Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4 C Қозғалыс | Мектеп: | |||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмі | |||||||||||||||||||||
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары | Бұлшықет талшықтарының жиырылыу механизмін түсіндіру | |||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: Бұлшықет ұлпаларының құрылымдық және қызметтің ерекшеліктерін сипаттай алады; Оқушылардың көпшілігі: Бұлшықет ұлпаларының қасиеттерін түсіндіре алады; Кейбір оқушылар: Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмін түсіндіре алады. | |||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері |
| |||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар: Терминологияны пайдалана отырып, бұлшықет талышқтарының жиырылу механизмін ауызша және жазбаша сипаттай алады. Пән лексикасы және терминология: көлденең жолақты бұлшықет, бұлшық ет талшықтары, ультрақұрылым, көпядролы, митохондрия, Миофибрилла құрылымы: актин/жіңішке жіпшелер/, миозин /жуан жіпшелер/, /зоналар, дискі /, саркомер, сарколемма саркоплазма, саркоплазматикалық ретикулум, көлденең (T) канал, тропонин,тропомиозин. Диалог құруға/жазылымға қажетті пайдалы сөздер топтамасы: X ... бұлшықетті талшық түзеді. У ........миофибрилла құрамына кіреді. Ақшыл/күңгірт филамент аталады........... Кальций ионы жинақталады........ Тропомиозиннің конформациясының өзгерісі белсенді орталықтарды ашады... . | |||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Мәңгілік ел құндылығы: «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» Білімберу құндылығы: «Ашықтық» | |||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика: ағзаның қозғалуы | |||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылар интернет ресурстарды пайдаланады | |||||||||||||||||||||
Алдын-ала білімдер | Қозғалыс (7, 8, 9 сынып) | |||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жұмыс | Ресурстар | ||||||||||||||||||||
0 - 8 мин 9-25 мин 26-35 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Тақтада әр түрлі бұлшықет ұлпаларының суреттері бейнеленген слайд көрсетіледі. Сол арқылы оқушылар тақырыпты анықтайды. Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және жетістік критерийімен таныстыру. Тапсырма 1. Топтық жұмыс: Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша постерде жұмыс жасайды. Бұлшықет ұлпаларының құрылыс ерекшелігін өзге топтарға түсіндіреді. 1 – топ: Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасының құрылымы 2 – топ: Көлденең –жолақты бұлшықет ұлпасының құрылымы 3 – топ: Жүрек бұлшықеті ұлпасының құрылымы Жұмыс өзара бағалау әдісі арқылы бағаланады. Тапсырма 2. Кестені толтырыңыз.
Оқушылар бұлшықет ұлпаларының негізгі құрам бөліктеріне байланысты кесте толтырады, сонан соң жұпта бірін-бірі бағалайды. | Бұлшықет құрылымы: https://www.youtube.com/watch?v=jBJ-M4vBxkE Бұлшықет ұлпалары туралы ақпарат: http://www.sportmassag.ru/1/page6174.html | ||||||||||||||||||||
36-40 мин | Сабақты бекітуге арналған сұрақтар: 1.Түсіндіріңіз, бұлшықет ұлпаларының қандай қасиеттерін білесіз? (қозғыштық, өткізгіштік, жиырылғыштық). 2. Актин мен миозиннің айырмашылығы неде? 3. Эпимизий, перимизий, эндомизийдің негізгі қызметтері неде? | |||||||||||||||||||||
0 – 3 мин 4 – 14 минут 15 – 25 мин 25 – 35 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға «Бұлшықет ұлпаларының жиырылу механизмі» бейнеролигін ұсынылады. Содан соң тақырыптың мақсаты анықталады. Мұғалім түсіндірмесі. Тапсырма 1. Суретті пайдалана отырып мына төмендегі жағдайларды анықтаңыз: а) Саркомердің жиырылу және босаңсу жағдайларын анықтау; b) Саркомердің 1-4 сандармен көрсетілген құрылымдық бірліктерін атау; с) Актин мен миозин нәруыздарын және миозинді көпіршенің түзілген орнын көрсету . Тапсырма 2. Суретті пайдалана отырып І, А аймақтары мен Z дискісінің орналасуы мен атқаратын қызметтерін атаңыз. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз: 1.Саркомердің жиырылуы кезінде А аймағының ені қалай өзгереді? 2.Көлденең Т-түтікщенің қызметі неде? 3. Бұлшықет ұлпаларының жиырылуында саркоплазматикалық ретикулумның маңызы қандай? | Бұлшықет ұлпаларының жиырылу механизмі: https://www.youtube.com/watch?v=ZiSBAcHLWjU Презентация Слайд 12-26 Слайд - 28 Слайд -29 | ||||||||||||||||||||
36-40 минут | Сабақты бекіту. Үйге тапсырма: Бұлшықет талышқтарының жиырылу механизмі. Рефлексия. | |||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз қалайша көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында Сіз қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарламақшысыз? | Пәнаралық байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелейтін элемент) | ||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: бұлшықет ұлпаларының негізгі компоненттерін біледі, өз білімін бұлшықет ұлпаларының компоненттерін анықтау кезінде қолданады; Оқушылардың көпшілігі: бұлшықет талшықтарының жиырылуға қатысатын аймақтарын ажырата алады; Кей оқушылар Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизміне қатысатын компоненттерді толық атайды. |
| |||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сыныпта қандай атмосфера болды? Мен жүргізген дифференциация іске асты ма? Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)? 1: 2: Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім? | ||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру