Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттері. Актинге қатысты қаңқа бұлшықет ұлпаларының типтері. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім: Қозғалыс

Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы

Мұғалім: Бекназарова Б.О.

Сынып: 10 Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттері. Актинге қатысты қаңқа бұлшықет ұлпаларының типтері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.6.3. жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттері, орналасуы және олардың құрылымдық байланысын орнату

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Жылдам және баяу бұлшықет талшықтарының құрылымы, қозғалысы мен жалпы қасиеттерінің байланысын орнатады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Бұлшықет жиырылуының кезеңдерін сипаттайды. Суреттерге жазбаша сипаттама береді. Бұлшықет жиырылуының механизмін ауызша және жазбаша түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Көлденең жолақты, бұлшық ет, қаңқалық, миоцит, ультрақұрылым, көпядролы, синцитий, миофибрила, актин, миозин, саркомер, сарколемма саркоплазма, саркоплазматикалық ретикулум, митохондрий, көлденең (T) канал, тропонин, тропомиоцин, жүйке-бұлшық ет қосылысы, І топ, А топ, Н зонасы, Z дискі, М линия, құрылым, қызметі, қасиеттері

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

X көп жағдайда аталады

  жіктеледі

  қоршалған

  құралады

жабысатындай етіп орналасқан

Бұл бөлік қалай аталады? Бұл Х

Х қандай функцияны атқарады?

 Ба5алау критерийлері

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:

  • Бұлшықет жиырылуының кезеңдерін сипаттау;
  • Бұлшықет жиырылуының механизмін түсіндіру.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы оқу, академиялық шындық, өзіне және өзгелерге құрмет, ашықтық.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақ академиялық шындық, ынтымақтастық және топта жұмыс жасай білу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағытталған.

АКТ қолдану дағдылары

Физика: сырғу және тежелуді талқылаған кезде

Бастапқы білім

8-9-сыныпта өтілген тірек-қимыл аппаратын зерделеу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

1. Ой шақыру. Оқушыларға белсенді жүгіру мен тынығу туралы бейнеролик көруге ұсынылады. Әңгіме жүргізіледі. Оқушылардан жүгіргенде, ал адам тұрғанда немесе отырғанда, тынығу кезінде қандай бұлшықеттер қатысатынын түсіндіруді сұрайды. Мұғалім жылдам және баяу бұлшықет талшықтары туралы, олар дененің қандай белсенділігіне жауап беретінін хабарлайды

.2. Сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады, оқушылар сабақ мақсаты на жету үшін жетістік критерийлері қалыптастырылады.

видеодан үзінді

https://www.youtube.com/watch?v=HzOjDb4wdb0

Мағынаны тану

8-15

15-20

20-30

30-50

50-65

65-75

3. Жаңа тақырыпты меңгеру Н.Е.Веракстің позитивтік үлгісі негізінде жүреді.

3.1. Дайындық кезеңі

Оқушыларға кесте және мәтін түріндегі оқу материалы беріледі, олар оқып, талдау жасайды. Талдау үдерісінде олар жұмыс дәптеріне түртіп отырады. Аталған кезеңде мәтін мазмұны бойынша топтық пікір-таласты басқаруға дайындық жүргізіледі.

3.2. Ұйымдастыру кезеңі:

● оқушыларды топқа бөлу,

● топтар арасында позитивтік рөлдерді бөлу: «тезис», «ұғым», «схема», «оппозиция», «апологет», «әдіс», «ассоциация», «символ» және оқылатын материалға қарай т.б. Ойталқыға салатын мәтіннің шығармашылық интерпретациясы үшін «поэзия», «театр» позициясын қосуға болады.

3.3 Позитивтік оқу:

● топ мәтінді өз позитивтік рөлі бойынша оқиды,

● «позицияны» жасап шығарады: мазмұн және оны көрсету жолдары;

4.3 Басқа қатысушыларға өз позициясын топпен көрсету және сол позицияны «қорғау»:

● әрбір топ түгел аудитория алдына шығады және өз позициясын негіздейді, мысалмен келтіреді, қорғайды,

● топ оқушылар мен мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

4. Әртүрлі саралау тәсілдерді есепке алып білімді тексеру.

Қосымша №1

Биология

2 том 389 бет

Д.Тейлор

Н.Грин

У.Стаут

Жылдам және баяу бұлшықет талшықтары

мәтіні орыс тілінен қазақ тіліне аударылған

Қосымша №2

Рефлексия

3 минут

75-80

Сабақтың мақсатына оралу

Рефлексия мұғалімнің сұрақтары негізінде жүзеге асырылады:

  • Жұмыстың қай кезеңі қиын болды?
  • Келесі сабақта сіздерге мұғалімнен қандай көмек керек болуы мүмкін?

стикер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ой шақыру кезеңінде оқушылар неғұрлым терең білімдерін немесе олардың болмауын көрсете отырып, жақын даму аймағын анықтайды. Мағына беру кезеңінде саралау мақсатында оқушыларға позициялық оқу ұсынылады.

Оқушының жеке ойын жеткізе алуы, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ұсынуын бағалау

Оқушылардың мәтінмен жұмыс барысын мұғалім бағалайды;

Бекіту (есептер шығару) мен оқушылармен диалог кезінде мұғалімнің аралық бағалау жүргізеді

Қорытынды жазбаша бағалау

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Қауіпсіздік техникасы ережелеріне кіріспе нұсқаулық

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша №1

Биология (2 том 389-391 бет)

Автор: Д.Тейлор .,Н.Грин., У.Стаут

Жылдам және баяу бұлшықет талшықтары мәтіні орыс тілінен қазақ тіліне аударылған

 

 Баяу және жылдам бұлшықет талшықтары

 Қаңқа бұлшықет талшықтарының екі типі ерекшеленеді, олардың әрқайсысының өзіндік физиологиялық ерекшеліктері болады. Бұл баяу (тоникалық) және жылдам (фазикалық) бұлшықет талшықтары. Кейбір бұлшықеттерде тек қана жылдам немесе тек қана баяу талшықтар, ал кейбіреуінде белгілі бір ара қатыста екі бұлшықет типі де кездесуі мүмкін.

 Осы екі типтің талшықтарының арқасында организм жылжып, белгілі бір дене қалпын сақтай алады. Жылдам талшықтар бұлшықетке жоғары жылдамдықпен қысқаруға мүмкіндік береді. Бұл талшықтар жыртқыштарда үлкен мөлшерде кездеседі; олар жемтігін аулауда жылдам әрекет етуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жыртқыштардың жемтігі болмас үшін потенциалдық олжа да жылдам әрекет етуге қабілетті болу керек. Екі жағдайда да жануардың тірі қалу мүмкіндігі оның жылдамдығына байланысты болатыны белгілі.

 Жануар тыныштықта жатқанда ол тоникалық бұлшықет талшықтарының көмегімен белгілі бір қалыпты ұстап тұрады. Оларға баяу және ұзақ қысқару тән, дегенмен мұндайда жылдам талшықтарға қарағанда энергетикалық шығындар азаяды.

 Адамдарда дененің барлық бұлшықеттері осы екі типті талшықтардан тұрады, бірақ әдетте оның біреуі басым болады. Мұның физиологиялық мәні бар, себебі тоникалық талшықтар баяу және ұзақ қысқаруға қабілетті, сәйкесінше олар жазылу бұлшықеттерінде көп болса, жылдам әрекет етуге арналған бүгілу бұлшықеттерінде фазикалық талшықтар басым болып келеді.

 Жылдам бұлшықет талшықтары ақ деп те аталады: оларда оттегіні байланыстыратын қызыл пигмент миоглобин салыстырмалы түрде аз болып табылады. Баяу талшықтарда олар сәл көбірек және оларды қызыл деп атайды.

 

 

 Баяу және жылдам бұлшықет талшықтарының құрылымы, қозғалысы және ортақ қасиеттері

 

 

 Баяу (тоникалық) талшықтар

 Жылдам (фазикалық) талшықтар

 Құрылымы

 Митохондрия көп

 Саркоплазматикалық ретикулум әлсіз дамыған

 Қызыл түсті болуы – миоглобин мен цитохромды пигменттің бар болуынан

 Гликогеннің құрамы көп емес

Зат алмасуды жылдамдату үшін талшықтардың капиллярлармен тығыз байланыста болуы

 Митохондрия аз

 Саркоплазматикалық ретикулум жақсы дамыған

 Ақ түсті болуы – миоглобин мен цитохромды пигменттер аз немесе мүлде жоқ

 Гликогенді гранулдардың мол болуы

 Орналасуы

 Аяқ, қол бұлшықеттерінің тереңгі қабатында

 Сыртқы бетке жақын

 Иннервация

 Жіңішке жүйке талшықтар (диаметрде 5 мкм)

 Бір бұлшықет талшығында бірнеше шеткі пластинкалар бар (бұл мультитерминальды иннервация деп аталады). Импульсті жүргізу жылдамдығы 2-8 м·с-1

 Қалың жүйке талшықтары диаметрде 10-20 мкм.

 Әдетте бір бұлшықет талшығында бір шеткі пластинка бар (екі де болуы мүмкін).

 Жүргізу жылдамдығы 8-40 м·с-1

 Тітіркендіргіштік

 Мембрана электрлік қозғыштыққа ие емес. Әрбір импульс тек азғантай мөлшердегі ацетилхолинның босап шығуына ғана әкеледі. Осылайша мембрананың деполяризациясының дәрежесі тітіркендіргіштер түсуінің жиілігіне байланысты болады.

 Мембрана электрлік тітіркендіргішке ие.

 Жауап типі

 Баяу градуальді қысқару

 

 

 Баяу босаңсу (жылдам талшықтарға қарағанда шамамен 100 есе баяуырақ)

 Жылдам қысқару (баяу талшықтарға қарағанда 3 есе жылдамырақ)

 Өте жылдам шаршау

 Физиологиялық белсенділігі

 АТФ көзі – аэробты тынысалу

 О2 жетіспегенде көптеген талшықтар анаэробты гликолиз есебінен жұмыс істеуін жалғастырады; бұл жағдайда сүт қышқылы түзіліп, оттегі тапшылығы пайда болады..

 Тынысалу субстраттың қышқылдануы бойынша көмірсулар немесе липидтердің қоры жылдам кіріседі.

 Жылу бұлшықеттен оның өндіруіне байланысты бөлінеді

 

 Жұмыс істеп тұрған бұлшықет пен тыныштық күйдегі бұлшықеттің қажеттіліктері арасында тепе-теңдік орнатылады

 АТФ көзі –анаэробты процестер (гликолиз).

 Оттегі тапшылығы жылдам пайда болады.

 

 

 

 

 

 Тынысалу субстраты ретінде қарқынды түрде гликоген қолданылады.

 

 

 Жылу талшықтармен жұтылады, себебі қан тамырлар жүйесі оның жылдам бөліп беруін қамтамасыз етпейді.

 Қан тамырлар жүйесі оттегінің қосымша жеткізуін қамтамасыз етпей жатқанда да бұлшықет шамалы уақыт жиырылады

 Қызметі

 Бұлшықеттің ұзақ уақыт жиырылуын қамтамасыз етеді; бұл белгілі бір қалыпты ұстап тұру үшін қолданылады.

 Қан тамырлар жүйесі бұлшықет белсенділігінің жаңа деңгейіне әлі икемделіп жатқанда тез жылдам жиырылуды қамтамасыз етеді; сондықтан қозғалыс кезінде өте қажет.

Қосымша 2

Тапсырмалар

 

 

 Баяу (тоникалық) талшықтар

 Жылдам (фазикалық) талшықтар

 Құрылымы

 

 

 Орналасуы

 

 

 Иннервация

 

 

 Тітіркендіргіштік

 

 

 Жауап типі

 

 

 Физиологиялық белсенділігі

 

 

 Қызметі

 

 

Қосымша 2

Тапсырмалар

 

 

 Баяу (тоникалық) талшықтар

 Жылдам (фазикалық) талшықтар

Құрылымы

 

 Митохондрия аз

 Саркоплазматикалық ретикулум жақсы дамыған

 Ақ түсті болуы – миоглобин мен цитохромды пигменттер аз немесе мүлде жоқ

 Гликогенді гранулдардың мол болуы

Орналасуы

 

 Сыртқы бетке жақын

Иннервация

 

 Қалың жүйке талшықтары диаметрде 10-20 мкм.

 Әдетте бір бұлшықет талшығында бір шеткі пластинка бар (екі де болуы мүмкін).

 Жүргізу жылдамдығы 8-40 м·с-1

Тітіркендіргіштік

 

 Мембрана электрлік тітіркендіргішке ие.

Жауап типі

 

 Жылдам қысқару (баяу талшықтарға қарағанда 3 есе жылдамырақ)

 Өте жылдам шаршау

Физиологиялық белсенділігі

 

 АТФ көзі –анаэробты процестер (гликолиз).

 Оттегі тапшылығы жылдам пайда болады.

 

 

 

 

 

 Тынысалу субстраты ретінде қарқынды түрде гликоген қолданылады.

 

 

 Жылу талшықтармен жұтылады, себебі қан тамырлар жүйесі оның жылдам бөліп беруін қамтамасыз етпейді.

 Қан тамырлар жүйесі оттегінің қосымша жеткізуін қамтамасыз етпей жатқанда да бұлшықет шамалы уақыт жиырылады

Қызметі

 

 Қан тамырлар жүйесі бұлшықет белсенділігінің жаңа деңгейіне әлі икемделіп жатқанда тез жылдам жиырылуды қамтамасыз етеді; сондықтан қозғалыс кезінде өте қажет.

Қосымша 2

Тапсырмалар

 

 

 Баяу (тоникалық) талшықтар

 Жылдам (фазикалық) талшықтар

Құрылымы

 Митохондрия аз

 Саркоплазматикалық ретикулум жақсы дамыған

 Ақтар – миоглобин мен цитохромды пигменттер аз немесе мүлде жоқ

 Гликогенді гранулдардың мол болуы

Орналасуы

 Аяқ, қол бұлшықеттерінің тереңгі қабатында

 АТФ көзі –анаэробты процестер (гликолиз).

 Оттегі тапшылығы жылдам пайда болады.

 

Иннервация

 

 Қалың жүйке талшықтары диаметрде 10-20 мкм.

 Әдетте бір бұлшықет талшығында бір шеткі пластинка (екі де болуы мүмкін).

 Жүргізу жылдамдығы 8-40 м·с-1

Тітіркендіргіштік

 Мембрана электрлік қозғыштыққа ие емес. Әрбір импульс тек азғантай мөлшердегі ацетилхолинның босап шығуына ғана әкеледі. Осылайша мембрананың деполяризациясының дәрежесі тітіркендіргіштер түсуінің жиілігіне байланысты болады.

 

Жауап типі

 

 Жылдам қысқару (баяу талшықтарға қарағанда 3 есе жылдамырақ)

 Өте жылдам шаршау

Физиологиялық белсенділігі

 АТФ көзі – аэробты тынысалу

 О2 жетіспегенде көптеген талшықтар анаэробты гликолиз есебінен жұмыс істеуін жалғастырады; бұл жағдайда сүт қышқылы түзіліп, оттегі тапшылығы пайда болады..

 Тынысалу субстраттың қышқылдануы бойынша көмірсулар немесе липидтердің қоры жылдам кіріседі.

 Жылу бұлшықеттен оның өндіруіне байланысты бөлінеді

 

 Жұмыс істеп тұрған бұлшықет пен тыныштық күйдегі бұлшықеттің қажеттіліктері арасында тепе-теңдік орнатылады

 

Қызметі

 

 Қан тамырлар жүйесі бұлшықет белсенділігінің жаңа деңгейіне әлі икемделіп жатқанда тез жылдам жиырылуды қамтамасыз етеді; сондықтан қозғалыс кезінде өте қажет.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу