бұлшықеттің дара жиырылуы келесі үш фазада жүзеге асады:

- латентті фазасы—қоздырғыштың әрекетінен басталып, қысқару басталғанға дейін.

- жиырылу фазасы — қысқару басталғаннан ең жоғарғы мәнге дейін;

- босаңсу фазасы — ең жоғарғы мәннен созылу басталуына дейін;

8. Тексеру жұмысы.

Оқушылар толық жауапты талап ететін сұраққа жазбаша жауап береді: бұлшықет жиырылу механизмін түсіндіреді.

Бағалау критерийі:

1. Бұлшықеттің жиырылу механизмі кезеңдерінің реттілігі көрсетілген.

2. Актин мен миозин талшықтарының рөлі сипатталған.

3. Бұлшықеттің жиырылу типтері мен түрлері көрсетілген.

Видео «Бұлшықеттің жиырылуы»

https://www.youtube.com/watch?v=jCIBcHGg4k0

Қосымша 2

Қосымша 3

Оқу

таныстырылымы

Кері байланыс

78-80

Мұғалімнің сұрақтары арқылы кері байланыс жүзеге асырылады:

1. Тапсырма орындаудың қайсы қезеңінде қиындық болды?

2. Келесі сабақта сізге мұғалімнің қандай көмегі қажет болуы мүмкін?

Стикерлер

ДифференциацияСіз қалайша көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында Сіз қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарламақшысыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы

Ой шақыру кезеңінде оқушылар жақын арада даму аймағын анықтайды.

Мағынаны тану кезеңінде оқушыларға дифференциация ұсыну мақсатымен бірнеше ақпарат түрлері беріледі:

аудиальды, визуальды.

Сабақ басталғанда оқушылардың жақын арада даму аймағы суретте берілген бөліктерді атауларымен сәйкестендіру арқылы анықталады. Бағалау парағы мақсатқа жеткендігі мен деңгейі анықтауға мүмкіндік береді.

Микроскоппен жұмыс істегенде ҚТ сақтау

Қосымша 1

Қосымша 2

«Реттілігін тап!» тапсырмасы. Төменде бұлшықет жиырылуының басталуы мен оның жүзеге асуы барысындағы кезеңдер берілген. Кезеңдердің логикалық реттілігін анықтаңыз.

1. Әрекет потенциалы бұлшықет мембранасын деполяризациялайды, нәтижесінде пайда болған электр тізбегі бұлшықет талшығының ортасы арқылы өтеді. Бұл саркоплазмалық ретикулумда сақталатын кальций иондарының көп мөлшерде бөлуіне әсер етеді.

2. Әрекет потенциалы жүйке талшығының бойымен бұлшықет талшығының ұшына дейін таралады.

3. Әрбір жүйке ұштары нейромедиатор ацетилхолинін бөледі.

4. Секундтың бір бөлігінде саркоплазмалық ретикулум мембранасындағы кальций сорғысы көмегімен кальций иондары қайта сорылып, жаңа əрекет потенциалы пайда болғанға дейін рентикулумда қалады. Бұлшықет талшығынан кальций иондарының шығарылуы бұлшықет жиырылуын тоқтатады.

5. Мембранада орналасқан нәруыздар арасындағы қуыстардан өтіп, ацетилхолинмен басқарылатын көптеген каналдар ашылады да ацетилхолин бұлшықет талшығы мембранасының шектеулі аймағына әсер етеді.

6. Кальций иондары актин мен миозин жіпшелерінің өзара ұстасуына бастама күш береді, бір-біріне қатысты сырғып бұлшықет жиырылуының негізгі процесін түзеді.

7. Ацетилхолинмен басқарылатын көптеген каналдардың ашылуы бұлшықет талшығы ішіне натрий иондарының көп мөлшерде өтуіне мүмкіндік береді, бұл мембранада әрекет потенциалы пайда болуына әкеледі.

8. Әрекет потенциалы бұлшықет талшығы мембранасы, сондай-ақ жүйке талшығы мембранасы бойымен де өтеді.

Дұрыс жауаптар:

Қосымша 3

Қасиеті

Қаңқа бұлшықеті

Деполяризация жылдамдығы

Тістесу қезеңі

Жиырылу сипаты

Энергия шығындалуы

Ырғақтылығы

Автоматтылығы

Өткізгіштігі

Иннервациясы

Әрекеттің жүзеге асуы

Химиялық заттарға сезімталдығы

Саралану мен бөлінуге қабілеті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу