Бұлшықет талшығының жиырылу механизмі. Биология, 10 сынып, презентация.
Оқыту мақсаты: бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіру
Бұлшықет талшығының жиырылу механизмі
Тапсырма:
көлденең жолақты бұлшықеттің негізгі бөліктерін белгілеңіз
Бұлшықет жиырылуының
8 кезеңін сызбамен көрсету
Болжамға арналған тапсырма
Сабақ мақсаты:
миофибрилла құрылымын зерттеу және сипаттау;
бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіру.
Көрген ақпаратты талдау
«Бұлшықеттің жиырылуы»
https://www.youtube.com/watch?v=jCIBcHGg4k0
«Реттілігін тап!» тапсырмасы
1. Әрекет потенциалы бұлшықет мембранасын деполяризациялайды, нәтижесінде пайда болған электр тізбегі бұлшықет талшығының ортасы арқылы өтеді. Бұл саркоплазмалық ретикулумда сақталатын кальций иондарының көп мөлшерде бөлуіне әсер етеді.
2. Әрекет потенциалы жүйке талшығының бойымен бұлшықет талшығының ұшына дейін таралады.
3. Әрбір жүйке ұштары нейромедиатор ацетилхолинін бөледі.
4. Секундтың бір бөлігінде саркоплазмалық ретикулум мембранасындағы кальций сорғысы көмегімен кальций иондары қайта сорылып, жаңа əрекет потенциалы пайда болғанға дейін рентикулумда қалады. Бұлшықет талшығынан кальций иондарының шығарылуы бұлшықет жиырылуын тоқтатады.
5. Мембранада орналасқан нәруыздар арасындағы қуыстардан өтіп, ацетилхолинмен басқарылатын көптеген каналдар ашылады да ацетилхолин бұлшықет талшығы мембранасының шектеулі аймағына әсер етеді.
6. Кальций иондары актин мен миозин жіпшелерінің өзара ұстасуына бастама күш береді, бір-біріне қатысты сырғып бұлшықет жиырылуының негізгі процесін түзеді.
7. Ацетилхолинмен басқарылатын көптеген каналдардың ашылуы бұлшықет талшығы ішіне натрий иондарының көп мөлшерде өтуіне мүмкіндік береді, бұл мембранада әрекет потенциалы пайда болуына әкеледі.
8. Әрекет потенциалы бұлшықет талшығы мембранасы, сондай-ақ жүйке талшығы мембранасы бойымен де өтеді.
Дұрыс реттілігі
1. Әрекет потенциалы жүйке талшығының бойымен бұлшықет талшығының ұшына дейін таралады.
2. Әрбір жүйке ұштары нейромедиатор ацетилхолинін бөледі.
3. Мембранада орналасқан нәруыздар арасындағы қуыстардан өтіп, ацетилхолинмен басқарылатын көптеген каналдар ашылады да ацетилхолин бұлшықет талшығы мембранасының шектеулі аймағына әсер етеді.
4. Ацетилхолинмен басқарылатын көптеген каналдардың ашылуы бұлшықет талшығы ішіне натрий иондарының көп мөлшерде өтуіне мүмкіндік береді, бұл мембранада әрекет потенциалы пайда болуына әкеледі.
5. Әрекет потенциалы бұлшықет талшығы мембранасы, сондай-ақ жүйке талшығы мембранасы бойымен де өтеді.
6. Әрекет потенциалы бұлшықет мембранасын деполяризациялайды, нәтижесінде пайда болған электр тізбегі бұлшықет талшығының ортасы арқылы өтеді. Бұл саркоплазмалық ретикулумда сақталатын кальций иондарының көп мөлшерде бөлуіне әсер етеді.
7. Кальций иондары актин мен миозин жіпшелерінің өзара ұстасуына бастама күш береді, бір-біріне қатысты сырғып бұлшықет жиырылуының негізгі процесін түзеді.
8. Секундтың бір бөлігінде саркоплазмалық ретикулум мембранасындағы кальций сорғысы көмегімен кальций иондары қайта сорылып, жаңа əрекет потенциалы пайда болғанға дейін рентикулумда қалады. Бұлшықет талшығынан кальций иондарының шығарылуы бұлшықет жиырылуын тоқтатады.
Көлденең жолақты бұлшықеттің жиырылуына байланысты ерекшеліктерін анықтау
Жауап
Бұлшықет жиырылуының типтері
Изотониялық (грек тілінде isos — бірдей, тең, tonos — ширығу, деген мағына) жиырылу (ширықпай жиырылу) кезінде ет талшықтарының ширығу деңгейі өзгермей, тек оның үзындығы қысқарады. Тэжірибе жағдайында изотониялық жиырылу оқшауланған бұлшық етке аз ғана жүк іліп, электр тоғымен тітіркендірген кезде байқалады.
Изометриялық (грек тілінде isos — бірдей, mews — өлшем) жағдайында бұлшық еттің үзындығы өзгермей, тек ширығу деңгейі артады (қысқармай жиырылу). Тәжірибе жағдайында жиырылудың бұл түрі оқшауланған бұлшық етке тым ауыр жүк іліп, тітіркендіргенде байқалады. Табиғи жағдайда таза изотониялық немесе таза изометриялық жиырылулар кездеспейді.
Ауксотониялық – бұлшық еттің ширығу деңгейі мен үзындығын өзгерте жиырылуы. Мұндай жиырылу режимі адамның еңбек қызметін орындау кезінде байқалады. Егер бұлшықет күші оның қысқаруы кезінде артатын болса, онда бұл концентрлі жиырылу, ал ұзаруы кезде бұлшықет күшінің артуы (мысалы, жүкті баяу төмендеген кезде), эксцентрлі жиырылу деп аталады.
Бұлшықет жиырылуының түрлері
Бұлшықет жиырылуы дара және тетанусты (сіреспе) болып екіге бөлінеді.
Жеке стимулмен бұлшықетті тітіркендіру кезінде бұлшықеттің дара жиырылуы келесі үш фазада жүзеге асады:
- латентті фазасы—қоздырғыштың әрекетінен
басталып, қысқару басталғанға дейін.
- жиырылу фазасы (қысқару) — қысқару
басталғаннан ең жоғарғы мәнге дейін;
- босаңсу фазасы—ең жоғарғы мәннен созылу
басталуына дейін;
Тексеру жұмысы
Бұлшықет жиырылу механизмін түсіндіру
Бағалау критерийі:
1. Бұлшықеттің жиырылу механизмі кезеңдерінің реттілігі көрсетілген.
2. Актин мен миозин талшықтарының рөлі сипатталған.
3. Бұлшықеттің жиырылу типтері мен түрлері көрсетілген.
Рефлексия
1. Тапсырма орындаудың қайсы қезеңінде қиындық болды?
2. Келесі сабақта сізге мұғалімнің қандай көмегі қажет болуы мүмкін?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру